Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Пугачев В.П. Политология. – М.,2001

Саясаттану

 

1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде

Сұрақтары:

1. Саясаттану саясат, билік, саяси жүйе, процестер туралы ғылым.

2. Саясаттанудың пәні мен объектісі. Саясаттанудың құрылымы.

3. Саясаттанудың әдіс-тәсілдері мен функциялары.

 

«Саясаттану» ұғымының анықтамасы. Саясаттану сөзі гректің «саясат» және «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттану сонымен қатар, басқа ғылымдардан өзінің әдістерімен, амалдарымен, талдауларымен ерекшеленетін, тұтас ғылым. Саясаттану ғылымының құрылымы саяси білім туралы қалыптасқан жүйе. Оның құрамына мына төмендегі мәселелер кіреді: саяси ілімдер тарихы, саяси философия, саяси әлеуметтену, саяси антропология және т.б.

 

Саясаттану объектісі – саясат, қоғамның саяси өмірі.

 

Саясаттану пәні – саяси биліктің өзгеруі мен қызмет етуінің, қалыптасуының заңдылықтары.

 

Саясаттанудың әдіс –тәсілдері( саясат туралы білім алу әдістері):

• әлеуметтанулық– саясаттың қоғамға тәуелділігін анықтауды қарастырады.

• мәдениеттанулық– саяси процестердің саяси мәдениетке байланысын анықтауға бағыт береді

• нормативтіқұндылық– саяси құрылыстың идеалын жасауға және оның практикалық жүзеге асыру жолдарын дайындауға бағыттайды

• функционалды– саяси құбылыстардың арасындағы байланыстарды анықтайды.



• бихевиористік(мінез –құлық) – саясатты жеке тұлғалар мен топтардың алуан түрлі мінез құлқын нақты зерттеу арқылы қарастырады

• жүйелеу– саясатты тұтас, күрделі ұйымдастырылған, өзін– өзі реттейтін механизм ретінде қарастырады

• институтционалды– саяси қызметтерді жүзеге асыратын институттардың көмегімен саясатты қарастырады (мемлекет, партия, саяси қозғалыстар және т.б.)

• антропологиялық– саясатты әлеуметтік факторлармен емес, адам табиғаты биологиялық организм ретінде қарастырылады

• салыстырмалы– жалпы сипаты мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында ұқсас саяси құбылыстарды салыстыра отырып қарастырады

• тарихи– саяси құбылыстарды уақыт дамуына сәйкес қарастырады

Саясаттанудың қызметтері:

• әдістемелік– саяси ғылымның қорытындылары негізінен анағұрлым жеке саяси теорияларға қызмет етеді

• теориялық танымдық– қоғамдағы саясаттың орны мен ролі туралы білімді қалыптастырады

• дүниетанымдық– белгілі бір саяси шындықтың көрінуіне бағыттайды

• реттеушілік– саяси білімнің саяси қызметке тікелей әсерін меңгеруді қарастырады

• болжамдық– болжау арқылы саяси құбылыстардың дамуының тенденцияларын ашады

• аксеологиялық– саяси процестерге ең жоғарғы баға береді

 

Саясаттанудың негізгі заңдылықтары:

пайда болу,қалыптасу және саяси қызығушылықтардың, көзқарастардың, тұжырымдамалар мен теориялардың даму заңдылықтарын

саяси биліктің мазмұны мен сипатының өзгеруі мен қалыптасуының заңдылықтарын

саяси процестердің дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын

 

Саясаттанудың негізгі кетегориялары:саясат, саяси билік, саяси ұйым, саяси жүйе, саяси режим, саяси құндылықтар, саяси мәдениет, саяси қызмет, саяси әлеуметтені және т.б.

 

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

Қазіргі қоғамдағы саяси ғылымның мәні неде?

Басқа қоғамдық ғылымдардан саясаттану ғылымының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қалай сипатталады?

