Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Электролитпен коагуляциялау кинетикасы 12 глава

2.А Коллоидық БАЗ-дың жіктелуі

Бетті-активтік заттар бірнеше көрсеткіштері:

· полярлы (су) немесе полярсыз сұйықтықтағы ерігіштігі;

· судағы диссоциациялануы (ыдырауы);

· молекулалық салмағы (массасы);

· ерітіндідегі агрегаттану қабілеті (мицелла түзгіштік қабілеті);

· шығу тeгi (синтетикалық және табиғи);

· БАЗ ықпалының (әрекетінің) физикалық механизмдері;

· биоыдырауы-бойынша жіктеледі:

БАЗ-дар жіктелуінің кейбір нұқауларын қарастырайық.

БАЗ-дарды epiгіштігі бойынша жіктеу. Epiгіштігі бойынша БАЗ-дарды үш топқа бөледі.

1) суда жақсы еритін, ал полярсыз сұйықтықта, мысалы, төменгі спирттер мен карбон қышқылдарында, аз еритін БАЗ- дар;

2) суда ерімейтін, бipaқ полярсыз сұйықтықта, мысалы спирттер мен май қышқылдарының жоғарғы гомологтарында (көміртек атомдар саны > 20) жақсы ериді;

3) суда да, полярсыз сұйықтықта да еритін (мұндай қасиетті көмірсутек тізбегінде көміртек атомдарының саны 10-18 болатын БАЗ-дар көрсетеді) БАЗ-дар.

Полярлы және полярсыз сұйықтықтардағы БАЗ-дың epігіштігі оның гидрофилда және гидрофобты (липофильді бөліктерінің қатынасымен анықталады. Мұндай қатынастың сандықөлшемі ретінде гидрофилді-липофилді баланс (ГЛБ) және орналасудың критикалық параметріқолданылады.

Мицелла түзгіш қасиеті бойынша жіктелуі.Барлық БАЗ- дар үшін қатты және сұйықбеттерде адсорбцияланып, осы беттің бетті энергиясын азайту қасиеті тән. Сонымен қатар, көптеген БАЗ-ң тағы бip қасиеті белгілі. Белгілі жағдайда (температура, концентрация) олар ерітіндіде ондаған немесе жүздеген БАЗ молекулалары, не иондарынан тұратын нано-өлшемді агрегаттар түзеді. Мұндай агрегаттар мицеллалар деп аталады, ал мицелла түзгішзаттарды - мицеллярлы (мицеллалық) БАЗ -дар депатайды.



Мицелла түзгіш БАЗ-дарды «коллоидтық БАЗ-дар» депатайды. Мицелланы нано өлшемді дисперстік бөлшек ретінде қарастыруға болады.

Оларға тізбектеп көміртек саны 10-20 аралығында болатын БАЗ-дар жатады. Физика-химиялықәреті бойынша мицеллалық БАЗ-дар жуғыш қасиеті бар БАЗ- дарға жатады.

Фазаларды бөлу бетіне көрсететін физика-химиялық әсері бойынша БАЗ-дарды жіктеу.

1. Жұқтырғыштар мен көбік түзгіштер – сулы ерітінді газ

шекарасының беттік керілуін біркелкі өзгеретін БАЗ-дар (спирттер мен майлы қышқылдардың орта және жоғарғы гомологтары).

2. Диспергаторлар (дисперсиялағыштар)-кез келген фазааралық

шекарада (сұйық-газ, сұйық-қатты, сұйық-сұйық) адсорбцияланып, оның беттік керілуін елеулі азайтып, дененің беріктігін кемітеді.

3. Тұрақтандырғыштар – мұндай БАЗ-дардың адсорбциялық

қабаттарының беріктігі жоғары болады, сондықтан олар майғындар, көбіктер және басқа дисперсткі жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мұндай қасиеттерге полярлы топтары көп жоғары молекулалы БАЗ-дар – ақуыздар, целлюлозаның туындылары, поливинил спирті ие.

