Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Тері ішіне иньекция жасау техникасы

Егу календары

(2008 жылғы 22 қаңтардағы №40 қаулысындағы қосымшаларымен)

 

Жасы БЦЖ ОПВ ВГВ АКДС bТипті гемофильдік жұқпа (Hib) АДС АД- М АДСМ ККП Қызамық
0 – 4 күн + +
2 ай + + + +
3 ай. + + +
4 ай + + + +
12 -15 ай + +
18 ай + +
6 жас (1-ші cынып) + + +
12 жас +
15 жас +
16 ж +

БЦЖ – туберкулезге қарсы

ОПВ - полиомиелитке қарсы

ВГВ- вирусты гепатит В-ға қарсы

АКДС - көкжөтел, дифтерия, сіреспеге қарсы

(Hib) антигемофильді- синусит, фронтит, отиттің асқынуларының алдын-алу үшін

АДС - дифтерия, сіреспеге қарсы

АД –М – дифтерияға қарсы

ККП - қызылшаға, қызамық, мысқылға қарсы

Қызамық – қызамыққа қарсы (тек қана қыздарға)

Жүкті әйелдің алғашқы патронажы бетін толтыру

Мақсаты:Жаңа туған баланың ауруларының алдын алу.

Жүкті әйелдің денсаулығын бақылау.

Көрсеткіші:Әйелдің жүктілігі.

Керекті құралдар:Жүкті әйелдің алғашқы патронажы беті.

Іс-әрекет алгоритмі:Жүкті әйелдің алғашқы патронажы бетін толтырыңыз.

Жүкті әйелдың алғашқы патронажы.



1-ші бару мерзімі «____» 200 ж. участкінің № _____

Жүкті әйелдің аты- жөні _____________________,Жасы___________

Мекен – жайы _________________________________________

Жұмыс орны _____________________ мамандығы_________________

Жолдасының аты-жөні_______________________________________

Жасы______, жұмыс орны_________________, мамандығы_________

Акушерлік анамнез:

Жүктіліктің нақты мерзімі_____________________________________

Жанұя мүшелерінің денсаулығы______________ ,туберкулез________,

венерологиялық _________психикалық______________,

аллергиялық_______________

Жүктілік кезіндегі ауырған аурулары____________________________

____________________________________________________________

Немен емделді_______________________________________________

Ауруханаға жатуы және жүктіліктің қай мерзімінде______________

Қазіргі қаралуда жүкті әйелдің шағымдары және көңіл-күйі_________

____________________________________________________________

Санитарлық-гигиеналық режимнің сақталуы______________________

Құнарлы тамақтану___________________________________________

Демалыс, серуендеу, гимнастика_______________________________

Тұрмыс жағдайы_____________, аумақ______________, кв.м.,______

Жарық, қараңғы, құрғақ, дымқыл ( астын сызу ).

Әйелдер кеңесінде қаралу жиілігі_______________________________

« Аналар мектебінде » неше рет болды:

әйелдер кеңесінде_____балалар поликлиникасында_____

Дәрумендер қабылдауы______________, Д3 7 айда_________________

УФО 35 аптада______________________________________________

Емшекпен тамақтандыру үшін емізіктерді қалай дайындайды_______

____________________________________________________________

Дүниеге келетін балаға дайындық_______________________________

Емшектегі баланы тәрбиелеу жайлы әдебиеті бар ма______________

Жеңіл жұмысқа ауыстырылды ма______________________________

Қан тобы____________________, Резус_________________________

Осыған дейін берілген кеңестерді орындауы_____________________

Кеңестер берілді және осы тақырыпта әңгіме жүргізілді: 1. «__»

2. «____________».

Медбике_________________________

Жүкті әйелдің екінші патронажы бетін толтыру

Мақсаты:Жаңа туған баланың ауруларының алдын алу.

Жүкті әйелдің денсаулығын бақылау.

Жүкті әйелдің жаңа туған балаға күтім жүргізуге дайындығын тексеру.

Көрсеткіші:Әйелдің жүктілігі.

Керекті құралдар:Жүкті әйелдің екінші патронажы беті.

Іс-әрекет алгоритмі:Жүкті әйелдің екінші патронажы бетін толтырыңыз.

