Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Пуск-панель управления-Экран

 

Активті Фон қосымшасы бар

Свойства:Экран диалогтік терезесі.

 

Маусты баптау

 

 

Пуск-панельуправления-маус

 

Маус диалогтік терезесі

ІV.Талдау.

MS DOS пен Windows95 операциялық жүйелердің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

V.Қолдану.

1.Кітаппен жұмыс тапсырмаларды орындау.

1.Компьютерлеріңдегі күн мен уақытты өзгертіңдер.

2.Маустың жүрісін баптаңдар

3.Жұмыс үстелінің түрін өзгертіңдер

4. «Объемный текст» қыстырмасын орнатыңдар

5.Рәсімдеу схемаларын баптау.

 

 

VІ.Жинақтау.Әрбір студентке жеке тапсырмалар беру, үлестірме қағаздар арқылы тапсырма

 

2.Дұрыс жауап таңдау.

 

1.Ақпараттың өлшем бірліктері Бит,байт

2.Монитор не үшін арналған Ақпараттың ең үлкен бірлігі

3.Байт бұл...... Мәтіндік және сызбалық ақпаратты

бейнелеу

 

1.Басу сапасы бойынша ең қарапайым принтер тышқан

2.Кіші әріптерді үлкенге пайдалану пернесі shift

3.Арнайы кілемше бетіне жылжытатын құрылғы. Матрицалық

 

3.Сәйкестендіру тесті

1.Информатика дегеніміз не? Ақпараттық процес-ді

жүзеге асыратын құрылғы

 

2.Ақпарат дегенімізді қалай түсінеміз? Ақпараттық процестерді

 

зерттейтін ғылым

 

3.Компьютер дегеніміз не? Түсіндіру,баяндау,мәлімдеу.

 

1.Компьютердің негізгі құрылғысы. принтер

2.интерфейс дегеніміз не? Адам мен компьютер арасын-



дағы арақашықтық

3.Компьютердің шығару құрылғысы. Жүйелік блок, пернетақта,тышқан,монитор

 

1-билет

 

1.Компьютер ақылшысы

2.Компьютердің беті

3.Экранның фонын өзгерт

4.Microsoft word программасында таблица жасау,ішін толтыр.

 

2-билет

 

1. Microsoft word-ты ашыңыз,ішін әсемдеп,жиегін жиектеңіз.

2.Word art объектісін пайдаланып өрнектеңіз

3.Экрандағы қозғалыстарды басқарушы құрылғы

4.Ақпараттың ең кіші бірлігі

 

3-билет

 

1.Монитор қандай қызмет атқарады?

2.Paint графикалық редакторын іске қосыңыз

3.Enter қандай қызмет атқарады?

4.Excel программасын іске қосыңыз

 

4-билет

 

1.Caps lock қандай қызмет атқарады?

2.Калькулятор бағдарламасын іске қосыңыз

3.5 баған 2 жол таблицасын орнатыңыз

4.Принтер қандай қызмет атқарады?

 

5-билет

 

1.Винчестр қандай қызмет атқарады?

2.Paint программасын іске қос және қанша құралы бар?

3. Microsoft word-қа сурет орналастырыңыз

4.Салған суреттің көлемін өзгертіңіз.

 

 

VІ.Бағалау

VІІ.Үйге тапсырма беру. Тақырыпты оқып келу,дәптерге ережелерін түсіру.

 

 

Қосымша

Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжі

Тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:« Жан қазынасы - адамгершілік негізі»

Орындаған: Дүзелбаев Әбдіхалық

ҚазАТУ- нің студенті: Оңласын Ақерке

Тараз қаласы

2016 жыл

Қосымша

Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжі

Ашық сабақ

 

Тақырыбы:« Windows операциялық жүйелерін баптау»

Орындаған: Дүзелбаев Әбдіхалық

ҚазАТУ- нің студенті: Оңласын Ақерке

Тараз қаласы

2016 жыл

 

Қосымша

 

Сабақты талдау

«25»қаңтар 2016 ж.

