Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Пуск-панель управления-дата и время

Кіріспе

Мен, Оңласын Ақерке, Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжінде 2016 жылдың қаңтар айының 18 мен 29 аралығында педагогикалық-психологиялық тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту кезіндегі негізгі мақсат - білім беру мекемесінің жұмысымен танысу. Колледждің оқу жүйесімен, бағдарламасымен жалпы таныстым, білім беру мекемесінің қызметкерлерінің жұмысының мазмұны, мұғалім-студент қарым-қатынастарының психологиялық негіздерімен таныстым. Білім ошағы– жарты ғасырдай тарихы бар, қаланың алдыңғы қатарлы оқу орны болып саналады. Қазіргі таңда мектеп директоры Орынбаева Жанар Рымбекқызы .

Тәжірибенің мақсаты бойынша мен өз бетімше педагогикалық іс-әрекеттермен танысып, түрлі педагогикалық іс-шараларға қатысып, кәсіптік- педагогикалық білімдер мен дағдыларды үйрендім, міндетіме сай жұмыс атқардым. Ал тәжірибе өтудегі міндеттер мыналар:

• Университетте алған теориялық білімді тереңдету және бекіту, оларды

іс жүзінде саналы қолдана білу;

• Оқытушының білім беру тәсілдеріне назар аудару;

• Түрлі кәсіптік-педагогикалық білім беру жүйесімен танысу;

• Өндірістік жетекшіміздің берген тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

• Кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығымызды дамыту ;

• Сабақтарға қатысып, бақылап, талдау жасай білу;

• Сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткізуге дайындалу;

Педагогикалық тәжірибе болашақ кәсіптік іс-әрекетке жақын жағдайларда өтті.Тәжірбиені өту барысында біз кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетті жүргізу амалдарымен танысып, кәсіптік-педагогикалық білімдер, дағдылар мен біліктерді меңгердім.



Бұл педагогикалық тәжірибе кәсіптік педагогикалық іс-әрекетке дайындайтын тұтас педагогикалық процестің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл тәжірбиеде білім алушылардың сабақтарына қатысу, сынып тыс тәрбиелік жұмыстар жүргізу, есепке қатысты материалдар жинау жұмыстарына көңіл бөлінеді.

 

Оқу мекемісінің жалпы сипаттамасы

Жамбыл политехникалық колледжі - Тараз қаласындағы орта кәсіптік білім беретін оқу орны. Негізі 1954 жылы қаланған.Білім мекемесі алғашында 1954 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің № 1254-P шешімі негізінде кешкі мерзімде суперфосфат зауыты (ДХМТ) базасында оқытатын Жамбыл химиялық-механикалық техникумы ашылады. Сондай-ақ , Қаратау қаласында Қаратау тау-кен және химия комбинаты негізінде кешкі мерзімде оқытатын филиал құрылады. 1955 жылы техникумға 60 оқушы қабылданып, 1959 жылы оқу орнын алғашқы түлектері бітіріп шыққан.

1965 жылы 21 қыркүйекте Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №1603-R бұйрығы негізінде Қаратау кешкі химиялық-механикалық колледжі филиалы кешкі мерзімде оқытатын Қаратау тау-кен және құрылыс техникумына айналды. 1970 жылы күндізгі бөлім ашылып, 1975 жылы электротермистерді, 1979 жылы техник-гальваниктерді, 1980 жылы КИПиА техниктерін дайындайтын бөлімдерде білім беру қызметтері жүргізілген. 1971-1974 жылдары техникумға жаңа типтік ғимарат, оқу және зертханалық корпустар мен шеберхана ғимараты пайдалануға беріледі. 1995 жылы Жамбыл химия-механикалық техникумы Жамбыл политехникалық техникумы болып өзгертілді.1996 жылы Жамбыл политехникалық техникумына колледж мәртебесі берілді. 1997 жылы колледж Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының құрамына кірді. 1998 жылы облыс әкімінің Қаулысына сәйкес Жамбыл политехникалық колледжі болып қайта құрылды. 2009 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып табылады.

Әр кезеңдерде оқу орнын К.Л.МАксимов (1954-1972жж.), Ю.П.Тютюнников (1972-1976жж.) , А.С.Мамашев (1976-1990жж.), Р.Л.Нордгеймер (1991-1993жж.), Ж.Д.Досанқұлов (1994-1997жж.), Д.И.Абдраймов (1998-2004жж.), Б.Ш.Егембердиева (2005-2012жж.) сияқты директорлар басқарды. Аталған басшылар оқу орнының қалыптасып дамуына, мамандар даярлау сапасын арттыруға үлкен үлес қосып,өз қолтаңбаларын қалдырды. Қазіргі таңда колледж директоры - Жанар Орынбаева.

