Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

В) архей, протерезой, палеозой, мезозой, кайнозой

БИОЛОГИЯ

пәнінен жоғары оқу орындарына

түсушілерге арналған тест

Тапсырмалары мен жауаптары

2-бөлім

 

 

Көкшетау


УДК 373. 167. 1

ББК 28. 0

Б 63

 

 

Б 63 Ақшалова Л. М., Федорова Т. И.

Биология пәнiнен жоғары оқу орындарына түсушiлерге арналған тест тапсырмалары мен жауаптары. 2-бөлім.
3-ші бас. өңд. – Көкшетау: Келешек–2030, 2010. – 180 б.

 

ISBN 978-601-231-121-1

 

Құралда ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес құрастырылған биология пәнi бойынша жоғары оқу орындарына түсушiлерге арналған тест тапсырмалары мен жауаптары жинақталған. Жинақтағы материал тақырыптық принципі негізіде жасалып, ҰБТ-де кездесетін ең толық тапсырма-тестілердің тізімін қамтиды.

Өткен жылдарда жиі кездескен тест тапсырмалары жұлдызшамен белгіленген және олардың жаңа тест тапсырмаларында кездесуі мүмкін.

Ұсынылып отырған нұсқа жоғарғы буын оқушыларына және мектеп, лиц ёей, гимназия түлектеріне, талапкерлер мен мұғалімдерге арналған.

 

 

УДК 373. 167. 1

ББК 28. 0

 

 

ISBN 978-601-231-121-1

 

Көшіріп басу, тираждауға тыйым салынады және ҚР заңнамасына сәйкес қудаланады. Авторлық құқықтарды бұзу туралы мәліметтерді 8(7162) 31-33-49 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз.

 

© «Келешек–2030» ЖШС, 2010


Адам – биологиялық түр ретінде.
Адам ағзасының жалпы сипаттамасы

1. Қандай ұлпалар дәнекер ұлпасына жататындығын көрсетіңіз.



А) Жүйке ұлпасы.

B) Жүректің көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы.

C) Сүйек ұлпасы.

D) Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы.

E) Без ұлпасы.

2. Қандай ұлпа адамның тірек-қимыл жүйесін құрайтынын көрсетіңіз.

А) Шеміршекті ұлпа.

B) Борпылдақ талшықты ұлпасы.

C) Қан.

D) Жүйке ұлпасы.

E) Көп қабатты эпителий ұлпасы.

3. Бұлшық ет ұлпаларының қайсысы ішкі мүшелерінің құрамына енетіндігін көрсетіңіз.

А) Қаңқа бұлшық еті.

B) Көлденең жолақ бұлшық еті.

C) Бірыңғай салалы бұлшық ет.

D) Ұзын және жіңішке бұлшық еттер.

E) Жүрек бұлшық еті.

4. Адам ағзасындағы ұлпалар қанша топтан тұратынын көрсетіңіз.

А) 10. D) 4.

B) 3. E) 7.

C) 5.

5. Эпителий ұлпасының құрамына кіреді:

А) лимфоциттер. D) эритроциттер.

B) лейкоциттер. E) безді жасушалар.

C) нейрондар.

6. Адамның құрсақ және кеуде қуысын бөліп тұрған бұлшық етті көрсетіңіз.

А) Кеуде. D) Бет.

В) Құрсақ. Е) Жақ.

С) Диафрагма.

7. Ішкі мүшелердің қозғалысын қамтамасыз ететін бұлшық етті көрсетіңіз.

А) Бірыңғай салалы бұлшық ет.

В) Жүйке. D) Дәнекер.

С) Эпителий. Е) Көлденең-жолақты бұлшық ет.

 

1 C 2 A 3 C 4 D 5 E 6 C 7 A

8. Қорғаныштық қызмет атқарады:

А) эпителий ұлпасы. D) безді ұлпасы.

B) дәнекер ұлпасы. E) жүйке ұлпасы.

C) бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы.

9. Қай ұлпаның қатысуымен ағзаның гуморальдық реттелуі жүзеге асатындығын көрсетіңіз.

А) Жүйке ұлпасы.

B) Дәнекер.

C) Көлденең салалы бұлшық ет.

D) Бірыңғай бұлшық ет ұлпасы.

E) Эпителий.

10. Гомеостаз дегеніміз:

А) ағзаның өмір-тіршілігінің жалпы жағдайы.

B) реттеу жүйелерінің әсерін қоштай отырып, табиғи жүйенің динамикалық тепе-теңдігінің сақталуы.

C) еру арқылы жасушалардың бұзылу үдерісі.

D) жасушадағы органикалық заттардың тотығу үдерісі.

E) ағза қызметінің жоғары белсенділігі.

11. Ағзаның гуморальдық реттелу қызметі дегеніміз:

А) өздігінен реттелу.