4. Жуғыш БАЗ-дар – БАЗ-дардың жоғарыда айтылған барлық

қасиеттеріне ие. Сонымен қатар, белгілі жағдайларда мицелла түзгіш қабілеттілікті көрсетеді. Мицелла түзу жуу әрекетінің маңызды шарты, себебі органикалық ыластар мицеллаларда коллоидтық еруге ұшырайды (солюбилизденеді).

БАЗ-дардың шығу тегі бойынша жіктелу. Бұл көрсеткіш бойынша бетті-активті заттарды синтетикалық және табиғи БАЗ-дар деп екіге бөледі.

Синтетикалық БАЗ-дарды мұнай-химиялық технологиялардың негізінде алады. Қазіргі синтетикалық БАЗ-дардың ассортименті кең – бірнеше мың қосылыстар. Синтетикалық БАЗ-дардың негізгі топтарының бірі – жуғыш заттар.

Табиғи БАЗ-дар дегеніміз полярлы липидтер: гликолипидтер, фосфолипидтер және т.б. Олар биологиялық жүйелердегі жүретін коллоидтық-химиялық үдерістерде әртүрлі қызмет атқарады. Табиғи БАЗ-дарды табиғи өнімдерден ферменттік реакциялар арқылы алуға болады.

БАЗ-дардың судағы ыдырауы бойынша жіктелуі.Өндірістік БАЗ-дарды көбінесе олардың судағы диссоциациясы бойынша жіктейді. Мұндай көрсеткіш бойынша БАЗ-дардың негізгі бес тобын ажыратады.

1.Аниондық БАЗ-дар.Аниондық БАЗ-дар суда диссоциацияланып, бетті-активтік анион түзеді.

Жылына 6 млн. тоннаға жуық аниондық БАЗ-дар өндіріледі, бұл БАЗ-дардың барлық көлемінің 60% құрайды. Анион­дық БАЗ-дардың ненегізгі ерекшелігі - оларды өндірудің қарапайымдылығы мен арзандығы. Аниондық БАЗ-дар көптеген жуғыш заттардың құрамына кіреді.

Аниондық БАЗ-дардыңқұрамында - СОО-, SO42-,РО43- полярлы топтары мен - Na+, К+, NHl, Са2+, Mg2+қарсы иондары кездеседі. Натрий мен калий иондары БАЗ- дардың судағы epiгіштігін арттырады; екі валентті катиондар БАЗ-дардың полярсыз сұйықтықтағы (майлардағы) epiгіштігін қамтамасыз етеді.

Аниондық БАЗ-дардың басты кемшілігі олардың қасиеттерінің кермек суда нашарлайтындығында. БАЗ-дардың су кермектілігіне сезімталдығы келесіқатарда: карбоксилаттар > фосфаттар >сульфаттар, сульфонаттар, кемиді.

2.Катиондық БАЗ-дар. Мұндай БАЗ-дар суда ыдырап, беттік-активті катиондар түзеді. Оларға алифаттық және ароматтық аминдер мен олардың тұздары, төртіншілік аммоний негіздері, пиридиний қосылыстары жатады. Катионды БАЗ-дардыңнегізгі бөлігін азотты қосылыстар құрайды. Сонымен қатар фосфоний, сульфоний, сульфооксоний БАЗ-дары да кеңінен қолданылады.

Катионды БАЗ-дар теріс зарядталған беттерге - металдарға, көптеген минералдарға, жасуша жарғақтарына, - жақ­сы адсорбцияланады. Сондықтан катиондық БАЗ-дарды әртүрлі салаларда: антистатик пен антикоррозиялық заттар ретінде, минералдарды флотациялау үшін, бактерицидтік препараттардың құрамындажәне т.б. қолданады. Катиондық БАЗ-дардың адсорбциялану қабілеті жоғары болгандықтан, олар химиялық табиғаты әртүрлі қатты беттерді өңдеу үшін қолданылады.

Аниондық және ионогенді емес БАЗ-дардан кейін қолдану көлемі бойынша катиондық БАЗ-дар үшінші орындатұр және жалпы өндірілетін БАЗ-дардың 10% құрайды.