Жүкті әйелдің екінші патронажы.

2-ші бару мерзімі «_____» 200 ж. участкінің № _________

Жүкті әйелдің аты-жөні_________________________, Жасы________

Мекен-жайы_________________________________________________

Жұмыс орны__________________________, мамандығы____________

Жолдасының аты-жөні__________________________, Жасы________

Жұмыс орны___________________________, мамандығы___________

Акушерлік анамнез:

Жүктіліктің нақты мерзімі____________________________________

Жанұя мүшелерінің денсаулығы____________________, туберкулез__________Венерологиялық_________психикалық_______

Аллергиялық ауруы__________________________________________,

Жүктілік кезіндегі ауырған аурулары____________________________

Немен емделді_______________________________________________

Ауруханада жатуы және жүктіліктің қай мерзімінде_______________

Қазіргі қаралуда жүкті әйелдің шағымдары және көңіл-күйі_________

Санитарлық-гигиеналық режимнің сақталуы_____________________

Құнарлы тамақтану___________________________________________

Демалыс, серуендеу, гимнастика_______________________________

Тұрмыс жағдайы_________, аумақ____________, кв.м.,___________

Жарық, қараңғы, құрғақ, дымқыл ( астын сызу ).

Әйелдер кеңесінде қаралу жиілігі:

« Аналар мектебінде » неше рет болды:

әйелдер кеңесінде__________________________________

балалар емханасында ________________________________

Дәрумендер қабылдауы________________Д3 7 айда_______________

УФО 35 аптада_______________________________________________

Емшекпен темеқтандыру үшін емізіктерді қалай дайындайды________________________________________________

Дүниеге келетін балаға дайындық______________________________

Емшектегі баланы тәрбиелеу жайлы әдебиеті бар ма______________

Жеңіл жұмысқа ауыстырылды ма______________________________

Қан тобы _____________, Резус _______________________________

Осыған дейін берілген кеңестерді орындауы_____________________

Кеңестер берілді және осы тақырыпта әңгіме жүргізілді: 1. «___»___________20___ж.

2. «____».___________20___ж.

Медбике_________________________

Жаңа туған балаға алғашқы патронаж бетін толтыру

Мақсаты:Жаңа туған баланың жағдайы туралы мәліметтер жинау.

Жаңа туған балаға құжат (№112 форма) толтыру.

Көрсеткіші:Жаңа туған баланың перзентханадан шығарылуы.

Іс-әрекет алгоритмі:Жаңа туған балаға алғашқы патронаж бетін толтырыңыз.

Жаңа туған балаға алғашқы патронаж

Алғашқы келу. «____»________________ж. Участок №________

Баланың аты-жөні____________________________ жасы ___________

Жынысы ұл

қыз (астын сызыңыз)

_____________________________________перзентханасында туылды

Баланың туылған күні «____»________________ж.

Перзентханадан шығарылған күні «_____»__________________ ж.

Перзентханадан шығарылуы кешіктірілген себебі

баланың жағдайына байланысты_____________________________

анасының жағдайына байланысты___________________

Бала шала, жетіліп туылды (астын сызыңыз)

Жүктілік кезіндегі ерекшеліктері_______________________________

Жүктілік кезінде патронаж _____ рет жүргізілді, жүргізілмеді себебі_

_________________

Босану әрекеті дұрыс өтті, дұрыс өтпеді __________________ (астын сызыңыз)

Туылу сәтінің өтуі мен ұзақтығы________________________________

Оперативті араласу болған жоқ, болды (қандай)___________________

Акушерлік араласу __________________________________________

Апгар шкаласы бойынша баланың жағдайы_______________

Баланың салмағы__________бойы______бас айналымы_______кеуде айналымы________

Шығарылған кездегі салмағы_________

Перзентханадағы диагнозы____________________________________

Кіндігі___________күні түсті. Кіндік жарасы эпителизацияланды: ия,жоқ (астын сызыңыз) Туылғаннан соң_______сағаттан, тәуліктен кейін емізуге анасына берілді

Сүт көлемі жеткілікті, жеткіліксіз (астын сызыңыз). Перзентханада болған ерекшеліктер: физиологиялық сарғаю, асфиксия белгілері, туылу сәтіндегі жарақаттар т.б.