B) қан арқылы жеткізілетін медиатор, иондар және гормондар есебінен реттелуі.

C) ақуыз және басқа заттардың қорытылу есебінен.

D) тыныс алу орталығының қозып, жасушаларда қозу толқынының тууынан.

E) рефлекторлы түрде жүреді.

12. Мүшелер жүйесі дегеніміз:

А) қатарлас орналасқан мүшелер тобы.

В) бірдей қызмет атқаратын мүшелер тобы.

С) жалпы қызметті атқаратын мүшелер тобы.

D) ретімен орналасқан мүшелер тобы.

Е) пайдалы нәтижелер жетістіктері үшін топтастырылған мүшелер тобы.

13. *Адам көңіл-күйін білдіретін бұлшық ет:

А) бет.

В) жүрек.

С) қабырғааралық.

D) көлденең жолақты.

Е) қаңқа.

 

 

8 A 9 B 10 B 11 B 12 C 13 A

14. *Зиянды дағдылар әкеп соғады:

A) жоғары тіршілік жағдайына.

B) физиологиялық үдерістердің қалыпты ағысына.

C) психикалық үдерістің қалыпты жүруіне.

D) аурулардың ұлғаюына.

E) аурулардың азаюына.

15. *Бездерді түзетін ұлпалар:

А) эпителий. D) бұлшық ет.

В) май. Е) дәнекер.

С) жүйке.

16. *Тік жүретін адам:

A) дриопитек. D) неандерталдық.

B) кроманьондық. Е) австралопитек.

С) питекантроп.

17. *Ақылды адам:

А) австралопитек. D) дриопитек.

В) неандерталдық. Е) парапитек.

С) питекантроп.

18. *Еуропеоидтық нәсілге тән белгі:

A) көзінің қоңыр түсі.

B) кең жалпақ мұрын.

C) терісінің қара түсі.

D) ұзынша келген шығыңқы мұрын.

Е) шашының қара түсі.

19. *Адамға қарағанда маймылда күшті дамыған:

A) бас бармағы.

B) бас сүйегінің ми бөлімі.

C) иек бөлімі.

D) жақ сүйектері.

E) үлкен жарты шары.

20. *Адам денесінің құрылысы, мүшелері, ұлпасы, жасушаларын зерттейтін ғылым саласы қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) Гигиена. D) Анатомия.

B) Медицина. Е) Санитария.

C) Физиология.

21. *Эпителий түзеді:

A) шеміршекті. D) сопақша миды.

B) сүйекті. Е) бұлшық етті.

С) дене жабынын.

 

14 D 15 A 16 C 17 A 18 D 19 D 20 D 21 C

22. *Осы заманғы адамдар:

А) синантроп. D) питекантроп.

В) кроманьондық. Е) неандерталдық.

C) австралопитек.

23. Адамды жануарлардан ерекшелейтін белгі:

A) бірінші сигналдық жүйе.

В) екінші сигналдық жүйе.

С) шартты рефлекстер.

D) шартсыз рефлекстер.

Е) мінез-құлықтық әрекеттер.

24. *Ет талшықтарынан тұратын, көпядролы талшықтардан түзілген ұлпа:

A) дәнекер. D) тірек.

B) эпителий. Е) бұлшық ет.

C) жүйке.

 

Жүйке жүйесі

 

1. Мидың қай бөлігі қимыл әрекетін реттейтінін көрсетіңіз.

А) Орталық ми. D) Мишық.

B) Аралық ми. Е) Көпір.

С) Сопақша ми.

2. Үштік жүйке қоздырады:

А) мойын бұлшық етін. D) шайнау бұлшық етін.

B) тіл бұлшық етін. E) көз бұлшық етін.

C) ымдау бұлшық етін.

3. Қызметіне қарай жүйке жүйесінің бөлінуі:

А) соматикалық және вегетативті.

B) симпатикалық және парасимпатикалық.

C) орталық және симпатикалық.

D) перифериалық және соматикалық.

E) вегетативті және симпатикалық.

4. Қандай ұлпа адамның жүйке жүйесін құрайтынын көрсетіңіз.

А) Қан. D) Эпителий ұлпасы.

B) Жүйке ұлпасы. E) Дәнекер ұлпасы.

C) Май ұлпасы.

5. Қандай жасушалар жүйке ұлпасының құрамына кіретіндігін көрсетіңіз.

А) Лимфоциттер. D) Тромбоциттер.

B) Эритроциттер. E) Фагоциттер.

C) Глиальды (серік жасушалары).

 

22 B 23 B 24 E 1 D 2 D 3 A 4 B 5 C

6. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне не кіретінін көрсетіңіз.

А) Өсінді. D) Жүйке талшығы.

В) Сопақша ми. Е) Жүйке түйіндері.

С) Шеткі жүйке жүйесі.