3.Иoнoгенді емес БАЗ-дар суда диссоциацияланбайды. Анионды БАЗ-дардан кейін қолдану бойынша екінші орын алады (жалпы өндірудің 30%). Олар судың кермектілігіне сезімтал емес және оларды басқа АЗ-дармен қатар қолдануға болады.

Полярлы топтар ретінде ионогенді емес БАЗ-дардың құрамында полиэфир немесе полигидроксил фрагменттерікіреді.

Ионогенді емес БАЗ-дардың маңызды тобы - этоксидтелген (этоксилденген) алифаттық спирттер, олар көптеген жуғыш заттардың

құрамына кіреді. Екінші маңызды топ майқышқылдарының этоксидтелген метил эфирлерін метил спиртінің этоксилаттары суда жақсы еритін және олардың беттік активтілігі жоғары болады. Плюрониктер деп aталатынмолекулалық массасы 20000 жететін этилен мен пропилен оксидтерінің блоксопилемерлері кейінгі кезде көп қолданылады. Температураның артуымен ионогенді емес БАЗ-дардың epігіштігінашарлайды.

4.Амфотерлі (амфолиттік) БАЗ-дар.Олардыңқұрамында қышқылдық та, негіздік те топтары бар. Мұндай БАЗ-дардың қасиеті ерітіндінің рH көрсеткішіне тәуелді: pH < 4 болғанда катиондық БАЗ-дарға сәйкес, ал pH > 9 болғанда - аниондық БАЗ-дарға сәйкес диссоциацияланады; рН=4-9 аралығында диссоциацияланбайды, яғни ионогендік емес БАЗ-дарға ұқсас болады. Бұлтопқа аминқышқылдары, ақуыздар (белоктар) және басқа табиғи БАЗ-дар жатады.

5.Цвиттер-иондық БАЗ-дар.Цвиттер-иондық БАЗ молекулаларының

құрамында оң зарядты және теріс зарядты топтар бар. Цвиттер-иондық БАЗ-дар: амин қышқылдарының N-алкил туындылары, имидазолиндер. Цвиттер-ионды БАЗ-дар қасиеттepi бойынша ионогенді және ионогенді емесбеттік-активті заттардың арасында жатыр.Цвиттер-иондық БАЗ-дар көз бен тepiнi тітіркендірмейді, сондықтан оларды жуғыш заттар мен емдік кремдерге қосады.

2.Ә Коллоидты БАЗ-дың негізгі сипаттамалары, алынуы және қолданылуы.

2.1 Аниондық БАЗ

Аниондық БАЗ теріс зарядталған бетті-активтік иондарды түзе отырып, суда диссоциацияланады. Мұндай БАЗ-ды адсорбциялағанда ерітіндіден бетке аниондар адсрбцияланады, нәтижесінде бет теріс зарядқа ие болады. Коллоидтық БАЗ топтарының маңызды өкілдері – қарапайым сабындар және сульфоқышқылдар тұздары болып табылады. Қарапайым сабындар – қаныққан тұздары және кейбір қанықпаған карбон қышқылдары болып табылады. Коллоидтық қасиеттер құрамында тізбектегі көміртегі атомының саны 10 мен 22-нің арасындағы май қышқылдарының тұздарында байқалады. Бұрын айтылып кеткендей, көрсетілген қасиеттерді белгілі дәрежеде байқау үшін төмен молекулалы май қышқылдары жарамайды, өйткені өте жақсы ерігіш келеді. Көмірсутек тізбегінде көміртек атомы 22-ден көп май қышқылы тұздары суда мүлдем ерімейді. Техникалық мақсаттар үшін пальмитин, стеарин және жануар майларынан алынатын қанықпаған олеин қышқылдардың сабындарының ерекше маңызы бар. Бұлар – натрий пальмитаты C15H31COONа, натрий стеараты С17Н35СООNa және натрий олеаты C17H33COONa. Қарапайым жағдайда сұйық калий және аммоний сабындарынан маңызы төменірек. II және III валентті катион сабындары суда ерімейді, бірақ көмірсутекті ортада коллоидтық жүйелер құрайды. Олар минералды майларда консистентті жақпаларда, сонымен қатар 2-ші текті майғындарды тұрақтандыруда пайдаланылады. Қарапайым сатылатын сабындар көп көлемде судан тұрады, ал көбіне әр түрлі заттардың қоспасынан, соның ішінде электролиттерден тұратынын қолданған кезде ұмытпау қажет. Таза сабындарды ерітіндіден кристалл түрінде алуға болады. Майлардың кристалдары, рентгенографиялық талдау көрсеткендей құрылымы қабатталған болып келеді. Бимолекулалық қабаттарда молекулалар бір-біріне полярсыз, яғни көмірсутектік жақтарымен қараған. Бұл 1-суретте сызбанұсқа түрінде көрсетілген. Сонымен қатар, кәдімгі молекулалар полярлы топтары жақтан жазықтыққа белгілі-бір бұрыш жасай орналасады. Жуғыш қасиетіне тек қана май қышқылдарының тұздары ғана емес, сонымен қатар алициклдік қосылыстар болатын нафтенді қышқыл тұздары да ие. Бұл тұздар керосинді және солярлы майды тазалаудан алынытын өнімнің, яғни «мылонафттың» құрамына кіреді.