Колледж құрылымы:

Типтік оқу-зерттеу корпусы

Административті-шаруашылық корпус

Пән кабинеттері – 40

Зертхана-11

Компьютерлік сынып-15

Мультимедиялық кабинет-22

Интерактивті тақта-14

Ұсталық оқыту кабинеті – 6

Кітапхана

70 адамдық оқу залы

Спорт зал – 2

340 адамдық акт залы

 

2015-2016 оқу жылында технология, экономика, педагогика т.б. салаларында 21 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде барлығы 2158 студент білім алуда.Мамандықтардың толық тізімі қосымшасында көрсетілген.

Жамбыл политехникалық колледжінде республикалық және халықаралық деңгейдегі спорт жарыстары өткізіліп тұрады. Колледж студенттеры Тараз қаласының қоғамдық өміріне, мәдени іс-шараларына белсене араласады. 2001 жылдың "Жылдың ең жақсы колледжі" деп аталатын республикалық байқауда Жамбыл политехникалық колледжі 1 орынды иеленді.

Жамбыл политехникалық колледжі жайлы толығырақ ақпарат «Жамбыл политехникалық колледжіне 60 жыл» және «Үкілім-ай» журналының «Келешегі кемел білім ұясы» атты журналдардың баспасында жарияланған. Олар және қосымшаларында көрсетілген.

 

 

Оқу жұмысы

Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжінің өзекті мәселесі: «Оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану».

Мақсаты:

• Болашақта еңбек етуге қабілетті, білімді, жоғары дәрежелі мамандарды даярлау;

• Жаңа мәліметтер мен интерактивті технологияны енгізу негізінде білім беру сапасын жоғарылату;

• Жоғары әдістемелік деңгейде барлық сабақтарды өткізуді қамтамасыз ету;

• Студенттердің біліктілігін арттыру, білімі мен қабілеттілік деңгейін анықтау;

Міндеттері:

• Әр студентке қабілетіне қарай Мемлекеттік стандарт талабы бойынша сапалы білім беру;

• Студенттердің ерекшеліктеріне бағытталған әр деңгейлі саралап оқыту технологиясын енгізу негізінде әр студентке оқу материалын толық меңгеруіне қол жеткізу, білім сапасын көтеру;

• Ұлттық мәдениетпен қатар, әлем мәдениетіне де,оқушыны да хабардар ете отырып, ойлау өрісін кеңейту, өзіндік пікір айту қабілетін шыңдау, қызығушылығын арттыра отырып, жеке тұлға қалыптастыру;

• Студенттердің білім алуға дайындық деңгейін, сапасын және жеке қабілеттерін айқындап, нақты көрсеткіштерін ғылыми тұрғыда негіздеу, сол көрсеткіштермен студенттің оқу және танымдық , шығармашылық іскерлігін бағалау;

• Колледжде білім беру мазмұнына сай енгізілген жаңа технологияларды студенттердің жүйелі меңгеруіне, сабақ тиімділігі мен білім сапасын , деңгейін көтеруіне бағытталған оқытушылардың кәсіби жетілдірудің бағдарламасы арқылы оқу-әдістемелік жұмысты дұрыс жолға қою;

• Студенттердің сапалы білім алуына және оқытушының дидактикалық мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін материалдардың базасын жетілдіру, қажетті техникалық құралдардын, дидактикалық құралдарды және көрнекіліктерді толықтырып отыру.

 

Менің оқу жұмысым

Мен тәжірибеден өту барысында колледждің оқу жұмысымен толық таныстым. Мекеменің оқу жұмысына байланысты нормативтік құжаттар мен оның жүргізілу тәртібімен таныстым.Ол құжаттарға: колледжің жұмыс жоспары; куратордың жұмыс жоспары; сабақ өткізу жоспары; журналмен және электронды журналмен жұмыс істеу тәртібі және студенттердің жеке іс-қағаздары мен орындайтын тапсырмалар жатады.Мен бұл құжаттармен танысу барысында сабақ жоспарын қалай құру керектігін, ашық, тәрбие сабақтарын өткізудегі педагогтың атқаратын жұмысын үйрендім.