7. Орталық жүйке жүйесінің қрамына кіреді:

А) өсінді. D) бас миы.

В) жүйке түйіндері. Е) вегетативті жүйке жүйесі.

С) шеткі жүйке жүйесі.

8. Соматикалық жүйке жүйесі реттейтін мүшелер:

А) бауыр. C) бүйрек.

B) асқазан. E) жүрек.

D) дене бұлшық еттері.

9. Ми бағанасының құрамына кіретін құрылымдық бөлік:

А) сопақша ми. D) мишық.

В) шеткі жүйке жүйесі. Е) үлкен ми сыңарлары.

С) соматикалық жүйкелер.

10. Қазіргі замандағы физиологиялық теорияға академик
И. П. Павловтың қосқан үлесі:

А) тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік құбылыстарын ашты.

B) барлық өсімдіктер мен жануарлардың біртұтастығын дәлелдеді.

C) ағза онтогенезінде олардың тарихи дамуының филогенездің жаңа жолдары салынатынын көрсетті.

D) асқазан сөлі бөлінуінің нейрогуморальдық жолмен реттелуін көрсетті.

E) жеке және тарихи дамудың бір тұтастылығын қайталайтындығын дәлелдеді.

11. Ағзаның арнаулы қызмет атқару жүйесі туралы теория жасаушы, ағзаның өзін-өзі реттеу идеясын дамытушы академик:

А) И. П. Павлов. D) И. М. Сеченов.

B) И. И. Мечников. E) Н. И. Пирогов.

C) П. К. Анохин.

12. 1862 жылы И. М. Сеченов қандай ірі жаңалық ашқанын көрсетіңіз.

А) жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегінің бір екендігі.

B) асқазандағы сөлдің бөлінуіндегі нейрогуморальдық реттеудің маңызы.

C) вирустардың ашылуы.

D) орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежеуді ашты.

E) жоғары дәрежелі жүйке қызметінің жалпы теориясының негізін салды.

 

6 B 7 D 8 D 9 A 10 D 11 C 12 D

13. И. П. Павловты әлемге әйгілі еткен еңбегі не туралы екендігін көрсетіңіз.

А) Бүкіл жер шары тірі ағзаларының біртұтастығы.

B) Жануарлар мен адамның шартты рефлекстерінің қызметі.

C) Адамдағы иммунитеттің қалыптасуы.

D) Адамдағы тұқым қуалайтын өзгергіштік.

E) Ақыл-естің физиологиялық табиғаты.

14. Адамнан әр түрлі қашықтықта тұрған заттың кескінін көздің қандай құрылымы ажырата алатынын көрсетіңіз.

А) Қасаң қабықша. D) Көз бұршағы.

B) Тор қабықша. E) Нұрлы қабықша.

C) Шыны тәрізді дене.

15. Көздің қандай мөлдір бөлігі көру бұршағының сыртына орналасып, оны қорғап тұратынын көрсетіңіз.

А) Қасаң қабықша. D) Нұрлы қабықша.

B) Тор қабықша. E) Тамырлы қабықша.

C) Шыны тәрізді дене.

16. Көз алмасының қандай бөлігін іркілдеген мөлдір, түссіз зат толтырып тұратынын көрсетіңіз.

А) Қасаң қабықша. D) Көз бұршағы.

B) Тор қабықша. E) Нұрлы қабықша.

C) Шыны тәрізді дене.

17. Көру мүшесінің көмекші бөлігіне жатады:

А) қасаң қабықша. D) көз бұршағы.

B) қабақ. E) тор қабықша.

C) шыны тәрізді дене.

18. Фоторецепторлық жасушалар қайда орналасқандығын көрсетіңіз.

А) қасаң қабықшада. D) көз бұршағында.

В) тор қабықшада. Е) тамырлы қабықшада.

С) шыны тәрізді денеде.

19. Есту сүйектеріне қандай сүйектер жататындығын көрсетіңіз.

А) Бұғана. D) Жақ және төбе сүйектері.

B) Самай сүйегі. E) Иірім түтігі.

C) Балғашық, төс, үзеңгі.

20. Есту мүшесінің қандай қуысы сұйықтықпен толтырылғандығын көрсетіңіз.

А) Құлақ қалқаны. D) Сыртқы құлақ қуысы.

B) Ішкі құлақ. E) Самай сүйегіндегі қуыс.

C) Ортаңғы құлақ қуысы.

 

 

13 B 14 D 15 A 16 C 17 B 18 B 19 C 20 B

21. Ортаңғы құлақтың қуысы дыбыс аңқасымен не арқылы жалғасатынын көрсетіңіз.

А) Кортиев мүшесі. D) Доға қуыстары.

B) Есту түтігі (евстахиев). E) Дыбыс сүйектері.

C) Дабыл жарғағы.