1-сурет. Натрий олеатының сұлбалық құрылысы: 1 – COONa тобына сәйкес жазықтық, 2 - CH3 топтарына сәйкес жазықтық.

Активтік тобы ретінде құрамында сульфо-топ бар коллоидтық БАЗ-дарға ең алдымен жоғары молекулалы сульфоқышқылдардың тұздары жатады. CnH2n+1SO3M – алкилсульфаттар және CnH2n+1C6H4SO3M – алкиларилсульфаттар (Мұнда М бірвалентті натрий, калий, аммоний катионын көрсетеді). Осыған алкилалиласқын нафталинсульфоқышқыл тұздары да жатады. Мысалы, изо-бутилнафталинсульфоқышқылының натрий тұзы:

 

 

Соңғы типті қосылыстарды техникада некальдер деп атайды.

Қазіргі кезде БАЗ ретінде алкилсульфаттар – жоғары спирттердің сульфоэфирлері, сонымен қатар олардың тұздары CnH2n+1 – O – SO3М кең қолданылады.

Сульфоқышқылдар күшті қышқыл болып табылатындықтан, олардың бір валентті катиондарымен қатар көпвалентті катиондарының тұздары да суда жақсы ериді және «сабынды» ерітінділерге тән сулы ерітінділер түзеді. Бұл сульфосабындардың кәдімгі сабынға қарағандағы ең маңызды айырмашылығы, себебі бұл оларды кермек суда қышқыл ортада пайдалануға мүмкіндік береді.

Аниондық БАЗ-да полярлы топ ретінде карбоксилатты, сульфатты, сульфонатты, фосфатты топтар болады. 2-суретте осы кластың ең кең таралған БАЗ-дың молекуласының құрылымдары көрсетілген.

Аниондық БАЗ басқа типтік БАЗ-ға қарағанда көп көлемде қолданылады. Жуық есептеулермен БАЗ өндірісі жылына 10млн.т құрайды, оның 60%-н аниондық БАЗ құрайды. Оның кең таралуының басты себебі олар- қарапайым, әрі өндірістік құны төмен. Аниондық БАЗ көптеген жуғыш заттар құрамына кіреді, сондай-ақ ең жақсы жуғыш зат құрамына гидрофобтық тобы 12-18 көміртек атомынан тұратын алкил немесе алкиларальді тобы бар БАЗ кіреді.

Сабындар да БАЗ-дың үлкен класын құрайды. Олар табиғи майларды сабынау арқылы өндіріледі. Әдетте сабын деп карбон қышқылдарының сілтілік металдарының тұзын айтады, карбон қышқылы әрине, өсімдік майы немесе жануар майларынан алынады. Қатты сабындар құрамында какос, пальма майларынан алынған майлы қышқылдары болады. Қолайлы жағдайда қолданғанда сабында ыңғайлы БАЗ болып табылады. Ең негізгі кемшілігі кермек суға сезімталдығы, сондықтан синтетикалық БАЗ өндіру мәжбүрлігі туды. Май қышқылының литий тұзы арнайы қолданыста маңызды рөл атқарады, әсіресе құрамындағы негізгі компонент реттінде қолданылатын литий 12- гидроксистеаратының маңызы зор.