Алынған емі:________________________________________________

Егулер жүргізілді:

ВГВ сериясы_____ дозасы_____ қолдану мерзімі_____ шығарған мемлекеті ___________

БЦЖ сериясы _____дозасы_____ қолдану мерзімі _____шығарған мемлекеті____________

Босанғанға дейін сау баланы тәрбиелеу бөлімшесінде болды ма: ия, жоқ (астын сызыңыз) «Аналар мектебінде» ЖТБ-ның күтімі жөнінде балалар емханасында немесе әйелдер кеңес орнында кеңес алды ма: ия, жоқ (астын сызыңыз)

Бөлме гигиенасы: ылғалды сүрту/неше рет/_______желдету/неше рет/ _____________ ЖТБ-ның күтімі дұрыс, дұрыс емес (астын сызыңыз) төсек орны__________________ киімдері_______________күтім заттары______________ішкі киімдерін жуу ____________

Қазіргі уақыттағы тамақтану түрі: _____________________сүт көлемі жеткілікті, жеткіліксіз (астын сызыңыз) Күн тәртібі _______________

Баланы жалпы қарау:(жалпы жағдайы, дауысы, қозғалысы, дене бітімі, тумастан болған ақаулары, тері түсі, шырышты қабаты, сүйек-бұлшық ет жүйесі, физиологиялық рефлекстері, еңбегі, кіндік жарасы, БЦЖ орны:

________________________________________________________________________________________________________________________

Өмірге кері әсеріе тигізетін факторлар:

____________________________________________________________

Денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жаңа туған баланың жанұясына өмір міндеттемесі ретінде мынадай сұрақтардан кеңес беріледі:

1. ЖТБ-ның бұрышында не болуы керек.

2. Киімдеріне қандай міндеттемелер қойылады.

3. Бала өмірінің алғашқы айындағы балаға қаншалықты мөлшерде киімдері болу керек.

4. Бала киімдерін сақтау және олардың күтімі.

5. Бөлмеде баланың төсегінің орналасуы.

6. ЖТБ-ның гигиеналық ваннасы, су температурасы, ұзақтығы, суға түсіру ерекшелігі.

7. ЖТБ-ның күнделікті туалеті, шырышты және тері қабатының күтімі.

8. Баланы бос жөргектеу және оның маңызы.

9. Бірінші серуендеуді ұйымдастыру (ауа райына байланысты серуендеу уақыты).

10. Серуендеуге арналған киімдер.

11. Тамақтануы («ҚР-да табиғи тамақтануды қолдау және насихаттау» туралы №113 бұйрық).

12. Анасы балалар емханасының жұмыс кестесі туралы барлық мәліметтерді алуы керек. Фельдшер____________________

 

Медбике______________________

 

Іс-тәжірибемнің 3-күні әдеттегідей таңғы сағат 8:30 басталды.Бұл күні атқарған жұмыстарым кешегіден де қызығырак және үлкен жауапкершілікті қажет етті.Сол күні аға медбикенің нұсқауы бойынша,мен 10-ші палатада жатқан 4-анаға ана сүтінің маңазын,құнарлығын,балаға ана сүті арқылы организіміне қандай дәрумендер баратынын,ана сүтінің құрамын және нәрестені ана сүтімен тамақтандыру ережелерін толықтай түсіндірдім.Дәрігердің нұсқауы бойынша 3-нәрестенің мұрынынан,аузынан шырыштарды сорып алдық мейірбике көмегімен.1-нәрестеге гнейс кезіндегі алғашқы көмек көрсеттім яғни шаш бөлігін өңдедім.2-нәрестеге жел шығарғыш түтікше қойдық.1-нәресте омфалитпен ауруханағ түсіпті,сол нәрестеге Бақбердинова Дианара екеуміз кіндік жарасын өңдедік.Бақтыбай Милана есімді нәрестеге жылытқыш қойдық.1-кювезге күтім жасадық.2-нәрестенің ауыз қуысын тексердік,тексеру нәтижиесінде 1-нәрестеде стоматит ауруы шықты,біз ол нәрестенің ауыз қуысын өңдедік.2-нәрестеге аяққа қыша ваннасын жасауға көмектестім.1-нәрестені апгар шкадасы бойынша бағаладық

 

Нәрестені ана сүтімен тамақтандыру ережесі

1. Үстіңізге таза халат киіп, басыңызға орамал тағыңыз.

2. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуыңыз.

3. Нәрестенің мұрын қуысын тазалап, құрғақтап жөргектеңіз.

4. Кеуде безіңізді жылы сумен жуып, құрғатыңыз.

5. Балаңызды қолыңызға алып, кеуде безіңізге жақын ұстаңыз.

6. Бір аяғыңызды кішкене орындыққа қойыңыз.

7. Емшек ұшын қысып 2-3 тамшы сүт шығарып, ұшына жағыңыз.

8. Баланың аузына емшек ұшын ареолосымен қоса салыңыз.

9. Баланың басын аздап жоғары ұстаңыз.

10. Емізген кезде баланың мұрнын басып қалмауын қадағалаңыз.

11. Баланы емізу уақыты оның тойғанына байланысты.

12. Баланы емізіп болған соң 1-2 минут тігінен ұстаңыз (құсудың алдын алу мақсатында).

13. Кеуде безіндегі қалдық сүтті сауып тастаңыз.

14. Кеуде безіңізді құрғатыңыз.

Мұрын, ауыз қуысынан шырышты сору

Мақсаты:Тыныс алу жолдарын шырыштан босату.

Көрсеткіші:баланың туылу сәті, баланың тұншығуы.

Кері көрсеткіші:жоқ.

Әзірлеңіз:

· Электроотсос немесе стерильді ұштығы бар резеңке баллонды

· Стерильді салфетканы

· Стерильді резеңке қолғапты.

Іс - әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызды жуып, құрғатып резеңке қолғапты киіңіз.

2. Баланы жатқызыңыз.

3. Баланың екі ұртын абайлап басып аузын ашыңыз.

4. Оң қолыңызбен резіңке баллонды алыңыз.

5. Баланың басын солға бұрып баллоның ұшын баланың сол жақ ұртына енгізіп сорғызыңыз.

6. Шырышты төгіңіз.

7. Баланың басын оңға бұрып, оң жақ ұртын баллонмен сорғызыңыз.

8. Шырышты төгіңіз.

9. Сол қолыңыздың бас бармағымен баланың мұрнының ұшын, қалған саусақтарыңызбен төбесін ұстап, баллонмен мұрын қуысындағы шырышты сорғызыңыз.

10. Баланың еріндерін, мұрнын стерильді салфеткамен құрғатыңыз.

Нәтижесін бағалау:бала ауыз, мұрны арқылы бос тыныс алады.

Гнейс кезінде бастың шашты бөлігін өңдеу.

Мақсаты:Себореялық қабыршықтан тазалау.

Гнейс кезінде тері қабатының зақымдануының алдын алу.

Көрсеткіші:баланың басының шашты аймағында гнейстің болуы.

Кері көрсеткіш:Баланың ауыр жағдайы.

Керекті құралдар:

· Стерильді өсімдік майы;

· Мақта тампондары;

· Қолданылған заттарға арналған лоток

· Бас киім;

· Дәке салфеткалары 10х10 немесе 15х15см;

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2.Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Баланы отырғызу немесе үстелдің үстіне жатқызу.

5. Баланың шашты аймағының гнейс бар жерлерін стерильді майға матырылған мақта тампондарымен өңдеу.

6. Өңделген аймаққа дәке салфеткаларын салып, баланың бас киімін кигізіп 2 сағатқа қалдыру.

7. Баланы анасына беру. Жөргектерді алып кір жөргектер салатын қапқа салу. Үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүрту.

8. 2 сағаттан соң баланы шомылдыру. Шомылдыру кезінде қабыршықтарды абайлап алып тастау.

Ескерту.

1. Қабыршықтарды зорлықпен тазалауға болмайды.

2. Қабыршықтар толық тазаланғанша шараны бірнеше күн қайталауға болады.

3. Шаштарға қатты жабысқан қабыршықтарды шашпен бірге қайшымен қиып алып тастау керек.