 

Білімін тексеру тесттері:

1-тест.Сасаттану ғылымының зерттейтіні:

А) қоғамның саяси өмірінің, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процесі;

Б) адамдардың саяси мінез-құлқының психологиялық факторы;

В) қоғамның құрылымы және ондағы адамдардың мінез-құлқы;

Г) адамзат қоғамының саяси саласының жалпы заңдылықтары мен ұйымдасу принциптері және қызмет етуі;

Д) қоғамдық өмірдегі адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеу.

2-тест.Саясаттану ғылымының объектісі – бұл:

А) қоғамның саяси жүйесі мен өмірі;

Б) қоғамның экономикалық саласы;

В) саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету және өзгеру заңдылықтары;

Г) мемлекет және саяси партиялар;

Д) сезім арқылы берілген объективтік шындық.

3-тест.Саясаттану пәні – бұл:

А) саясат, қоғамдық өмірдің саяси саласы;

Б) қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық саласы;

В) саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің дамуы;

Г) саяси партиялар, ұйымдар мен қозғалыстар;

Д) бізге сезім арқылы берілген объективтік шындық.

4-тест.Саясатты тұтастай, оның табиғатын, адам үшін маңыздылығын, тұлға, қоғам мен мемлекеттік билік арасында өзара қатынасын зерттейтін және саяси құрылыстың үлгісі мен нормативтік ұстанымын, сонымен бірге саясатты бағалаудың жалпы өлшемдерін жетілдіретін білімнің саласы:

А) саяси тарих;

Б) саяси философия;

В) саяси география;

Г) саяси антропология;

Д) саяси психология.

5-тест.Саясат пен қоғамның, әлеуметтік құрылыс пен саяси институттардың және үрдістердің арасындағы өзара әрекеттерді зерттейтін ғылым:

А) саяси семиотика;

Б) саяси әлеуметтану;

В) биосаясат;

Г) саяси этика;

Д) саяси психология.

6-тест.Саяси үрдістердің (процестердің) олардың кеңістік жағдайымен, аймақтық, климаттық және басқа да табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейтін саясаттанудағы бағыт:

А) саяси экономия;

Б) саяси антропология;

В) саяси география;

Г) халықаралық қатынастар теориясы;

Д) геосаясат.

7-тест.Саяси ғылымдарының Халықаралық ассоциациясы қай жылы құрылды?

А) 1945 ж.

Б) 1946 ж.

В) 1949 ж.

Г) 1950 ж.

Д) 1951 ж.

8-тест.Бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастағы элементтер жиынтығынан тұратын, айқын біртұтастық ретінде қоғамның саяси саласын қарастыратын саясаттанудың әдісі:

А) салыстырмалы;

Б) құрылымдық-функционалдық талдау;

В) жүйелік;

Г) тарихи;

Д) әлеуметтанымдық.

9-тест.Саясатты оқып-білуді жеке адамдар мен топтардың алуан түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс:

А) бихевиористік;

Б) эксперттік бағалау әдісі;

В) жүйелік;

Г) іскерлік ойыны;

Д) әлеуметтанымдық.

10-тест.Саясаттың қоғамға тәуелділігін, саяси құбылыстардың әлеуметтік себептерін анықтайтын саяси ғылымдар әдісі:

А) метафизикалық;

Б) әлеуметтанымдық;

В) диалектикалық;

Г) нормативтік;

Д) институционалды.

11-тест.Идеалды саяси құрылымды жасауға және оны іс жүзіне асыруға бағытталған саясаттану әдісі:

А) тарихи;

Б) антропологиялық;

В) позитивтік;

Г) нормативті-құндылықты;

Д) мәдениеттанымдық.

12-тест. Саяси үрдістерді дамытудың тілек-қалау түріндегі және іс-жүзінде мүмкін нұсқаларын қарастырып, қалыптастыруға бағытталған саясаттанудың қызметі (функциясы):

А) методологиялық;

Б) болжамдық;

В) аксиологиялық;

Г) реттеушілік;

Д) дүниетанымдық.