Мен өзімнің университеттен алған теориялық білімімді тәжірибеде қолданып, өз білімімді одан әрі шыңдадым. Жетекшімнің жеке берілген тапсырмасы: «Оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану ерекшеліктері» бойынша мәліметтерді кітаптардан, интернет желісінен ізденіп, орындадым. Жеке жұмысымның толық нұсқасы қосымшасында көрсетілген. Жетекшім - информатика пәнінің мұғалімі,магистр Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы жаңа сабақты интерактивті тақта көмегімен, студенттерге компьютермен жұмыс жасата отырып, студенттерге танымды сабақ өткізді. Мен осы 2ИС-14-2 тобына жетекші болдым.Топтың тізімі қосымшасындакөрсетілген.

Оқу- танысу педагогикалық-психологиялық тәжірибе өту барысында жоғары мамандандырылған педогогтардың ИС-204 тобына өткізілген информатика пәні бойынша тақырыбы:«Windows операциялық жүйелерін баптау» ашық сабағына қатыстым.Ашық сабақ қосымшасында көрсетілген. Ашық сабаққа талдау жасадық. қосымшасында сабақтың талдауыкөрсетілген. Мұғалім сабақты тиянақты, ұғымды қылып түсіндіреді және студенттерден түсіндірген сабағын талдап сұрайды.

 

 

 

Тәрбие жұмысы

Жамбыл политехникалық колледжінде тәжірибе жетекшісі мен 2ИС-14-2 тобының студенттерімен бірге тәрбие сағатын өткіздік. Тәрбие сағатына директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, оқытушылар да арнайы шақырылып қатысты. Колледжегі тәрбие жұмысының мақсаты: ұлттық сана-сезімі оянған , рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы мол, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеу.

Мақсаты – студенттерге этика, эстетика ережелерімен таныстырып, отбасындағы, достарының арасындағы, мектептегі, қоғамдық ортадағы тәрбиенің ерекшеліктері, дүниетанымымен таныстыру.

Міндеттері – арнайы тәрбие арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыруға, осы идеяларға негізделген үйірме жұмыстары , іс-шаралар өткізу, кештер, кездесулер , интелектуалдық – танымдық ойындар , т.б.өткізу.

• студенттерді жалпы азаматтық құндылықтарға тарту , сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;

• баланың ұлттық сапасын қалыптастыру , халыққа деген құрмет , мақтаныш ұялату , ұлттық рухын дамыту;

• ана тілін, дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін кәсіби меңгеріп , салт- дәстүрін , мәдени мұраларын қастерлеу;

• шыдамдылық, намысшылдық, жинақылық, сенімділік мінезін қалыптастыру;

• Сұлулықты сүйетін , салауатты ұлт алдында ерекше істерді атқаруға қабілетті, іскер, білімді , жауапкершілігі мол , текті, алғыр тұлға қалыптастыру;

• Осы мақсатқа орай аталған сатыға қарай мынандай үйірмелер жұмыс істейді: шахмат, футбол, баскетбол, волейбол, ән өнерінен сайыстар.

 

Менің тәрбие жұмысым

Қаңтар айының 28-і күні Жамбыл политехникалық колледжінде тәжірибе жетекшісі Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы мен 2ИС-14-2 тобының студенттерімен бірге «Жан қазынасы - адамгершілік негізі» атты тәрбие сағатын өткіздік. қосымшасында көрсетілген.

Колледжде осы құрылымның барлық сатылары жұмыс істеуде, ол үшін нақты материалдық-техникалық база жасалған. Колледжде білім стандартының жоғары деңгейіне, қосымша үйірмелер арқылы оқуға қызығушылығының туындауына жағдайлар туғызуға бағыттталған дамыта оқу жүйесі қарастырылады, яғни деңгейлік , тереңдете оқыту, ерте кәсіби бағдарлау мақсатында студенттердың сұрауына қарай оқу саралана жүргізілді.

Сынып жетекшісі студенттермен жан-жақты тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл өткізілген тәрбие жұмыстары болашақта студенттердің адамгершілікке, ізгі қасиеттерге, еліміздің патриоты ретінде тәрбиеленуіне бағытталған.Тәрбиенің негізгі бағыттары қосымшасында көрсетілген.

Осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатына сәйкес өткізілген тәрбие сағатында еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын,өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .

 

 

Қорытынды

 

Мен, Оңласын Ақерке, КЖжКББ факультетінің 201-топ студенті Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжінде 2016 жылдың қаңтар айының 18 -29 аралығында педагогикалық-психологиялық тәжірибеден өттім. Осы өткізілген тәжірибе берілген жеке жоспар негізінде жүргізілді. Алғашқы күні оқу орнымен жалпы таныстым. Жауапты жетекшім болып информатика пәні мұғалімі,магистр Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы белгіленді.