Нәтижені бағалау:баланың басындағы гнейс толық тазаланады.

Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою

Мақсаты:ішектегі газды сыртқа шығару.

Көрсеткіші:метеоризм, тоқ ішекке ауаның жиналуы.

Кері көрсеткіш:жоқ.

Керекті құралдар:

· Вазелин майы.

· Резеңке қолғап, алжапқыш.

· Клеенка, жөргек, дез.ерітінді.

· Сүлгі.

· Жел шығарғыш түтікше.

· Суы бар ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4. Қатты, тегіс жерге клеенка және жөргекті төсеу.

5. Жел шығарғыш түтікшенің ұшын вазелин майымен майлау.

6. Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

7. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау.

8. Жел шығарғыш түтікшенің ұшын қысып ұстап анальды тесікке кіндіктің бағытында1-2 см. енгізу, өткен соң омыртқа жотасына қарай жылжыту.

9. Жел шығарғыш түтікшенің екінші ұшын суы бар ыдысқа салу.

10. Баланың іші сағат тілінің бағытында сипалау.

11. Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің шығуы тоқтаған соң, түтікшені салфеткамен ұстап шығару.

12. Клеенка, жөргекті дез.ерітіндіге салу

13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелері жуу. Сүлгімен құрғатып сүртіп, табиғи қыртыстарын майлап баланы киіндіру.

14. Алжапқышты шешіп дез.ерітіндіге салу.

15. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту:Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі жаңа туған нәрестеге-6-8 см.

Нәтижесін бағалау:баланың іші басылып, бос демалады.

Омфалиттер кезінде кіндік жарасын өңдеу

Мақсаты:кіндік жарасының гигиенасы.

Көрсеткіші:Кіндік жарасының қабынуы.

Кері көрсеткіші:жоқ.

Керекті құралдар:

· Стерильды мақта таяқшалары;

· 3% су асқын тотығы;

· 70% этил спирті;

· 5% калий перманганат ерітіндісі;

· Немесе жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісі;

· Стерильді пипетка

· Жөргектеуге арналған жинақ

· Резеңке қолғап

· Қолданылған заттарға арналған лоток

· Дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2.Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Жөргектейтін үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүртіп, жөргекті төсеу. Баланы үстелге жатқызу.

5. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.

6. Кіндік жарасына пипеткамен 1-2 тамшы 3% су асқын тотығын тамызу. 30-40 секундтан соң пайда болған «көбікті» іштен сыртқа қарай стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау.

7.Кіндік жарасын керек жағдайда 5% калий перманганат ерітіндісімен немесе жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісімен күйдіру (жара маңы терісіне тигізбей).

8. Баланы төсекке жатқызу.

9. Жөргектейтін стөлден жөргектерді алып кір жөргектер салатын қапқа салу.

10. Жұмыс үстелін дез.ерітіндімен сүрту.

11.Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту:шараны тәулігіне 3-4 рет қайталау.

Нәтижені бағалау:кіндік жарасы таза, құрғақ.

Баланы жылытуға 3 жылытқышты қолдану

Мақсаты:Шала туылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету:

Көрсеткіші:шала туылғандықтың 1-ші дәрежесі.

Кері көрстекіші:дене қызуының көтерілуі.

Керекті құралдар:

· Резеңке жылытқыштар-3.

· Жылы су 55-650С

· Жөргектер-3

· Термометр

· Көрпеше немесе қалың жөргек

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2.Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4.Жылытқышты 2/3 бөлігіне дейін сумен 55-650С толтыру.

5.Жылытқышты қолмен жайлап басу арқылы ауасын шығару, аузын мықтап жабу.

6.Жылытқыштың аузын төмен қаратып, аузының толық жабылғанын қадағалау.

7.Сол әдіспен тағы да 2 жылытқышты дайындау.

8.Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен орау.

9.Жөргектелген баладан 2см қашықтықта жылытқыштарды қою: 2 кеудесінің екі жағына, 1 табанының жанына.

10.Баланы жылы көрпешемен жабу (көрпе астындағы температура 28-300С-тан кем болмау керек), астына термометрді салу.

11.Жылытқыштарды міндетті түрде кезекпен суығанына байланысты ауыстыру.