13-тест. Саяси институттарға, құрылыстарға, мінез-құлықтарға, оқиғаларға баға беретін саясаттанудың қызметі (функция):

А) тәрбиелік;

Б) болжамдық;

В) аксиологиялық;

Г) басқарушылық;

Д) теориялық-танымдық.

14-тест.Саяси құбылыстар мен үрдістерді талдау тәсілдері мен амалдарын жасаудағы саяси ғылымның қызметі:

А) методологиялық;

Б) талдаушылық;

В) дүниетанымдық;

Г) реттеушілік;

Д) идеологиялық.

15-тест.Саясат туралы, оның қоғамдағы рөлі туралы білімдерді қалыптастыратын және толықтыратын саяси ғылымның қызметі:

А) әлеуметтік-сыншылдық;

Б) теориялық-танымдық;

В) басқарушылық;

Г) реттеушілік;

Д) тәрбиелік.

Семинар сұрақтары:

1.Саясаттанудың қоғамдық- гуманитарлық ғылымдар және оқу пәндері жүйесінде алатын орны.

2. саясаттану заңдары мен категориялары.

3. Жеке маман тұлғасын қалыптастырудағы саясаттану ғылымының маңызы, саясаттанудың қоғамдық қажеттілігі.

 

Реферат тақырыптары:

1. Саяси ғылымдар генезисі.

2 . Жеке маман тұлғасын қалыптастырудағы саясаттану ғылымының маңызы, қазіргі қоғамдағы саясаттану ролінің артуы.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Алмонд Г.Политическая наука: история дисциплины. // Полис.1997. №6

Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.

Гаджиев К.С. Введение в политическую науку.- М.,2001.

Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. Введение в политологию.- А.,2000

Мухаев Р.Т. Политология.Учебник для ВУЗов.- М.,2000

Пугачев В.П. Политология. – М.,2001

 

 

2 - тақырып. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде

Сұрақтары:

1. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Саяси ұғымы.

2. Саясаттың қызметтері мен типологиясы.

3. Саясаттың субъектісі.

 

Саясат– бұл саяси биліктің қалыптасуы мен қызмет ету тұрғысынан үлкен әлеуметтік топтардың (класстардың, ұлттардың, мемлекеттердің) арасындағы қатынастар, және олардың қызығушылықтарын білдіретін қоғамдық маңызды талаптар мен қажеттіліктерді жүзеге асыратын қызмет.

Саяси қызмет– бұл билік қызметін атқаратын жеке тұлғалар мен топтардың ұйымдасқан өзара қарым- қатынасы.

Саяси қатысу– бұл мемлекеттік немесе үкімет аппаратын қалыптастыруда тікелей қатысы жоқ. саяси белсенді адамдардың олардың қызметіне ықпал етуге тырысатын әр түрлі формадағы кәсіби емес саяси қызметтері.

Саяси шешім– бұл ұжымдық және жеке формада жүзеге асырылатын саяси қызметтің, кезеңдердің, әдістердің міндеттерін анықтайтын процесс және олардың жетістіктері,

билікті жүзеге асыру байланыстары.

Саяси прогресс– бұл саяси жүйедегі әр түрлі әлеуметтік қызығушылықтардың көрінуінің көбеюі, саяси қатынастардың дамуын жетілдірудің бағыттары.

