Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Жазбалар бойынша жылжу батырмалары

БЕКІТЕМІН

ОӘЖ жөніндегі проректор

________п.ғ.к. У.Т. Киреева

«___»______________2015 ж.

«5В130100 - Жалпы медицина»

мамандығының студенттеріне арналған

 

«ИНФОРМАТИКА»

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

 

Карағанды

Болашак-Баспа

Құрастырған: Смагулова Н.С., ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы, магистр.

 

Оқу әдістемелік кешеннің негізгі мақсаты – информатика пәні мен оның негізгі ұғымдарын, компьютердің негізгі блоктарын, файлдарды архивтеу тәсілдері мен компьютерлік вирустардан қорғануды қарастыру.

 

 

ОӘК____________________кафедрасының отырысында талқыланды

(хаттама №__ «___» ___20__ ж.)

 

және оқу-әдістемелік кеңесінде (хаттама №__ «___» ___________20__ ж.)

 

ОӘК академияның Ғылыми Кеңесін отырысында бекітілді (хаттама №__ «___» __________20__ ж.)

 

 

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушы туралы мәлімет:

Смагулова Назира Сапаровна – «Болашақ» академиясы, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр; Кеңсе: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы, кабинет №106, телефон 42-04-25 (ішкі.203).

 

1.2 Пән туралы мәліметтер:

пән атауы – информатика

кредиттер саны – 3

Өткізу орны: «Болашақ» академиясы

 

Оқу жоспарының көшірмесі:

 

Курс Семестр Кредит саны Дәрістер Семинарлық сабақ СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
емтихан

 



Пререквизиттері

Пәнді оқу студенттердің орта мектепте информатика негіздері, математика және физика пәндерінен алған білімдеріне негізделеді.

Постреквизиттері

Курстық және дипломдық жұмыс жазған кезде қолданылады.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны

"Информатика" курсының мақсаты ақпарат үғымы мен оны өңдеу тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру, дербес компьютердің құрылымының бірлестігін және онымен жұмыс істеу принциптерін, проблемалы-ориентациялық жүйемен және дайын программалық технологиясын пайдалануды студенттерге таныстыру болып табылады. Информатиканың даму барысының негізгі бағыттарының теориялық және практикалық мәліметтерімен таныстыру. Студенттердің пәндік бағытта кәзіргі кезеңдегі бағдарламалық құралдарды қолдану жөнінде білім алу және дағдыланумен қамтамасыз ету.

Пәннің міндеттері мынадай: студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игеру; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игеру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- Алгоритмдерді құру және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдану туралы түсінік беру;

- Операциялық жүйелер және желілер, есептеу жүйелерінің архитектурасы туралы түсінік беру;

- Негізгі ақпараттық қауіпсіздіктермен, web және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру;

- Электронды оқу және ақпараттық коммуникациялық технологиялар принципін баяндау;

- Өз бетінше творчестволық ізденістер жасауға үйрету;

- Замануи ақпараттық технологиялар мүмкіндігін және олардың даму тенденцияларынзерттеу.

Бұл пәнді оқу нәтижесінде студент:

- Ақпараттарды автоматтандырылған өңдеудің негізгі ұғымдарын;

- Ақпараттарды өңдеудің, сақтаудың, жіберу және жинақтаудың негізгі әдістері мен құралдарын;

- Есептерді алгоритмдеудің негіздерін;

- Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамаларды қолданудың міндеттері мен принциптерін;

- Ақпараттық телекоммуникациялық желілер жұмысының негізгі компоненттері мен принциптерін;

- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қауіптері мен әдістерін;

- Ақпараттық технологияларды және бағдарламалық қамтамаларды қолданудың құқықтық аспектілерін меңгеруі қажет.

 

1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Жұмыс түрлері Тапсырма мақсаты және мазмұны Бақылау түрі Ұпайлар (50-ден 100-ге дейін) Есеп беру түрі Тапсыру мерзімі
1. Шығармашылық жұмыс Тақырыпқа байланысты жекеше есептерді шешіп, тапсыру   Жазбаша 4 апта
2. Презентация Өздік жұмыс тапсырмаларына сәйкес орындау АБ 1 Ауызша 7 апта
3. Реферат Тақырыпқа байланысты тапсырманы орнындау АБ 2 Жазбаша 11 апта
4. Белсенділігі үшін Жалпы семестр бойннша материалды толық меңгеру, және барлық тапсырмаларды орындау АБ 2 Ауызша 15 апта