12.Көрпенің астынан термометрді алып, ағынды сумен жуып ,қорапшаға салу.

13.Жылытқыштардың ішіндегі суды төгіп, сыртын дез.ерітіндімен залалсыздандыру.

14.Қолды жуу және құрғату.

Нәтижесін бағалау:баланың дене температурасы қалыпты.

Кювездің күтімі

Мақсаты:Шала туылған баладағы инфекциялық аурулардың алдын алу.

Көрсеткіші:кювез күтімінің мерзімі.

Кері көрсеткіші:жоқ.

Әзірлеңіз:

· 1% хлорамин ерітіндісін

· Таза суды

· Таза шүберекті

· Кварц лампасын

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланы басқа таза кювезге ауыстырыңыз

2. Кювезді электр торабынан швғарыңыз.Суын төгіп, фильтрін ауыстырыңыз.

3. Таза шүберекті 1% хлорамин ерітіндісімен сулап алып кювездің ішін 2 рет сүртіңіз.

4. Кювезді жауып 2 сағатқа қойыңыз.

5. 2 сағаттан соң кювезді ашып таза сумен суланған шүберекпен кювездің ішін 2 рет сүртіңіз.

6. Кювездің ішін таза шүберекпен құрғатып сүртіп 2 сағатқа ашық қалдырыңыз.

7. Кварц лампасын 0,5 м жерге қойып 30 минутқа қосыңыз. Кювездің қақпағын жауып тағы да 2 сағатқа қойыңыз.

8. 2 сағаттан соң кювезді электр торабына қосыңыз.

9. 11.Кювездің ішкі температурасын 31-35о-қа, ылғалдылығын 60-80 %-ке, оттегі мөлшерін 30-40% етіп реттеңіз.

Ескерту: Кювез әр 3 күн сайын тазартылуы керек. Кювездің көрсеткіштерін әрдайым қадағалаңыз.

Ауыз қуысын тексеру

Мақсаты:баланың ауыз қуысын тексеру.

Көрсеткіші:баланың шағымдармен келуі.

Кері көрсеткіші:жоқ.

Әзірлеңіз:

· стерильді шпательді

· резеңке қолғапты

Іс - әрекет алгоритмі:

1. Науқасты манипуляция мақсатымен таныстырыңыз.

2. Қолыңызды жуып, құрғатып резіңке қолғапты киіңіз.

3. Баланы қараша қарысыңызға отырғызыңыз.

4. Сол қолыңызбен баланың ұртын басып аузын аштырыңыз.

5. Шпательмен баланың екі жақ ұртын тексеріп, тілінің түбін басыңыз.

6. Шпательмен тексеру барысында тістеріне, ұрттың, тілдің, таңдайының, жұтқыншақтың шырышты қабатына көңіл бөліңіз.

7. Шпательді өңдеуге жіберіңіз.

Ескерту:

· қажеттілік болса баланы көмекшіге ұстатуға болады.

Нәтижесін бағалау:баланың ауыз қуысының шырышты қабаты таза, күлгін түсті. Тістерінің саны жасына сай. 1 жасқа дейінгі баланың тістерінің санын есептеу формуласы: п-4, п-айы.

1-жұмсақ таңдай; 2-тілшік; 3-жұтқыншақтың артқы қабырғасы; 4-бадамша безі; 5-алдыңғы доғашық; 6-артқы доғашық;

Стоматиттер кезінде ауыз қуысын өңдеу

Мақсаты:баланың ауыз қуысын тазалау, шырышты қабатының ауырсынуын басу.

Көрсеткіші:Әр-түрлі себептерден болатын ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну процессі.

Кері көрсеткіші:тырысу, лоқсу.

Керекті құралдар:

· Өңдеуге арналған ерітінді (шөп тұнбалары, антисептиктер).

· Мақта, дәке салфеткалары.

· Қолданылған заттарға арналған лоток

· Резеңке қолғап.

· Шпатель.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Оң қолдың екінші саусағына мақтаны немесе салфетканы орап, үлкен саусақпен бекітіп ұстау.

5. Сол қолмен абайлап баланың аузын ашу, керек жағдайда шпатель қолдану.