Тобы: 2ИС-14-2

Пәні: информатика

Оқытушы: Дүзелбаев Әбдіхалық

Сабақтың тақырыбы:Windows операциялық жүйелерін баптау

Сабақтың мақсаты: студенттерге жаңа тақырыпты меңгеру

Сабаққа қатысу мақсаты:Оқытушының сабақ беру әдістерін бақылау. Студенттерме жұмысына назар аудару

1.Сабақты ұйымдастыру

1.1Тізім бойынша білім алушылар саны 25, сабаққа қатысқандары25,

Сабаққа кешіккендері жоқ.

1.2Дәрістің сабаққа дайындығы,сабаққа қажетті көрнекіліктер және басқа жабдықтар мұғалім сабақты интерактивті тақтамен жүргізді.

1.3Оқытушының күнтізбелік-тақырыптық жоспарының бар болуы бар

1.4КТЖ сабақ тақырыбына сәйкестігі және сынып журналына жазылуы

Оқытушысының журналын толтыруға ұқыптылық танытты

1.5 Сабақты ұйымдастыруға жіберілген уақыты 5 мин

2.Өткен материалдра бойынша студенттерден сұрау

2.1 Сабақты сұрау әдісі: өткен тақырып сұрақтарын студенттерді үш топқа бөліп қызықты жарыс түрінде сұрастыру.

2.2Сұралған білім алушылар саны 15, сұралған уақыты10 мин

2.3Жауаптарды бағалаудың дұрыстығы, оны хабарлау тәртібі,

білім алушылардың материалды игеруіоқытушы студенттерді жауап беру деңгейіне қарай әділ бағалады, студенттердің материалды игеруі жоғары.

2.4 Сабақ сұрау кезіндегі топтың белсенділігі және жұмыстылығы студенттер сабаққа аса қызығушылықпен қатысты.

3.Жаңа материалды түсіндіруі:оқытушы жаңа материалды түсіндіруде кітапты қолданып, оны аса тиімді пайдаланды.

3.1 Ғылымилығы, көрнектілігі, игерімділігі: тәрбиелілігі, танымдылығы, қызықтылығы т.б.

3.2Жаңа материалды түсідіру әдісі:оқытушы жаңа материалды түсіндіруде кітапты қолданып, оны аса тиімді пайдаланды.

3.3Көрнекі құралдарды қолдануы, ОТЖ жіне басқа да оқытудың жабдықтарын қолдану, оларды пайдаланудың тиімділігі:оқытушы сабақта мультимедмялық проекторды қолданып, оны аса тиімдіпайдаланды

3.4 Оқытушының сөйлегені және сабақты түсіндіруі:оқытушы сабақты нақты, тиянақты, сауатты жеткізді

3.5Топпен байланысы: сабаққа қызығушылығы, оқытушымен байланысы, мәселені шешу кезіндегі оқушының белсенділігі:оқытушы сабақты топпен талқылап, әр студент белсенділік танытты.

 

3.6 Білім алушыларды өз бетімен жұмыс істеуіне баулу, конспект жазу:

Әр студент кітаптағы тақырыпты өз бетімен танытты

3.7 Жаңа материалды түсіндіруіне жіберген уақыты 20 мин

4.Жаңа материалды бекіту

4.1 Материалды бекіту әдісі мен түрі:мұғалім студенттермен жаңа тақырыпты сұрақ жауап арқылы бекітті

4.2 Сұраған білім алушылардың саны 9, сұраққа жіберген уақыты10мин

4.3 Білім алушылардың материалды игеру деңгейі:студенттер жаңа тақырыпты жақсы игерді

4.4Жаңа материалды бекіту кезіндегі білім алушылардың белсенділігі: студенттер жаңа тақырыпты бекітуде барынша белсенді болуға тырысты

5.Үй тапсырмасын беру

5.1Үй тапсырмасын беру тәртібі және оның тәртібі

5.2Үй тапсырмасын беруге жіберілген уақыты5мин.

6.Оқу журналын толтыру

6.1 Таза және өз уақытында толтыру, бағаның аздығы:оқытушы журналды уақытылы және таза толтырды

7.Қорытынды және ескерту

Ескертулер болған жоқ. Сабақ өзінің мақсатына жетті. Студенттер берілген материалды толық игерді.Өз білімдерін жетілдірді.

8.Ұсынымдар

Ұсыныстар жоқ, сабақ танымды әрі қызықты өтті.