 

Саясат типологиясы:

• ықпал ету объектісі бойынша

ішкі саясат

сыртқы саясат

• қоғамдық өмір бойынша:

экономикалық

әлеуметтік

ұлттық

әскери

мәдени

ғылыми – техникалық

экологиялық саясат

• саясат субъектісі бойынша:

мемлекеттік саясат

партиялық саясат

қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар саясаты

 

• қызметтерінің басымдылығы бойынша:

бейтарап саясат

ымыраға келу саясаты

«үлкен өзгерістер» саясаты

«темір қақпа саясаты»

«ашық есік» саясаты

ұлттық келісім саясаты

 

Саясат функциялары –бұл қоғамдағысаясаттың белгілерін көрсететін процестердің жиынтығы. Саясаттың негізгі функциялары:

қоғамның барлық топтары мен құрылымдарының билікке қатысты қызығушылықтарын бөліп көрсету

әр түрлі халықтың интеграциясын, қоғам жүйесінің тұтастығын, тұрақтылығын, тәртібін қолдау.

пайда болған қарама- қайшылықтарды шешу, қоғамдық процестерге жетекшілік ету және оны басқару.

мемлекет пен қоғам арасын өзара өркениетті қарым – қатынаспен қамтамасыз ету

жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру

 

Саясаттың субъектісі:жеке тұлғалар, әлеуметтік таптар мен топтар, ұйымдар, мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысушылар немесе оған ықпал етушілер. Саясат субъектісін шартты түрде үш деңгейге бөліп қарауға болады:

 

• әлеуметтік – тұлғалар және әр түрлі әлеуметтік таптар, оның ішінде жеке тұлға, кәсіби топтар, ұлттар, класстар, элита және т.б.

 

• институционалдық– мемлекет, партиялар, кәсіподақтар, саяси қозғалыстар, институтционалдырылған әр түрлі топтар және т.б.

 

• функционалдық–саясаттқа бірқатар ықпалы бар, саяси емес міндеттерді орындауға арналған әлеуметтік институттар (діни мекемелер, корпорациялар, спорттық ұйымдар, оқу орындары және т.б.)

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

Адам саясаттан тыс өмір сүре ала ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз:

«Саясат» термині қайда қашан пайда болды және ол нені білдіреді?

 

 

Білімін тексеру тесттері:

 

1-тест.Басқа қоғамдық құбылыстар арқылы сипатталатын саясаттың анықтамасы:

А) әлеуметтанымдық;

Б) субстанционалдық;

В) ғылыми құрылған;

Г) әрекеттілік;

Д) жүйелік.

2-тест.Саясаттың алғашқы негіздерін ашуға бағдарланған анықтама:

А) консервативтік;

Б) субстанциялық;

В) онтологиялық;

Г) телеологиялық;

Д) теологиялық.

 

3-тест.Барлық қоғам үшін міндетті шешімді дайындау, қабылдау және нақты іске асыру процесі ретінде сипатталатын саясаттың анықтамасы:

А) әрекеттілік;

Б) радикалдық;

В) жүйелік;

Г) әлеуметтанымдық;

Д) либералдық.

4-тест.Саясатты ұжымдық мақсатқа тиімді жету жолындағы іс-әрекет ретінде қарастыратын түсінік:

А) телеологиялық;

Б) құрылымдық;

В) жүйелік;

Г) коммуникативтік (қатынастық);

Д) позитивтік.

5-тест.Өзара байланысқан және өзара себепші болған элементтер қатарынан тұратын, оны бүтіндей қабылдауға бағытталған саясаттың түсіндірілуі (интерпретациясы):

А) эмпирикалық;

Б) диалектикалық;

В) жүйелік;

Г) болымсыздық;

Д) институционалдық.

6-тест.Әлемдік саяси ғылымда қоғамның саяси ұйымын, мемлекетті белгілегенде осы сөздің кең мағынасында белгілі бір термин қолданылады. Соны атаңыз:

А) polity (полити немесе полития);

Б) policy (полиси);

В) politics (политикс);

Г) плюрализм (көппікірлік);

Д) популизм.

7-тест.Орталықтанған биліктің мәнін, әрекет түрін, сондай-ақ басқа да саяси акторлардың: партиялардың, кәсіподақтардың және т.б. беталыс тәсілін, шешімдер қабылдау сипатын көрсететін белгілі бір термин қолданылады. Соны атаңыз:

А) саясаттану;

Б) policy (полиси);

В) демократия;

Г) бойкот;

Д) агрессия.