Алкилбензолсульфаттары негізгі «жұмысшы жануарлар» деп есептелетін синтетикалық БАЗ тобын құрайды. Оларды шаруашылықта жуғыш заттар ретінде, сондай- ақ олар өндірістің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оларды алкилбензолдарды сульфирлеу үдерісімен алады. Үлкен масштабты синтезде сульфирлеуші агент ретінде көбінесе күкірт ангидридін қолданады, дегенмен басқа заттардың да қолданылуы мүмкін: күкірт қышқылы, олеум (H2SO4 nSO3), хлорсульфон қышқылы (CISO3H), амидосульфон қышқылы (HN) т.б. Кей жағдайларда оларды пайдалану тиімдірек болады.

 

2- сурет. Кейбір типтік аниондық БАЗ-дың құрылымдары.

 

Өндірісте синтез қабыршықты аппарат қолданып, үздіксіз үдеріс арқылы жүреді. Үдерістің бірінші сатысында пиросульфон қышқылы түзіледі, ол әрі қарай баяу әрі өздігінен әрекетесіп сульфон қышқылын түзеді.

Сосын сульфон қышқылды каустикалық содамен бейтараптайды, сонда алкилбензолсульфонат тұзы түзіледі. Алкилді орынбасушылардың көлемі үлкен болғандықтан n-сульфоқышқылдар (n- пара) басым түзіледі. Жоғарыда көрсетілген сұлбадағы R-12 көміртегі атомынан тұратын алкилді топ. Алғашқыда БАЗ-ды синтездеу кезінде аралық өнім ретінде тармақталған алкилбензолдар қолданылды, бірақ қазір олардың бәрі сызықты туындыларына ауыстырылды, сондықтан осындай БАЗ-ды сызықты алкилбензолсульфонаттар деп атайды. Тармақталған туындылардың сызықтығы ауыстырылуы олардың өте тез биодеградациялануына негізделген. Алкилбензолды бензолды н-алкендермен (түзу сызықты) алкилдеу арқылы, немесе HF, AlCl3 қатысында алкилхлоридтермен алкилдеу арқылы алады. Реакция нәтижесінде фенилді топтар бойынша изомерлер қоспасы түзіледі.

Жуғыш заттар құрамында қолданылатын сульфонатты БАЗ-ң келесі типі парафиндер сульфонатты мен а-олефиндер сульфонаты болып табылады, соңғысын әдетте АОS деп атайды. Жалпы алғанда БАЗ-дар физика-химиялық қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар заттардың күрделі қоспасы болады. Парафиндер сульфонатын немесе н- алкандардың екіншілікті сульфонатын негізінен Еуропада өндіреді. Оларды парафинді күкірт диоксидімен (сульфототықтыру арқылы) және оттекпен ультракүлгін сәулесі қатысында сульфототықтыру арқылы алады. Ескі үдеріс бойынша парафиндер сульфонатын сульфохлорлау реациясы бойынша алады. Бұл үдеріс қазір де қолданылады. Бұл 2 үдеріс радикалды реакция болып табылады, ал екіншілікті көміртек атомы біріншілікті көміртек атомына қарағанда тұрақты бос радикал түзетіндіктен сульфотопша (екіншілікті көміртек атомының) кез-келген екіншілікті көміртегі атомына енгізіледі. C14- C17 көмірсутек қоспаларын кейде «Еуро-фракция» (Euro cut) деп атайды. Бұл қоспа ең көп тараған гидрофобтық шикізат, ал соңғы өнім ретінде бұл жағдайда изомерлер мен гомологтардың күрделі қоспасы көрсетілген.