1.7 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Джумагалиева А.М., Нургазинова А.Ж., Смаилова Л.Қ., Күлмұратова А.Ш. Информатика: ақпараттық жүйелер. Оқулық/Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-247б

2. Симонович С.В. и др Информатика. базовый курс: учебное пособие для высших технических учебных заведений. – Спб: питер, 2011

3. Бөрібаев Б.Б., Махметова А.М. Алгоритмдеу және программалау тілдері. оқулық/ Қазақста Республикасы Білім және ғылым министірлігі.- Алматы: «Дәуір» -2011ж

4. Медешова А.Б., Габдуллаев Д.Г. Компьютер архитектурасы: оқулық Қазақста Республикасы Білім және ғылым министірлігі.- Алматы: «Дәуір» -2011ж

5. Мырзабекова Г.Е., Күлмұратова А.Ш., Смаилова Л.К., Тәжібай Л.К. Интернет технологиясы. Оқулық/Қазақста Республикасы Білім және ғылым министірлігі.- Алматы: «Дәуір» -2011ж

6. Хакімова Т. Х.Жасанды интеллект негіздері: Оқу құралы. "NURPRESS"

7. БеркінбаевК.М. АжихановН.Т. Нұрұллаев А. Н. Ниязова Г. Ж.Компьютерлік моделдеу негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. "NURPRESS"

8. Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум, -Алматы:, 2000.

 

Қосымша:

1. Ахо А., Хопкрофт Д., Ульман Д. Структуры данных и алгоритмы. –М.: Вильямс, 2009-400с

2. Бөрібаев Б.Б., Мадьярова Г.А. web – технологиялар. оқулық / Қазақста Республикасы Білім және ғылым министірлігі.- Алматы: «Дәуір» -2011ж

3. Аяжанов Қ.С., Есенова А.С. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау. Оқулық/Қазақста Республикасы Білім және ғылым министірлігі.- Алматы: «Дәуір» -2011ж

4. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Қ., Информатикадан 30 сабақ, -Алматы: Шартарап, 2001

5. Аяжанов С.С., Сатымбекова С.Б. Компьютерлік желілер. Оқулық/Қазақста Республикасы Білім және ғылым министірлігі.- Алматы: «Дәуір» -2011ж

6. Таненбаум Э., Уэзеролл Д. Компьютерлік желілер. Оқулық/ Аудармашылар: Махметова А.М., Беркимбаева С.Б.- Алматы: Дәуір, 2013-552б

7. Шәріпбаев А. Және т.б. Ағылшынша –орысша – қазақша информатикадан түсіндірме сөздік-Англо-руссский –казахский словарь по информатике. Алматы: сөздік-словарь,2002-172б

8. Тұңғатаров Н.Н.Windows, Word, Excel, PowerPoint пайдаланушыларға мысал түрінде. оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006

9. Теория и практика дистанционного обучения. Учебное пособие. Издательский центр «Аккадемия», 2004г

10. Пфаффенбергер Б., Шафер С., Уайт Ч., Кароу Б. HTML6 XHTML и CSS. Библия пользователя.М:2008

11. Беркінбаев К.М. Информатика. оқулық/ Аматы-2007

12. Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері. Оқулық / Алматы -2006

13. Королева Н.В., Кайдаш И.Н. Информатика. Оқулық/Алматы -2012

14. Изотов П.И.Информатика (ООД для всех специальностей на базе основного среднего образования). ТОО Издательство "Фолиант",2015

15. Айтбаева М.Микропроцессорлық техника негіздері. (130400 - Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру). Оқу құралы. ТОО Издательство "Фолиант",2015

 

1.8. Баға қою туралы ақпарат

Оқытшының дайындығын тексеру үшін әр қилы формалар қолданылады: ағымдық бақылау, рейтинг және емтихан тапсыру.

 

Рейтинг Балдар
Ағымдық 50 - 100
Аралық 50 - 100
Қорытынды 50 - 100
Барлығы: 50 - 100

 

Пәнді меңгеру емтихан мен тест түрінде аяқталады. Тест оқыған материалды қамтиды. Емтиханға жіберілу үшін міндетті түрде бағдарлама бойынша қарастырылған тапсырмаларды тапсыру керек. Қортынды бағаны шығару кезіңде ағымдық және рейтинг бақылаудың ұпайлары ескеріледі.

Қортынды баға:

- ағымдық, рейтинг бақылау – 40%;

- емтихан – 60%.