22. Түсті ажырата алмайтын ауру қалай аталатындығын көрсетіңіз.

А) Гипертония. D) Диабет.

B) Дальтонизм. E) Гипотония.

C) Анемия.

23. Ішкі мүшелердің қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі:

А) соматикалық. D) аралас.

В) автономиялық. Е) сезгіш.

С) қимыл.

24. Заттың бейнесін, түсін, тітіркенуін көздің қай бөлігі қабылдайтынын көрсетіңіз.

А) Көз бұршағы. D) Торлы қабықша.

B) Шыны тәрізді дене. E) Қасаң қабықша.

C) Нұрлы қабықша.

25. Ми бағанасына қандай бөліктер кірмейтінін белгілеңіз.

А) Сопақша ми. D) Үлкен ми сыңары.

B) Ми көпіршесі. E) Жүйкелер.

C) Ортаңғы ми.

26. Ми бағанасына кірмейтін бөліктер:

А) сопақша ми. D) ортаңғы ми.

B) мишық. E) ми көпіршесі.

C) жүйкелер.

27. Аталған жүйке жүйесі бөліктерінің қайсысы жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметтерінің үдерісін байланыстыратындығын көрсетіңіз.

А) Түйіндер. D) Ми көпіршесі.

В) Үлкен ми сыңарлары. Е) Сопақша ми.

С) Шеткі жүйке жүйесі.

28. Жануарлар мен адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметінің айырмашылығы бар, ол мынаған байланысты:

А) адамда сөйлеу және ойлау қабілеті бар.

B) адамның есте сақтау қабілеті күшті.

C) басқа жануарлармен салыстырғанда адам миының салмағы үлкен.

D) адамда эмоциялық (көңіл-күй) қабілеті бар.

E) дұрыс жауап жоқ.

 

21 B 22 B 23 B 24 D 25 D 26 B 27 B 28 A

29. Шартты рефлекстердің тежелуі неге байланысты болатындығын көрсетіңіз.

А) Шартсыз қуаттанудың (тамақтанудың) жоқтығына.

B) Шартты тітіркендіргіштің пайда болуына.

C) Олардың көп рет қайталануына.

D) Қуаттанудың (тамақтанудың) болуына.

E) Дұрыс жауап жоқ.

30. Қасаң қабық пен көз бұршағының арасындағы камера немен толтырылғандығын көрсетіңіз.

А) Сулы ылғалмен. D) Ауамен.

B) Жаспен. E) Шыны тәрізді денемен.

C) Лимфамен.

31. Адамда есту мүшесі қай жерде орналасқандығын көрсетіңіз.

А) Самай сүйегі қуысында. D) Төбе сүйек қуысында.

B) Бас сүйек қуысында. E) Шүйде бөлімінде.

C) Ауыз қуысында.

32. Есту мүшесінің қандай бөлігі дененің кеңістіктегі орнын анықтайтындығын көрсетіңіз.

А) Кортиев мүшесі. D) Доға қуыстары.

B) Дабыл жарғағы. E) Есту сүйекшелері.

C) Есту түтігі (евстахиев түтігі).

33. Көз бұршағы қызметінің өзгеруіне байланысты болатын көру кемістігі аталады:

А) көз зақымы. D) көздің жасаурауы.

B) трахома. E) конъюктивит.

C) алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік.

34. Жүйке жүйесінің қандай бөлімі жоғары дәрежелі жүйке қызметін реттейтіндігін көрсетіңіз.

А) Жүйке талшықтары. D) Бас миы.

В) Нейрон. Е) Аксон.

С) Сопақша ми.

35. Рефлекс доғасы арқылы не өтетінін көрсетіңіз.

А) Рефлекс. D) Сезгіш нейрон.

В) Рецептор. Е) Қозғалтқыш нейрон.

С) Жүйке толқыны.

36. Рефлекс дегеніміз не екенін анықтаңыз.

А) Бұлшық еттің жиырылуы

В) Ағзаның тітіркенуге қайтаратын жауабы.

С) Ағзаның тітіркенуге жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.

D) Ағзаның тітіркенуге гормондар қатысуымен қайтаратын жауабы. Е) Бұлшық еттердің жүйке жүйесінің қатысуымен жиырылуы.

 

29 A 30 A 31 A 32 D 33 C 34 D 35 C 36 C

37. Көздің ішінен өтетін жарықтың күшін реттейді:

А) көз бұршағы. D) кірпіктер.

B) қабақ. E) торлы қабықша.

C) қарашық.

38. Ми мен жұлынның сұр заты түзеді:

А) жүйке ұлпасының дәнекер қабықшасын.

B) нейрондар шоғырын.

C) миелиндік аксондар мен дендриттерді.

D) қылтамыр мен жүйке жасушаларының өскіндерін.

E) фоторецепторлық жасушаларды.