а-олефиндер сульфонатын сызықты а-олефиндердің күкірт ангидридімен (SO3) реакциясы бойынша алады; нәтижесінде алкенсульфонат (60-70%) пен 3,4- гидроксиалкансульфонаттың (30%) және дисульфонат, т.б. заттардың қоспасы алынады. Бастапқы шикізат ретінде негізінен 2 олефинді фракцияны қолданады: C12-C16; C16-C18 Алкенсульфонаттардың гидроксиалкансульфонаттарға қатынасы реакцияға енгізілген SO3 пен олефин қатынасымен реттеледі: бұл қатынас неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым алкенсульфон қышқылы көп түзіледі. Гидрокси (2-этилгексил) алкансульфон қышқылының түзілуі аралық өнім циклды сультон (1,8-нафтолсульфо қышқылының циклды лактоны) арқылы жүреді, ол сілтімен бұзылады. Сультон улы болғандықтан оның соңғы өнім құрамында мөлшері аз болғаны өте маңызды. Сұлба түрінде төмендегідей көрсетуге болады:

 

Na ди (2-этилгексил) сульфосукцинаты (өндірістегі атауы аэрозоль ОТ немесе АОТ)- алкилсульфонатты БАЗ, ол беттік құбылыстарды зерттеуде кеңінен қолданылады. Бұл БАЗ гидрофобтық топшасының (көлемді) арқасында «майдағы су» микромайғынын (микроэмульсиясын) алуға өте ыңғайлы.

Изетионатты БАЗ-дар (жалпы формуласы R-COOCH2CH2 SO3 Na+) май қышқылдары мен изетион тұздарының күрделі эфирі болып табылады. Олар жұмсақ БАЗ-дар болып есептеледі, сондай-ақ косметика рецептерінде қолданылады.

Лигнинді, мұнай фракцияларын, алкилнафталиндерді, т.б. көмірсутекті фракцияларды сульфирлеу арқылы алынатын сульфонатты БАЗ-дар өндірісте диспергатор, майғындағыштар (эмульгаторлар),майғынсыздағыштар (деэмульгаторлар), ылғалдандырғыштар ретінде кеңінен қолданылады.

Сульфирленген спирттер мен этоксилирленген спирттер анионды БАЗ-дар ретінде жуғыш заттарда кеңінен қолданылады. Бұл күкірт қышқылының моноэфирлері, күрделі эфирлі байланыс рН-ң төмен мәнінде автокаталитикалық гидролиз нәтижесінде тез үзіледі. БАЗ-ды алу үшін шикізат ретінде көміртегі атомының саны 8-16 дейінгі сызықты және тармақталған спирттерді қолданады. Егер 12 көміртегі атомынан тұратын спирттің сызықты изомерін қолданса, оны каустикалық содамен бейтараптағаннан кейін натрийдің додецилсульфатын (ДСН) алады. ДСН – маңызды БАЗ –дың бірі. Аралық өнім ретінде қолданылатын этоксилирленген спирттер 2 немесе 3 оксиэтиленді туындысы бар алифатты спирттер болып табылады. Үдеріс жоғарыда қарастырылған сульфирлеу реакциясына ұқсас. Өндірістік өнеркәсіпте реагент ретінде күкірт ангидридін қолданады. Реакция аралық өнім ретінде пиросульфаттың түзілуі арқылы жүреді

 

R-OH+2SO3→R-O-SO2OSO3H+ R-OH→ROSO2H

 

Реакция сондай-ақ 1,4- диоксанның көп мөлшерде түзілуі арқылы жүреді. Диоксан улы болғандықтан одан айдау арқылы айрылады. Осындай БАЗ-ды әдетте этоксилирленген алкилсульфаттар деп атайды. Олар көпіршіктүзгіш қасиетке ие, теріге, көзге токсикалық әсері аз, сондықтан жуғыш заттар құрамында кңінен қолданылады (ыдыс жуғыш, шампунь, т.б.). Этоксилирленген спирттерді карбоксилаттарға айналдыруға болады, яғни этоксилирленген алкилкарбоксилаттар алуға болады. Бұл процесті натридің монохлорацетатымен жүргізеді. (Вильямсон синтезі).