Қортынды баға келесі формула бойынша есептеледі:

мұндағы,

i – ағымдық бақылау саны;

Р1 – 1 – ші рейтинг бақылаудың цифрлық эквмвалент бағасы;

Р2 – 2 – ші рейтинг бақылаудың цифрлық эквмвалент бағасы;

Е – емтиханда алынған бағаның цифрлық эквиваленті.

Әріптік және цифрлық баға эквиваленті ұпай және процент негізінде анықтау төмендегі кестеде көрсетілген:

 

Баға Баллдардың цифрлық эквиваленті Пайыздық мазмұны Дәстүрлі форма бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D- 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

 

Курстың саясаты мен процедурасы

- таңдалған бағыт бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды игеру;

- оқу пәні бойынша СӨЖ орындау;

- күн сайын сабаққа қатысу;

- ауырған себептен сабаққа қатыспаған жағдайда анықтамаларды уақытында тапсыру;

- сабаққа кешікпей келу;

- оқу-әдістемелік әдебиеттерді, жабдықтарды ұқыпты пайдалану;

- сабақ уақытында ішкі тәртіп ережелерін орындау (сыртқы киімде жүруге, шылым шегуге, қатты дауыстап сөйлеуге тиім салынады);

- тапсырмаларды уақытындау орындау және тапсыру;

- курстастарға, оқытушыларға ізгі ниетпен қарау;

- сабақтарға іскер киімде қатысу;

- сабақ кезінде ұялы телефондарды сөндіру.

 

Мерзімінде рефераттың болмауы Минус 5 балл
Мерзімінде қосымша баяндаманың болмауы Минус 2 балл
Мерзімінде ОСӨЖ орындалған тапсырмасының болмауы Сабақ тақырыбына сай баллдар төмендейді
Аралық бақылауда болмауы Минус 8 балл
Кешігу, сабаққа келмеу Ағымдық бақылаудан баллдар төмендетіледі

 


2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 Курстың тематикалық жоспары

Барлығы – 3 кредит (135 сағат)

  Тақырып атаулары Сабақты жүргізу әдісі
  Дәріс Семинар СОӨЖ СӨЖ
Информатиканың негізгі түсініктері. Қазіргі замаңғы информатиканың құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Информатика ғылымының басқа пәндермен байланысы.    
Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары.
Бульдік алгебра. Логика,логикалық байланыстар және ақиқаттық кестелер негіздері.
Есептердің алгоритмдік шешімдері. Алгоримтдік тілде бағдарламалау. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері. Программалауды үйрететін тілдерді шолу, жалпы бағыттағы программалау тілдері.
Компьютердің архитектурасына кіріспе. Компьютер типтері. Фон Нейман архитектурасы. Компьютердің жедел жадысы. Енгізу шығару құрылғылары.    
Жүйелік бағдарламалық қамтама. Файлдық жүйелер. Утилеттер олардың негізгі концепциясы.      
Тұтынушы интерфейсі. Операциялық жүйе Windows. Стандартными программалармен жұмыс  
Қолданбалы бағдарламалық қамтама. Замануи қолданбалы бағдарламаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Мәтіндік процессор. Деректер қорын басқару жүйелері. Web қосымшаларды құру технологиясы.      
Қолданбалы программалық жабдықтау. Мәтіндік редактор Word. Мәтінмен жұмыс, форматтау, өңдеу, түзету. Қолданбалы программалық жабдықтау. Мәтіндік редактор Word. Кестемен жұмыс.Математикалық есептеулер жүргізу. Ақпаратты өңдеу құралдары. Мәтіндік редактор Word. Кестемен жұмыс. Графикалық объектермен және формулалармен жұмыс    
Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Қолданушы интерфейсы. Блоктармен жұмыс. Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel деректер қоры ретінде. Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Функция Мастерімен жұмыс. Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Диаграмма Мастерімен жұмыс. Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Статистикалық функциялармен жұмыс. Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Логикалық функциялармен жұмыс.    
MS Power Point бағдарламасында презентация жасау. Мәтін мен графикалық объектерден, Кестелер мен сызбалардан тұратын слайдтар жасау.    
Ақпаратты өңдеу құралдары. Деректер қорын басқару жүйесі MS Access. Кесте және форма. Ақпаратты өңдеу құралдары. Деректер қорын басқару жүйесі MS Access. Кесте конструкторын пайдалану. Кестелерді байланыстыру. Сұраныс құру.    
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. Электронды үкімет. «E- Learning» электронды оқыту негіздері.    
Желілік коммуникациялар және технологиялар. Желі топологиялары. Интернет көздері мен тарихы. Интернет қызметтері.
Графикалық редактор. Графикалық бағдарламалық қамтамалар иерархиясы. Corel Draw. Adobe Photoshop. Мультимедиялық қосымшалар.
1. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құраушылар. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Жергілікті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс  
Ақпаратты архивтеу. Архиваторлар.  
Кәсіби салада ақпараттық технологияларды қолдану. Ақпараттық ресурстарды басқару. Ақпараттық ресурстардың қорғалуы.      
Информатиканың дамуының келешектегі даму бағыттары. Мобильді қосымшалар. Бұлтты есептеулер. Робототехника.  
Барлығы