39. Жүйке жүйесінің атқаратын қызметін көрсетіңіз.

А) Қоректік заттарды тасымалдайды.

В) Гуморальдық реттелуді жүзеге асырады.

С) Қан арқылы әсер етеді.

D) Мүшелердің үйлесімді әрекетін қамтамасыз етеді.

Е) Жасуша бөлінуіне қатысады.

40. Рефлекс дегеніміз:

А) тітіркендіргіштің әсері.

B) жүйке қозу толқынының өтетін жолы.

C) басқа мүшелердің әсерінен бір мүшенің жұмысының өзгеруі.

D) жүйке жүйесі арқылы тітіркендіргішке жауап беру реакциясы.

E) қан арқылы әсер етуі.

41. Бір затқа қарағанда адамның көзі неге үздіксіз қозғалатынын түсіндіріңіз.

А) Қарайтын зат көз аумағының шекарасынан шығып кетпеу үшін.

В) Жарық сәулесін торлы қабықшаның сары дағына бағыттауды қамтамасыз етеді.

С) Торлы қабықшадағы бейнені қамтамасыз етеді.

D) Қоршаған әлем туралы көп ақпарат алу үшін.

Е) Бейне теріс жағынан көрінбеу үшін.

42. Қозуды орталық жүйке жүйесінен жұмыс мүшелеріне беретін жүйке талшығы қалай аталатынын көрсетіңіз.

А) Сезімтал. D) Орталыққа бағыттағыш.

В) Аралас. Е) Жүйкенің басқа өсіндісі.

С) Қимыл.

43. Жүйке жүйесінің қандай қызмет атқаратындығын көрсетіңіз.

А) Қоректік заттарды тасымалдайды.

В) Гуморальдық реттеуді жүзеге асырады.

С) Мүшелердің үйлесімді әрекетін қамтамасыз етеді.

D) Ағзаны зақымдалудан қорғайды.

Е) Ағзаның барлық қызметтерін реттейді және мүшелердің үйлесімді әрекетін қамтамасыз етеді.

 

37 C 38 B 39 С 40 D 41 B 42 C 43 E

44. Жүйке жүйесін құрайтын жасушалары:

А) аксон. D) медиатор.

В) нейрон. Е) серіктес жасушалар.

С) дендрит.

45. Сұр зат дегеніміз:

А) нейрон денелері, жүйке түйіндерінің жиынтығы.

В) жүйке талшықтары.

С) жүйкенің ұзын өсінділерінің жиынтығы.

D) мидың тамырлы қабықшасы.

Е) жұлын сұйықтығы.

46. Жүйке дегеніміз:

А) бір нейронның аксоны.

В) нейрон денелерінің жиынтығы.

С) орталық жүйке жүйесі шегіндегі жүйке талшықтарының шоғыры

D) жұлынның өткізгіш жолы.

Е) бас миының өткізгіш жолы.

47. Шартсыз рефлекс:

А) тіршілік барысында пайда болады.

В) белгілі бір белгіге жауап қайтару.

С) тұқым қуалайды.

D) әр түрлі сыртқы белгілер әсерінен болады.

Е) жоғары дәрежелі жүйке қызметінің негізі болып табылады.

48. Гипоталамус дегеніміз:

А) сыртқы секреция безі. D) гипофизден бөлінетін гормон.

B) ішкі секреция безі. E) аралас секреция безі.

C) ішкі мүшелерді қадағалайтын аралық мидың бөлімі.

49. Анализатор дегеніміз:

А) тітіркенуді қабылдайтын рецепторлар.

B) алынған хабарды анализдейтін мидың аймағы.

C) жүйке қозу толқынын рецептордан үлкен ми сыңарының аймағына беретін жүйкелер.

D) А, В және С жауаптарын қамтитын қызметтік жүйе.

E) ағзаның ішкі хабарын анализдейтін мүше.

50. Жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі:

А) ойлау, сөйлеу және есте сақтау.

B) бағдарлайтын рефлекс.

C) жыныстық рефлекс.

D) ағза қажеттілігін қамтамасыз ететін рефлекстер (ашығу, шөлдеу).

E) қорғаныш рефлексі.

 

44 B 45 A 46 C 47 C 48 C 49 D 50 A

51. Соматикалық жүйке жүйесінің ролі

А) қозғалысты басқару.

B) жүрек қызметін басқару.

C) сезім мүшелерінің қызметін басқару.

D) асқазан жұмысын басқару.

E) өкпе жұмысын басқару.

52. Ми бағанасынан таралатын бас-ми жүйкелер жұбының саны:

А) 10. D) 25.

В) 12. Е) 30.

С) 20.

53. Қозғалыс, сезгіш, аралас жүйке қызметі қай перифериялық жүйкелерге тән екендігін көрсетіңіз.