8-тест.Саясатты, ондағы дау-жанжалдың (шиеленістің) пайда болуы және оны шешу тұрғысынан қарастыратын термин:

А) денонсация;

Б) компромисс;

В) politics (политикс);

Г) маркетинг;

Д) обструкция.

9-тест.Қоғамды жаппай саясаттандыру, экономиканы, мәдениетті және т.б. саяси басқарудан шығатын саясат тұжырымдамасы:

А) анархистік;

Б) тоталитарлық;

В) либералдық;

Г) консервативтік;

Д) теократиялық.

10-тест.Қандай тұжырымдамалар саясатты, кез келген ұйымдасқан билікті зорлыққа, жеке тұлғаны басып-жаншуға теңеп, оны кез-келген уақытта ассоциациядан шығуға ерікті тәуелсіз адамдардан тұратын ерікті ұйымға, өзін-өзі басқару жүйесіне алмастыруға ұмтылады?

А) анархистік;

Б) радикалдық;

В) социалистік;

Г) эгалитарлық;

Д) теократиялық.

11-тест.Қоғамдық жүйені мемлекет пен азаматтық қоғамға бөлетін саясаттың тұжырымдамасы:

А) либерализм;

Б) кейнсиандық;

В) тоталитаризм;

Г) анархизм;

Д) консерватизм.

12-тест.Саяси килігудің нақты шекаралары белгіленген жағдайда мемлекеттің экономикаға, әлеуметтік қамсыздандыру саласында, еңбек, жұмысбастылық және тағы басқа да қоғамдық қатынастарға араласу мүмкіндігін білдіретін саясат тұжырымдамасы:

А) марксизм;

Б) кейнсиандық;

В) коммунизм;

Г) анархизм;

Д) социал-реформизм.

13-тест.Саясат парадигмасы – бұл:

А) саяси шындықты қабылдау және түсіну тәсілдерін айқындайтын ерекшелікті логикалық ойлау үлгісі;

Б) іс жүзінде орындалған, болып кеткен әрекеттердің псевдологиялық негіздемелері;

В) қоғамдағы қалыптасқан жүйеге көп өзгеріс әкелмейтін саяси қайта құру, құрылымды өзгерістер;

Г) саяси қызметтің әдісі;

Д) жалпыға міндетті нормалар жүйесі.

14-тест.Саясатты қоғамдық өмірдің басқа салаларының ықпалы, саяси субъектінің әлеуметтік-мәдени қасиеттері арқылы сипаттайтын парадигма:

А) әлеуметтік;

Б) ұтымды-сыни;

В) натуралистік;

Г) теологиялық;

Д) футурологиялық.

15-тест.Саясаттың ішкі табиғатын, оның маңызды элементтері мен олардың өзара әрекеттестігін ашып көрсетуге, саяси өмір қарқындылығының (динамикасының) негізінде жатқан шиеленістер ықпалына негізделетін парадигма:

А) қоғамдық;

Б) ұтымды-сыни;

В) натуралистік;

Г) дін ілімі;

Д) идеологиялық.

 

Семинар сұрақтары:

 

1. Саясаттың жалпы ұғымы. Саясаттың шығуы.

2. Саясаттың табиғаты мен әлеуметтік белгілері: теориялық талдау (директивті, функционалды, коммуникативті).

3. Қоғамдағы саясаттың шекарасы.

 

Реферат тақырыптары:

 

1. Саясат ғылым және өнер ретінде.

2. Саясаттың әр түрлі тұжырымдамалары мен анықтамалары.

3. Саясат және экономика.

4. Саясат және мәдениет.

5. Саясат және психология.

6. Саясаттағы білім және интуиция.

7. Саясат және адамгершілік.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Ануфриев Е.А. Субъективные основы и субъекты политики. // Социально-политический журнал .1996. №4.






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.