6. Мақтаны ерітіндіге матырып, баланың ауыз қуысын өңдеу.

1. Кандидозды (саңырауқұлақты) стоматит.

Өңдеуді күнделікті, қатаң келесі реттілікпен өткізу керек:

1. 2% ас содасының ерітіндісі (шаю), дәке тампонымен өңдеу.

2. 20% бураның глицерин ерітіндісі.

3. Саңырауқұлаққа қарсы дәрілік препараттар нистатин, леворин (ұсақтау және себу).

Катаральды стоматит.

Ауыз қуысын залалсыздандыратын ерітінділермен шаю (фурациллин, шөп тұнбалары және т.б.)

3. Герпесті және ойық жаралы стоматиттер.

Өңдеуді келесі реттілікті сақтап күнделікті өткізу қажет.

· Залалсыздандырылған ерітінділермен шаю: 0,5% калий перманганаты, 3% су асқын тотығы, 1:5000 фурациллин ерітіндісі;

· 1% жасыл бриллиант ерітіндісі;

· Ауырсыну кезінде новокаин немесе анестезин ерітіндісі;

1. Қолданылған заттарды, қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу ;

2. қолды жуу және құрғату.

Ескерту: 1.Герпесті стоматитте вирусқа қарсы препараттар қолданылады 0,25% оксалин майы, 5% интерферон майы).

2.Стоматиттер кезінде диета жылы, жұмсақ болуы керек;

3.Ауыз қуысын өңдеу кезінде абай болу қажет, өйткені ол жарақаттанғыш болады.

4.Өңдеуді тәулігіне 5-6 рет қайталаған жөн.

5.Қолданылатын ерітінділердің концентрациясы аурудың жедел кезінде сауығу кезіне қарағанда төменірек болуы керек.

6.Қолданылған ерітінділердің температурасы 37-380болуы керек.

Апгар шкаласымен жаңа туған баланың жағдайын бағалау

Мақсаты: жаңа туған баланың жағдайын бағалау.

Көрсеткіші:баланың дүниеге келуі.

Кері көрсеткіші:жоқ.

белгілері баллдары
Жүректің соғу жиілігі (пульс) Пульсы жоқ Пульсы 100-ден кем Пульсы 100-ден артық
Тыныс алуы жоқ Ритімсіз,сирек Дауысы қатты
Бұлшық ет тонусы   жоқ Аяқ-қолдары Бүгілген Қозғалыстары белсенді
Рефлекстері (мұрын катетеріне) Жоқ Тыжырынады Түшкіреді жөтеледі
Тері түсі Ақ Денесі күлгін, аяқ-қолдары көкшіл Күлгін  

Нәтижесін бағалау:

Дені сау балада- 8-10 балл.

Асфиксияның 1 дәрежесінде(жеңіл түрінде) - 7 балл.

Асфиксияның 2-ші дәрежесінде (орташа түрі немесе «көк асфиксия»)- 6-4 балл.

Асфиксияның 3-ші дәрежесінде (ауыр асфиксия немесе «ақ асфиксия»)- 1-3 балл.

Ескерту:жаңа туған баланың жағдайы туылғаннан соң алғашқы 1-ші және 5-ші минутта бағаланады.

 

Аяққа қыша ваннасын жүргізу

Мақсаты:балаға рефлекторлы терапия жүргізу.

Көрсеткіші:балада тыныс жолы ауруларының болуы.

Кері көрсеткіші:дене қызуының көтерілуі, баланың қышаға сезімталдығының жоғары болуы.

Әзірлеңіз:

· 39-40С0 суды

· құрғақ қышаны

· шелекті

· сүлгіні

· көрпені

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қыша ерітіндісін дайындаңыз 10л суға 100гр қыша(алғашында 1л суға дайындайды).

2. Суды сүзіңіз.

3. Баланы орындыққа отырғызып,аяғын қыша ерітіндісі бар суға салып көрпемен жауып отырғызыңыз.

4. Су суыған кезде ыстық су құйып тұрыңыз.

5. 15-20 мин соң баланың аяғын шайып,құрғатып,шулық кигізіңіз.

6. Баланы төсекке жылылап жауып жатқызыңыз,суйықтық ішкізіңіз.