Сабаққа қатысқанстудент Оңласын Ақерке

«25» қаңтар 2016 ж.

Сабақтың қорытындысымен таныстым: оқытушы __

 

 

Тақырыбы:«Жан қазынасы - адамгершілік негізі»


Мақсаты: 1. Білімдік - танымдық: Студенттердің білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.


Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Студенттердің өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.
Түрі: Пікіралысу
Әдісі: Парламенттік шоу бағдарламасы желісінде (миға шабуыл жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиалық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Студенттерге «Балам, мынау не? » атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту.
«Ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ беріледі. Сұраққа студенттер топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады.
ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру.
1. Шындық пен сұмдық атты бейнетаспаға назар аударылады.
2. Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады).
3. Ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну.(халық, заңгер, ғалым пікірлері).
4. Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
5. Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы» термесін тыңдау.
6. Шағын логикалық сұрақтарға жауап.
ІІІ. Қорытынды бөлімі .
1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ).
2. «Мен» топтастыру рефлекциясы , «Не білдік?»
Шараның барысы.
Сынып жетекшісі Нұрбек Бекбауовтың сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, студенттер және бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтары!
(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.)
Сынып жетекшісі сөзінен кейін «Балам, мынау не?» атты жағдаятты шешуге уақыт беріледі.
Жағдаят: «Балам, мынау не?»
...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «Балам, мынау не? » деп сұрапты.
- «Ол - түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол - түйе, түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Студенттерден осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)
-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып орнымызға жайғасайық.
Мұғалім сөзі:
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік
болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйткені қазіргі таңда бұл мәселе де, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Шарамызды әрі қарай жалғастыра отырып, арнайы дайындалған ата – ана мен бала қарым – қатынас туралы «Шындық пен сұмдық» атты бейнетаспаға зер салайық. Кейіннен өз пікірлерімізді әрі жалғастырармыз. (Бейнетаспа көрсетіледі)


- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы жалғасады.
«Көргені жақсы көш бастар», - демей ме , «халық айтса- қалып айтпас»-деген тағы бар, олай болса адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл жөнінде енді пікір білдіруді көрермендерге де берсек, бағдарламамыздың арнайы қонағы ауылымыздың тұрғыны Б.Амантұрұлы ағамыздың пікірін білсек.
- Кейін студенттер да пікір білдіреді.
«Жүректің түріп құлағын ,
Ойланып тағы қарашы,
Кімсің сен? Қайда тұрағың?
- Енді қайда барасың?» - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой-пікірлеріне назар аударалық. (Арнайы дайындалған бейнетаспа көрсетіледі).
- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы тағы да жалғасады.
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.
- Осы жерде студенттер мен көрермендер арасында ортақ пікіралыс жүреді.
«Өткенім бүгінгінің баспалдағы,
Бүгінгім ертеңіме бастар тағы» - дегендей кезекті Алтынбек Қоразбаевтың
«Әке мұңы » термесі тыңдалады.
Осыдан кейін студенттерға логикалық сұрақтар беріледі:
1. Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған діни экстремизм, Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті?
2. Адамның жан қазынасына сырттан келген әр - түрлі діндердің әсері қандай ? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз?
3. Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?
4. Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады?
Тағы да басқа түрлі пікірлерге байланысты сұрақтар қойылып талқыланады.
Қорытынды:
Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .
«Білгенге маржан»
Студенттерге ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Студенттер сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді:
Берілетін сөздер:
- Ақиқат, мәдениет,руханият, парасат, ақыл, жүрек тәрбиесі, имани сезім, жан дүние, қасиет, халық көзқарасы


Студенттер осы шарада нені бойына сіңірді?
« Мен » атты топтастыру бөлімімен аяқталады.

 

 

Қосымша

Тәрбиенің негізгі бағыттары:

• Қазақстандық патриотизм мен азаматтық;

• Саяси және құқықтық мәдениеті;

• Зерде мәдениеті;

• Өнегелік және эстетикалық мә»дениет;

• Экология мәдениеті;

• Салауатты өмір салты;

• Этникалық және ұлтаралық қатынас пен толенранттық мәдениеті;

• Отбасы қатынасы және гендер мәселесі;

• Кәсіптік бағдар беру;

• Ата-аналармен жұмыс.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары :

Қазақ мәдениеті, дәстүрлері, студенттердің тұлғалық өзін-өзі тану және кәсіби бағдар, қоғамдық танымдық азаматтарды қалыптастыру негізінде рухани құндылықтардың қалыптасуы.