А) Жұлын – ми. D) Парасимпатикалық.

B) Бас – ми. E) Көз.

C) Симпатикалық.

54. Дыбысты тітіркенуден қозады:

А) рецептор.

B) айналма канал.

C) құлақ иіріміндегі дыбыс сезгіш жасушалар.

D) есту сүйекшелері.

E) есту жүйкесі.

55. Көздің жұқпалы ауруы қалай аталатындығын көрсетіңіз.

А) Отит. D) Алыстан көргіштік.

В) Жақыннан көргіштік. Е) Ангина (баспа)

С) Конъюнктивит.

56. Фоторецепторлар ненің көмегімен жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратынын анықтаңыз.

А) Ферменттердің.

B) Пигменттердің.

C) Көз алмасының.

D) Нейрондар мен фотоэлементтердің.

E) Шыны тәріздес заттың.

57. Рефлекс доғасы қандай бөліктерден тұратындығын көрсетіңіз.

А) Орталық және қимыл нейроны

В) Рецептор, сезгіш нейрон, орталық жүйке жүйесі

С) Сезгіш нейрон, ендірме нейрон, жұмыс мүшесі.

D) Орталық жүйке жүйесі, рецептор, қан тамырлары.

Е) Рецептор, жүйке орталығы, белгілі мүшелер, қимыл және сезгіш жолдар.

 

 

51 A 52 B 53 A 54 C 55 C 56 D 57 E

58. Мидың сұр затын құрайтындар:

А) нейрондар мен электрондар.

B) нейрондар мен оның қысқа өсінділері (дендриттер).

C) нейронның ұзын өсінділері (аксондар).

D) серіктес жасушалар.

E) аралық жасушалар.

59. Анализатор дегеніміз:

А) бас миы және сопақша ми.

В) ми жарты шарының сезімтал бөлімі.

С) рецепторлар және өткізгіш жүйке жолдары.

D) аралас жүйкелер және ми

Е) рецепторлар жүйесі, жүйке жолдары және ми сыңарларының бөліктері.

60. Көз алмасына ешқандай қатысы жоқты белгілеңіз:

А) көз бұршағы мен қасаң қабықша.

B) тор қабықша мен қарашық.

C) тамырлы қабықша және сары дақ.

D) қабақ және жас шығаратын бездер.

E) шыны тәрізді дене және нұрлы қабықша.

61. Алыстан көрмеушілік кезінде заттың бейнесі орналасады:

А) торлы қабықшада.

B) торлы қабықшаның артында.

C) көз бұршағында.

D) торлы қабықшаның алдында.

E) соқыр дақта.

62. Шартты рефлекс доғалары міндетті түрде өтеді:

А) сопақша ми арқылы.

В) мишық арқылы

С) ортаңғы ми арқылы.

D) аралық ми арқылы.

Е) үлкен ми сыңарлары арқылы.

63. Шартсыз рефлекс доғалары өтеді:

А) үлкен ми сыңарлары арқылы.

В) сопақша ми арқылы

С) бас миының бағанасы арқылы.

D) мишық арқылы.

Е) алдыңғы ми арқылы.

 

 

58 B 59 E 60 D 61 D 62 E 63 C

64. Шартты рефлекстердің түзілуі мен тежелуінің биологиялық маңызы қандай екенін көрсетіңіз.

А) Өмірлік тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

В) Тіршілік жағдайларына кең көлемде бейімдеушілікті қамтамасыз етеді.

С) Қажетсіз ақпараттардан ағзаны босатады.

D) Қауіптен қорғануға мүмкіндік береді.

Е) Жаңадан түскен тітіркендіргіштерді бағалауға мүмкіндік береді.

65. Рефлекс ұғымын пайдалана отырып, жануарлардың мінез-құлығы мен адамның мінез-құлығын талдау туралы пікірді алғаш рет ұсынған орыс физиологы:

А) Н. И. Вавилов. D) И. М. Сеченов.

B) И. П. Павлов. E) К. И. Скрябин.

C) И. И. Мечников.

66. Жоғары дәрежелі жүйке қызметіне не жататынын көрсетіңіз.

А) Ойлау, сөйлеу әрекеттері және есте сақтау.

В) Бағдарлау рефлекстерінің тобы.

С) Инстинктер.

D) Органикалық тұтынушылықты (ашығу, шөлдеу т. б.) қамтамасыз ететін рефлекстер.

Е) Асқорыту, қорғаныш рефлекстері.

67. Жүріп келе жатқан адам кенеттен жылан шыға келгенде, қалт тұра қалады. Бұл қандай үдерістің нәтижесі екенін көрсетіңіз.

А) Қозу. D) Жиырылу.

В) Тітіркену. Е) Шартсыз рефлекс.

С) Тежелу.

68. Адам ақыл – ойының материалдық негізі болып табылады.