Тәжірибе өту барысында оқу-тәрбие,өзіндік оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстым, мұғалімнің сабақтарына қатыстым, сол мұғалімдермен сабақты талдау нәтижесінде өзім білмейтін жаңа мағлұматтармен таныстым.

Болашақ маманға қажетті білімдер мен дағдылардың қалыптасуына педагогикалық қабілеттілікті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бұл тәжірибеден тұтас педагогикалық үрдісті бақылау мен талдау, кәсіптік үлкен тәжірибе әдіс тәсілдері меңгеріледі.

Университетте алған теориялық білімдерді тереңдетіп, іс жүзінде ұштастыра қолдана білдім. Тәжірибе барысында тағайындалған жетекшім, 2ИС-14-2 тобында кураторлық қызметын атқарады, студенттермен тығыз қарым-қатынас жасайды. Олардың сабақтарына қатысып, сабақтан тыс та тәрбие жұмыстарына атсалысып, бақылап, тәжірибе жинақтадым. Соңғы күні тәжірибе жұмыстарын аяқтап, оны есеп беруге енгізу тіркелді. Менің жұмысымда жетекшім көп көмектесті.

Танысу тәжірибесі теориялық білімді практикалық біліммен байланыстыру көмегі өте зор.Тәжірибе кезінде мен мұғалімнің сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмысына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым.

Психологиялық – педагогикалық тәжірибе теориялық білімді тәжірбиелік біліммен байланыстыру кезінде көмегі өте зор. Тәжірбие барысында оқытушылардың сабақты беру кезіндегі өзіндік бір амалдарымен таныстым. Жетекшімнің берген барлық тапсырмаларына аса жауапкершілікпен қарадым. Тәжірибе кезінде мен оқытушылардың сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмыстарына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым. Тәжірибені өту кезінде педагогикалық қарым-қатынастың білімдері мен біліктерін дамыттым.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған индустриалды – инновациялық даму стратегиясында ғылыми – техникалық прогресстің қарқынмен дамуына және елдің халық шаруашылығындағы дамудың интенсивті факторлардың қолданылуына көшу бағдарламасы жастардың кәсіптік даярлығына жаңа жоғары талаптар қояды. Бұл дайындықтың негізі мектепте қаланады.Сондықтанда мектептерде кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе екенін атап көрсетті.

Білім беру бағытындағыкәсіби бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Соңғы кездерде кәсіби бағдар беру жұмыстары оқу орындарында қажетті теориялық және тәжірибе деңгейде жүргізіледі және де еңбектің іс-әрекет саласына аяқ басқан жастарға заманауи қоғам қоятын міндеттерге жауап беретін кәсіп таңдауда жол сілтеп келеді. Колледжде кәсіптік бағдар берудің мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты ары қарайғы жалғастыратын мамандықтарын дұрыс таңдауға дайындау.

Колледждегі студенттердің белгілі бір білім саласына қызығушылығы мен бейімділігін – анкеталау, әңгімелесу арқылы кәсіптік ұмтылуы мен жеке ерекшеліктерін, кәсіби мақсаттарын біліп, тексеріп отырады.

Мен пратикадан өту барысында 2ИС-14-2 тобының студенттеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Студенттерге ең әуелі Қазақстан Республикасының Президенті жолдауында айтылғандай жастардың қоғамдық сұраныстарға жауап беретін мамандықтарды таңдауына бағыт бердім. Себебі, қазіргі таңда елімізде саны көп сапасы жоқ мамандар көбейіп, еліміздің болашағына қажетті техника, ауыл шаруашылық мамандарының аз екенін айта отырып,ретінше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро - техникалық университетінің мынадай факультеттері бар деп таныстырып өттім;

• Агрономиялық;

• Техникалық;

• Энергетикалық;

• Экономикалық;

• Архитектуралық;

• Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру;

• Жерге орналастыру;

• Зооветеринарлық кафедралар.

Сонымен қатар, университетіміздің білім беру жүйесі мен қазіргі таңдағы көп тілде білім беретін топтар жайлы айтып өттім. Әңгіме барысында кейбір студенттер колледжді оқып аяқтағаннан кейін біздің университетімізді таңдауға ниеттері барлығын айта кетті және біздің университетке деген өз қызығушылықтарын білдірді. Студенттер тарапынан мынадай сұрақтар көптеп қойылды:

- Қазақ агротехникалық университетіне грантқа қанша баллмен түсу мүмкін?