 

R-(OCH2CH2 )n –OH+Cl CH2 COO- Na+ → R-(OCH2CH2 )n –O- CH2 COOH +NaCl

 

Вильямсон реакциясы бойынша аз шығым алыныды. Синтездеудің жаңа әдістері этоксилирленген спирттерді сілтілі ортада катализатор ретінде Pt ,Pd қолданып оттегімен немесе сутек пероксидімен тотықтыруға негізделген.

Бұл реакцияда этоксилат конверциясы жоғары шығыммен жүреді, сондай-ақ полиоксиэтилен тізбегінің тотығу деградациясы жүруі мүмкін. Этоксилирленген алкилкарбоксилаттар жеке гигиена заттары өндірісінде, БАЗ-дар ретінде жуғыш заттар құрамында пайдаланылады. Этоксилирленген алкилсульфаттар кермек суда тұрақты. Бұл екі типті БАЗ-дар кальций сабындарын диспергирлеуге өте биімді. Ол жеке гигиена заттарының құрамына кіретін БАЗ үшін өте маңызды. Кальций сабындарын диспергирлеу қабілетін әдетте кермектігі 0,0333% CaCO3 эквивалентті судағы 100г натрий олеатынан алынған кальций сабынын диспергирлеуге қажет БАЗ мөлшері (граммен алынады).

Фосфат–аниондық БАЗ-ды, мысал үшін алкилфосфаттар немесе этоксилирленген алкилфосфаттарды майлы спирттерді немесе этоксилирленген спирттерді фосфорлаушы агентпен өңдеу арқылы алады, әдетте ол үшін фосфордың пента оксидін қолданады. Реакция нәтижесінде фосфор қышқылының моно- және диэфирлерінің қоспасы алынады. Бұл заттар қатынасы реагенттер қатынасымен және су мөлшерімен анықталады:

 

6R-OH+P4O10→2R-O-P=O-OH+2R-O-P=O-OR

 

Барлық фосфатты БАЗ құрамында фосфор қышқылының моно-, диэфирлері бар, ал олардың мөлшері өндіргіш компонияға байланысты әртүрлі болады. Алкилфосфатты БАЗ-дың физико-химиялық қасиеттері әртүрлі эфирлердің қатынасына тәуелді болғандықтан БАЗ-дың басқа типіне қарағанда алкилфосфаттар ауыстырылмайды. Алкилфосфатты БАЗ өндірісінде фосфорлаушы агент ретінде фосфордың оксихлоридін (POCI3) қолдануға болады. Мұндада моно-, диэфир қоспасы түзіледі.

Фосфатты БАЗ металл өңдеу өндірісінде кеңінен қолданылады. Фосфатты БАЗ-дың басқа БАЗ-ға қарағанда металлургияда кеңінен қолданылуы оны антикоррозионды қасиетіне негізделген. Олар сондай-ақ өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын композициялар құрамында майғындағыштар ретінде болады.

Аниондық БАЗ туралы маңызды мәліметтер:

- Аниондық БАЗ-БАЗ-ң ең кең таралған класы;

- Әдетте аниондық БАЗ катиондық БАЗ-мен біріге алмайды;

- Кермек суға сезімтал, сезімталдығы мына қатар бойынша кемиді: карбоксилат>фосфат>сульфат~ сульфанаттар;

- Аниондық топшасы мен көмірсутек радикалы арасына қысқа полиоксиэтиленді тізбек енгізу аниондық БАЗ-дың тұздарға тұрақтылығын жоғарылатады;

- Аниондық топша мен радикал арасына қысқа полиоксипропиленді тізбек енгізу БАЗ-дың органикалық ортада ерігіштігін жоғарылатып, БАЗ-ң биоыдырау жылдамдығын төмендетеді.

- Сульфаттық БАЗ автокаталитикалық гидролиз нәтижесінде қышқыл ортада тез гидролизденіп кетеді. БАЗ-дың басқа типтері тұрақты болып келеді.






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.