А) Алдыңғы мидың үлкен жарты сыңары.

В) Ортаңғы ми. D) Симпатикалық жүйке.

С) Сопақша ми. Е) Мишық.

69. Ағза қызметінің реттелу тәсілін көрсетіңіз.

А) Жүйкелік. D) Ферментативтік.

В) Автономиялық. Е) Жүйкелік-гуморальдық.

С) Ішкі секреция бездері арқылы.

70. Рефлекс доғасының құрамын көрсетіңіз.

А) Рецептор.

В) Сезгіш нейрон.

С) Рефлекс доғасы аталған бөліктердің барлығынан тұрады.

D) Қимыл нейроны.

Е) Сопақша ми.

 

64 B 65 D 66 A 67 E 68 A 69 E 70 C

71. *Күндізгі көру рецепторларын көрсетіңіз.

А) Таяқшалар. D) Құтышалар.

В) Қарашық. Е) Шар тәрізді дене.

С) Сулы ылғал.

72. *Тыныс алу орталығы орналасқан:

А) сопақша мида. D) мишықта.

В) аралық мида. Е) ортаңғы мида.

С) бас миында.

73. *Жүйке ұлпасының негізгі жасушаларын көрсетіңіз.

А) Сұр зат. D) Ақ зат.

В) Остеоциттер. Е) Жүйке талшықтары.

С) Нейрондар.

74. *Ортаңғы құлақты құрайды:

А) дыбыс сүйектері. D) иірім түтік.

В) сүйекті шытырман. Е) жарғақты шытырман.

С) құлақ қалқаны.

75. *Физиолог И. П. Павлов сыртқы және ішкі тітіркенулерді қабылдайтын жүйке элементтерінің жиынтығын былайша атаған:

А) остеоцит. D) катализатор.

В) фагоцит. Е) миоцит.

С) анализатор.

76. *Үлкен ми сыңарларындағы көру аймағы орналасқан:

А) шүйде бөлігінде. D) төбе бөлігінде.

В) маңдай бөлігінде. Е) бас бөлігінде.

С) самай бөлігінде.

77. *Шартты рефлекстер жойылады:

А) шартты тітіркендіргішті шартсыз рефлекспен бірге іске қосқанда.

В) шартты тітіркендіргішті шартсыз рефлекссіз іске қосқанда.

С) шартсыз тітіркендіргішті шартты рефлекспен бірге іске қосқанда.

D) жануарларға біраз уақыт тамақ бермегенде.

E) жануарлар тойып тұрғанда.

78. *Көздің ақ қабықшасының атқаратын қызметі.

А) Қорғаныс. D) Қоректік.

В) Жарықты реттеу. Е) Рецепторлық.

С) Сынғыштық.

79. *Тамырлы қабықшаның ішкі бетіндегі жарық сіңіріп алатын бояғыш зат қабаты:

А) таяқша. D) пигмент.

В) құтыша. Е) көз бұршағы.

С) сулы ылғал.

 

71 D 72 A 73 C 74 A 75 C 76 A 77 B 78 A 79 D

80. *Ішкі мүшелердің жұмысын реттейді:

A) жүйке жүйесінің соматикалық бөлімі.

B) жүйке жүйесінің сезімтал бөлімі.

C) жүйке жүйесінің қимыл бөлімі.

D) жүйке жүйесінің автономиялық бөлімі.

Е) жүйке жүйесінің аралас бөлімі.

81. *Ішкі құлаққа не жататындығын көрсетіңіз.

A) Дыбыс түтігі. D) Сүйекті шытырман.

B) Дыбыс жолы. Е) Дыбыс сүйектері.

C) Дабыл жарғағы.

82. *Жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің қызметін реттейді:

A) бас миы. D) аксон.

B) нейрон. E) жүйке талшықтары.

C) сопақша ми.

83. *Жарық сезгіш жасушалар орналасқан:

A) қасаң қабықшада. D) торлы қабықшада.

B) ақ қабықшада. E) көз бұршағында.

С) қарашықта.

84. *Мінез-құлық физиологиясының негізін қалаушы:

A) Луи Пастер. D) И. П. Павлов.

B) И. М. Сеченов. E) П. И. Пирогов.

C) В. В. Парин.

85. *Өмір бойы ақпаратты сақтау қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) Қабылдау.

B) Сөз, ой арқылы есте сақтау.

С) Ұзақ уақыттық жады.

D) Қысқа уақыттық жады.

Е) Қысқа жады.

86. *Тез түс көруге не тән екендігін көрсетіңіз.

A) Зат алмасудың күшеюі.

B) Зат алмасу деңгейінің төмендеуі.

C) Тынысалу қозғалысы жиілігінің төмендеуі.

D) Дене температурасының төмендеуі.

E) Тамыр соғысының бәсеңдеуі.