Ерте жастағы балаларға қыша қағазын қою

Мақсаты:балаға рефлекторлы терапия жүргізу.

Көрсеткіші:балада тыныс жолы ауруларының болуы.

Кері көрсеткіші:дене қызуының көтерілуі, баланың қышаға сезімталдығының жоғары болуы, баланың терісінде бөртпелердің болуы.

Керекті құралдар:

· Стерильды майы бар лоток.

· Суы бар лоток 40-450С.

· Қыша қағазы.

· Жұқа және қалың жөргектер.

· Қолданылған заттарға арналған лоток

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Қыша қағазының жарамдылығын тексеру.

5. Баланы беліне дейін шешіндіріп тері қабатын тексеру.

6. Жұқа жөргекті жылы өсімдік майына салу.

7. Сығып алып тегіс жерге жайып салу..

8. Қыша қағаздарын қышасын жоғары қаратып суға 5-10 секундқа салу.

9. Қыша қағаздарын қышасын төмен қаратып жөргектің үстіне салу: оң жағына 2-4, сол жағына 1-2, ортасында омыртқа үшін бос орын қалдыру.

10. Жөргектің жоғарға және төменгі жақтарын үстіне қарай бүктеу.

11. Жөргектің астыңғы жағын жоғары аудару.

12. Баланы жөргекке омыртқа тұсы бос жерге орналасатындай етіп жөргектің үстіне жатқызу.

13. Жөргекті балаға орау, жүрек тұсы қыша қағазынан бос болу керек.

14. Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу.

15. Қыша қағазын баланың терісі қызарғанша ұстау.

16. Қыша қағазын шешу, қолданылған заттарға арналған лотокқа салу.

17. Баланы жылылап орап 1 сағатқа төсекке жатқызу.

18. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Іс-жәжірибемнің 4-ші күні істеген жұмыстарым мынадай.1-палатада жатқан Есимбек Аружанға тазартқыш клизмасын қоюға қатыстым.Әр жастағы 15-нәрестелердің қан қысымын,дене қызуларын,тыныс алу жиіліктерін,пустерін санауға көмектестім.Абдикаримов Асланға жағдайына байланысты жасанды оттегін бердік.Арманқызы Аяулым есімді нәрестеге асқазан шаю процедурасын жасадық,дәрігердің айтқаны бойынша.Отит диагнозымен жатқан 3-нәрестеге,құлақ маңына жылытқыш қойдық.1-нәрестеге ларингоспазм болды,сол балаға алғашқы көмек көрсеттік.Бұл жұмыстарды аяқтағанан кейін анализ жинауға кірістім.1-баладан копрограмаға,2-баладан- нәжісті құрт жұмыртқасын,3-баладан нәжісті бактериологиялық зерттеуге,1-баладан энтериобизға нәжістерді жинадым.

Нәрестеге және ерте жастағы балаларға тазартқыш клизмасын қою

Мақсаты:ішекті нәжістен тазалау.

Көрсеткіші:Нәжістің тұрып қалуы.

Кері көрсеткіші: тік ішектің жарақаты.

Керекті құралдар:

· Бөлме температурасында суы бар ыдыс.

· Ұштығы бар резеңке баллон.

· Вазелин майы.

· Резеңке қолғап, алжапқыш.

· Клеенка, жөргек, дез.ерітінді.

· Сүлгі.

· Қолданылған заттарға арналған лоток

· Горшок.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап, алжапқыш кию.

4. Қатты, тегіс жерге клеенка және жөргекті төсеу.

5. Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

6. Баллонды оң қолға алып, ауасын шығарып бөлме температурасында (20-220С) суды сорып алу.

7. Баллонның ұштығын вазелин майымен майлау.

8. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау.

9. Баллонның ұштығын жоғары қаратып қысу арқылы ауасын шығару және баллонды босатпау. Баллонды анальды тесікке кіндіктің бағытында енгізу, анальды тесіктен өткен соң сегізкөзге паралелльді тік ішекке қарай жылжыту.

10. Баллонды жайлап қысып суын жіберу. Баллонды босатпай ұштығын тік ішектен шығарып дез.ерітіндіге салу.






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.