- ҚазАТУ-да қандай мамандықтар бар?

- Университет мұғалімдерінің студенттерге қоятын талаптары қандай?

- Қазақ агротехникалық университеті қандай шет елдермен мобильді байланыс орнатқан?

- Университеттен жатақхана беріледі ма?

- Қандай студенттік ұйымдар жұмыс істейді? және т.б.

Мен студенттердің қойылған сұрақтарының барлығына дерлік толық жауап беруге тырыстым. Оларға университетіміздің сайтына кіріп,толық ақпараттармен танысып, жаңалықтарымыздан хабардар болып отыруларына кеңес бердім.Осылай, колледж студенттеріне ары қарайғы білімін біздің университетімізде жалғастыруға үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, кәсіптік бағдар бердім.

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйелерін баптау

Сабақтың мақсаты:

 

1.Білімділік: Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерімен,Басқару

панелі қапшығын іске қосуды,Күнді және уақытты баптау,

Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптауды үйрету,меңгерту.

 

2.Дамытушылық:Студенттердің компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін,

логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,алған білімдерін

нығайту,өз ойын толық айтуға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік:Өзін-өзі бағалауға,еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға,

таза жазуға,уақытты тиімді пайдалануға,компьютерлік

сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пікірлесіп түсіндіру,практикалық жұмыс элементтері бар

баяндау,демонстрациямен түсіндіру.

 

Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

 

Сабақтың оқыту формасы:Блум жүйесі

Пән аралық байланыс:Орыс тілі,ағылшын тілі,математика.

Программалық-дидактикалық қамсыздандыруы: Windows операциялық

жүйесі,оқулық,перфокарталар,кеспе қағаздар,ДК-лер,

интерактивті диапроектор.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Студенттер білуі тиіс:

Windows жұмысын іске қосу және аяқтау ретін;

Жұмыс үстелі ұғымын;

Тышқанмен орындалатын әрекеттерді;

 

Студенттер үйренуі тиіс:

1.Тышқанмен орындалатын механикалық әрекеттерді;

2.Басқару панелі қапшығын іске қосуды;

3.Күнді және уақытты баптауды;

4.Жұмыс столының реңінің өрнегін баптауды;

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Студенттермен сәлемдесіп,түгендеу.

2.Оқу-құралдарын қадағалау.

3.Студент назарын сабаққа аудару.

ІІ.Білім.Үй тапсырмасын пысықтау,қайталау сұрақтары:

1.Информатика нені зерттейді?

2.Операциялық жүйе дегеніміз не?

3.Интерфейс дегеніміз не?

4.Қандай операциялық жүйелерді білесіңдер?

5.Компьютердің қосымша құрылғыларын ата.

 

Ф И Л В О Р Д

Т І Н Т У

Е Ж Е Л І

Р Е З Е Р

И Н Ф О Р

П Л А М

Е П Е Ц А

Р А Ш И Т

Н П К Л И

Е Т А Б К

Т А Қ Т А

 

Бұл филвордта 10 сөз жасырылыған.Бұның бәрі информатикаға байланысты сөздер.Тышқан,Желі,Терезе,Информатика,Формат,Пернетақта,Таблица,Файл,Папка,Тақта.

 

Қанша тілді білесің?

 

1.Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың? (тінтуір,мышь,mouse)

 

2.Мәліметті сұраған

Экранға шығарған. (бейнебет,монитор,monitor)

 

3.Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе,окно, Windows)

 

ІІІ.Түсіну. Жаңа сабақты меңгерту.

Операциялық жүйе дегеніміз-бұл командаларды іске қосқан кезде барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.

 

Терезе- Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады.

 

Терезе-кез келген мәліметтер өңделіп,түзетіледі,басқару әрекеттері жүргізіледі.

 

Жұмыс столы-операциялық жүйелер.

 

Әрбір пайдаланушы компьютерді өз мәнеріне сәйкес терезенің түсін өзгертіп,жұмыс столының бетіне өрнек таңдап немесе оған стандартты сурет қойып,командалар қаріпінің өлшемін үлкейту,кішірейту,маустың қозғалту жылдамдығын орнатып баптауына болады.

 

Windowsтың баптауларын қарастырайық:

Пуск-панель управления

 

 

Күнді және уақытты баптау.

Пуск-панель управления-дата и время

Дата и время (күн мен уақыт) терезесі.

Жұмыс столын баптау






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.