Тәрбиелік міндеттері:

1. Ұлттық тәрбие – білім жүйелер жағдайында тұлғаны ұлттандыру және оны ақпаратты даму ортасы арқылы жастарды тез өзгертіп тұратын қоғамда өмір сүруге үйрету.

2. Қарым – қатынас мәдениеті, тәртіп, тұрмыс және іскерлік , этникалық мәдениетке тәрбиелеу.

3. Ұлтына қарамастан тұлғаны құрметтеуге, әрбір адамның құқықтарын танып білуге тәрбиелеу.

4. Жоғары рухани идеалдар арқылы өмірде жетекшілік ете білуге тәрбиелеу.

5. Колледж және оның дәстүрлеріне деген құрмет көрсету.

Демократиялық қоғамның құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Студенттердің атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары, түрлері және мазмұны: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық.

 

Қосымша

Тараз қаласы Жамбыл

политехникалық колледжінің

1305000 «Ақпараттық жүйелер»

мамандығы 2ИС-14-2 тобына

 

Мінездеме

Жамбыл политехникалық колледжінің 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2ИС-14-2 тобында 25 студент білім алуда. Топта 13 ұл,12 қыз бала бар. Жас ерекшелікері 18-19 жаста. Олардың ішінде 2 студент үздік, 13 студент оқу екпінділері, қалғандары қанағаттанарлықтай.Жалпы топтың оқу үлгерімі жақсы. Әлеуметтік құрамы – орташа,эстетикалық тәрбиесі жақсы. 2ИС-14-2 тобында информатика пәндері тереңдетіп оқытылады. Студенттер ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Колледж ішіндегі түрлі мәдени шараларға және спорттық жарыстарға белсене қатысады.Айта кетсем, студенттер колледждегі «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш бөлімшесінде, «Өзін-өзі басқару» студенттік парламентінде, «Алғырлар» пікір-сайыс клубы мен «Олимп» спорттық клубтарына мүше болып,сабақтан тыс бос уақыттарында өз белсенділіктерін танытып жүр.

Колледждегі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру негізінде студенттер шығармашылық дамуы үшін жүргізілетін үйірмелер мен пәндік қосымша сабақтарға қатысады. Әли Ұлболсын, Досымбет Абдурашид, Исахан Жанболат, Манап Жаңыл, Әмір Гүлсезім колледждің қоғамдық жұмыстарына, байқауларға, конференцияларға, спорттық жарыстарға әрдайым қатысып өз-өздерін жақсы жағынан танытып жүр.

Үйірмелерден студенттер «Жыр жазамын жүрегімнен» поэзия клубына, «Жастар және өнер» клубы, «Олимп» спорттық клубтарына қатысады. Атап айтсам, Тұрсын Аяжан-биге, Исаев Еркебұлан, Барысхан Нұржан -күреске, Манап Жаңыл,Сартай Алтын - волейбол командасының мүшелері, Мансұр Нұрдәулет-шахмат үйірмесіне, Сатыбалды Ботагөз - іс-шараларда ән айтады. Студеттер арасында өзара қарым-қатынасы, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы қалыптасқан. Тәжірибе жетекшісі Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы студенттердің арасында сыйлы да білікті ұстаз.

 

Қосымша

Тараз қаласы Жамбыл

политехникалық колледжінің

1305000 «Ақпараттық жүйелер»

мамандығы 2ИС-14-2 тобына

Мінездеме

 

Әли Ұлболсын 2ИС-14-2 тобына 17.01.1998 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Топ басшысы қызметін атқарады.