87. *Сырттағы қысым мен іштегі дабыл жарғағына келетін қысымды не теңестіріп тұратындығын көрсетіңіз.

A) Дыбыс сүйегі. D) Кіреберіс.

B) Дыбыс түтігі. E) Иірім түтігі.

C) Үзеңгі.

 

 

80 D 81 D 82 A 83 D 84 D 85 C 86 A 87 B

88. *Жүйке үдерістерінің қасиетіне сүйене отырып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметінің 4 түрін ажыратқан ғалым:

A) А. А. Ухтомский. D) И. И. Мечников.

B) И. П. Павлов. E) П. К. Анохин.

C) Н. И. Пирогов.

89. *Анализатордың өткізгіш бөлімі қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) Рецептор. D) Мишық.

B) Өткізгіш жүйке. E) Бас миы.

C) Сопақша ми.

90. * Жүйке жасушасының қысқа бұтақтанған өсіндісі қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) Тармақ. D) Дендрит.

B) Нейрон. E) Жүйке.

C) Аксон.

91. *Көз қарашығының алдыңғы жағында орналасқан:

A) көз бұршағы. D) шыны тәрізді дене.

B) ақ қабықша. E) қасаң қабықша.

C) торлы қабықша.

92. *Мидың торлы қабықшасының қабынуы:

A) энцефалит. D) мидың қабынуы.

B) арахноидит. E) инсульт.

C) бас сақинасы.

93. *Адам үшін маңызды зат немесе құбылысқа ақыл-ойды бағыттап, шоғырландыру қалай аталатындығын анықтаңыз.

A) Ойлау. D) Назар аудару.

B) Жады. E) Сезім мүшелерінің қатысуы.

C) Эмоция (көңіл-күй).

94. *Ми қатпарлары болады:

A) сопақша мида. D) тек үлкен ми сыңарларында.

B) ортаңғы мида. E) тек мишықта.

C) мишық пен үлкен ми сыңарларында.

95. *Ішкі және сыртқы тітіркенулерді қабылдайтын жүйке элементтерінің жиынтығы қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) Мүше. D) Қимыл аймағы.

B) Анализатор. E) Рецептор.

C) Сезімтал аймақ.

96. *Сезім мүшелерінің көмегімен қоршаған ортадағы затты немесе құбылысты сезіну қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) Қабылдау. D) Жады.

B) Ойлау. E) Назар аудару.

C) Сөйлеу

 

88 B 89 B 90 D 91 A 92 B 93 D 94 C 95 B 96 A

97.*Жарықты қабылдайтын рецептор қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) Таяқшалар. D) Құтышалар.

B) Шыны тәрізді дене. E) Қарашық.

C) Сулы ылғал.

98. *Шартты рефлекстің шартсыз рефлекстен айырмашылығы:

A) іштен туа пайда болады.

B) тұқым қуалайды.

C) барлық даралар үшін бірдей болады.

D) өмір бойы үздіксіз кездесіп, дағдыға айналады.

E) өмір бойы сақталады.

99. *Мишық орналасқан:

A) ортаңғы мидың астында.

B) сопақша мидың үстіңгі жағында.

C) аралық мидың үстіңгі жағында.

D) үлкен ми сыңарларының үстінде.

E) алдыңғы мидың үстіңгі жағында.

100. *Соматикалық жүйке жүйесі басқарады:

A) өкпенің жұмысын. D) асқазанның жұмысын.

B) дене қозғалысын. E) сезім мүшелерін.

C) жүректің жұмысын.

101. *Жүйке ұлпасының көмекші жасушаларын көрсетіңіз.

A) Аксон. D) Дендрит.

B) Остеоцит. E) Нефрон.

C) Нейроглия.

102. *Мидың сұр заты неден тұратындығын көрсетіңіз.

A) ұзын өсіндіден.

B) серіктес жасушалардан.

C) жүйке талшықтарынан.

D) жүйке жасушалар денесінен.

E) жұлын қабығынан.

103. *Белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған, күрделі психологиялық және физиологиялық үдерістер жиынтығы қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) денсаулық. D) мінез-құлық.

B) акселерация. E) эмбриогенез.

C) жады.

104. *Мүшелердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін жүйе:

A) тыны салу. D) зәр шығару.

B) асқорыту. E) жүйке.

C) тірек-қимыл.

97 D 98 D 99 B 100 B 101 C 102 D 103 D 104 E

105. *Теріс көңіл-күйді көрсетіңіз.

A) Таң қалу. D) Разы болу.

B) Қорқыныш. E) Қанағаттану.

C) Қуаныш.

106. *Екі жағы дөңес әйнегі бар көзілдірікті кию керек:

A) алыстан көргіштік кезінде.

B) жақыннан көргіштік кезінде.

C) астигматизм кезінде.






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.