Менің практика өту барысымда ол өзін жақсы қырынан көрсетіп, көзге түсе білді. Студенттермен, мұғалімдермен қарым-қатынасы өте жақсы.Оқу жұмысына белсенді араласады, өзіне берілген тапсырманы жүйелі түрде орындайды. Студенттерді бастап, ұйымдастыра алу қабілеті ерекше. Ұлболсынның ерік-жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады,психологиялық сипаттамасы бойынша сангвинник болып табылады. Мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады. Берілген істі ұқыпты, шапшаң орындайды. Сүйікті ісі – музыка тыңдау. Ұлболсын колледж ішілік байқау-олимпиадаларға және де көптеген іс-шараларға қатысады. «Толғанай» ән сайысынан, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыстарынан үздік жүлдегер атанған. Оқудан тыс ағылшын тілін үйрену курсына қатысады. Себебі, болашақ мамандығында ағылшын тілінің маңызы зор.

Болашақта өз ісінен өте жақсы нәтижиелер көрсететініне сенімдімін.

 

 

«Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ».

Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді.

Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында « Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.

Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім.

Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .

Инновация дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. Ендеше,осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану — өмір талабы.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация

 

– арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;

-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);

-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);

-тірек - схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);

-саралап оқыту;

-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;

-модульдік оқыту (М. Жанпейісованың);

-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

 

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

-оқу үрдісін оқушының сезінуі .

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1. Өзбетінше тұжырым жасау,қортындыға келу.

2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3. Проблеманы шеше білу.

4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

 

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

1. Әдіс түрлері.

2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы

3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу.

4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

5. Топтық тұжырымға келе білу.

6. Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.

 

Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарлаудың мұғалім құзырлылығын арттырудағы ролі.Т.Нақыпов.

Оқушы бойында құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған деңгейлер: Блум бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы оқу тапсырмаларын 6 (АЛТЫ) деңгейге бөледі :Бірінші деңгей «БІЛІМДЕР» – мақсаты ақпаратты интерьеризациялауға, яғни ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да көздерден ЖАД қоймасына көшіру, АҚПАРАТТЫ БІЛІМГЕ айналдыруға үйрету болып табылады .Екінші деңгей «ТҮСІНУ» – мақсаты ЖАДҚА түскен БІЛІМДІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАУҒА (интерьеризацияланған білімді көптеген түрде ұсыну) үйрету болып табылады .Үшінші деңгей «ҚОЛДАНУ» – мақсаты БІЛІМДІ үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйрету болып табылады. Төртінші деңгей «ТАЛДАУ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады .Бесінші деңгей «СИНТЕЗ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады. Алтыншы деңгей «БАҒАЛАУ»- мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылған ЖАҢА БІЛІМДЕРДІ бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы нақты жағдайда қорытындылар жасауға үйрету болып табылады.

Баяндаманы қорытындылай келе,

Жай мұғалім – хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

 

Керемет мұғалім – көрсетеді,

Ұлы мұғалім – шабыттандырады.

Уильям УОРД.

 

 

Қосымша

 

Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжінде 2ИС-14-2 тобының ашық сабаққа қатысқан студенттер тізімі:

 

1. Асан Инабат

2. Анкет Жансая

3. Альмахан Нұржанат

4. Әлімхан Талғат

5. Әскербек Айдын

6. Әмір Гүлсезім

7. Әли Ұлболсын

8. Балтахан Акерке

9. Бақытжан Досан

10. Барысхан Нұржан

11. Досжан Азамат

12. Досымбет Абдурашид

13. Дос Данагүл

14. Исахан Жанболат

15. Ипрахман Нұржан

16. Исаев Еркебұлан

17. Манап Жаңыл

18. Мансұр Нұрдәулет

19. Мүталиева Айдана

20. Мұсабек Айдар

21. Ілияс Арсен

22. Оңғарбаева Аяжан

23. Тұрсын Аяжан

24. Сартай Алтын

25. Сатыбалды Ботагөз

 

Қосымша

 

Жамбыл политехникалық колледжінің мамандықтар тізімі

ШИФР МАМАНДЫҚ АТАУЫ
электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу электр
электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру
есеп және аудит
механоөндеу,өлшеуіш-бақлау приборлары және машина жасайу автоматикасы
мұнай және газды қайта өндеу технологиясы
мұнай және газ кен орындарын пайдалану
автокөлікті жөндеу,пайдалану және қызмет көрсету
химиялық технология және өндіріс
өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану
үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану
қаржы
құықтану
дене тәрбиесі және спорт
ақпараттық жүйелер

 

Қосымша

 

Қосымша

 






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.