 

2.2. Дәріс сабақтарының тезистері

 

Дәріс 1. Информатиканың негізгі түсініктері. Қазіргі замаңғы информатиканың құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Информатика ғылымының басқа пәндермен байланысы.

Информатика – адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:

· есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

· есептеу техникасы құралдарының бағдарламалық жасақтамасы;

· аппараттық және бағдарламалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;

· аппараттық және бағдарламалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары;

Информатиканың негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.

Ақпарат ұғымын оның берілу үрдісін сызбалық сипаттаудан анықтайық. Яғни, ақпарат ұғымы таратқыш, қабылдағыш және байланыс арнасы арқылы берілетін хабар

Хабарды таратқыш және қабылдағыш адамдар немесе техникалық құрылғылар болуы мүмкін. Яғни, ақпаратты бейнелеуге және түсінуге болады. Сондықтан әрбір ақпараттың бейнелену пішімі және мазмұны болады.

Хабар – белгілі пішімде көрсетілген және беруге арналған ақпарат, яғни ақпараттың бейнелену пішімі. Хабар материалды-энергетикалық пішімде – сызбалар, мәтін, дыбыс, жарық, қимыл және т.б. түрінде беріледі. Яғни, хабар қандай да бір қатынас тілінің өрнегі болады, олар – табиғи тілдер, математика тіл, әуез тілі, мимика белгілері және т.б.

Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал – уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) — үздіксіз және дискретті ақпараттыанықтадық.

Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеудегеніміз – функцияның (сигнал параметрінің) шексіз көп мәндері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу.

Мысалы: функцияның анықталу облысы нүктелерімен тең ұзындықты кесінділерге бөлінеді, ал әрбір кесіндідегі функция мәні тұрақты және оның осы кесіндідегі орта мәніне тең деп алынады. «Баспалдақтарды» ордината өсіне проекцияланғаннан шыққан мәндері үздіксіз функцияның дискретті түрін анықтайды. Үздіксіз хабарды дискреттеу мүмкіндегі информатика үшін өте маңызды, себебі есептеу техникасымен өңделетін ақпарат дискретті болуы қажет.

Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар, олар аналогтық машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс атқаратындықтан көпшілік қолданушыларға кең таныс емес. Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:

-таңбалы – мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т.б.);

-графикалық (суреттер, бейнелер көмігімен, т.б. көмегімен);

-дыбыстық.

Сонымен қатар бізді қоршаған алуан ақпаратты әртүрлі белгілерге байланысты топтастыруға, яғни түрлерге жіктеуге болады.

Пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты түрлері:

-биологиялық;

-әлеуметтік;

-ғылыми;

-экономикалық т.с.с.

Берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты түрлері:

-визуальды (таңбалар мен бейнелер арқылы);

-аудиальды (дыбыс арқылы);

-тактильдік (сезім арқылы);

-органалептикалық (дәм мен иіс арқылы);

-машиналық (есептеу техникасының құралдары арқылы) т.с.с.

Ақпараттың қасиеттері. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың аталған қасиеттері:

Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет

Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.

Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.

Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады.

Ішкі құрылымына байланысты:

- мәліметтер немесе қарапайым логикалық реттелмеген мағлұматтар жиынтығы;

- логикалық реттелген, ұйымдастырылған мәліметтер жиынтығы.

Информатикада ақпарат ұғымымен бір қатарда «мәліметтер» және «білім» ұғымдары орналасады.

Мәліметтер – мүмкін өңдеу үрдістеріне адекватты белгілі бір пішімде берілген ақпарат (немесе формальданған, ықғайлы түрге келтірілген және техникалық құралдардың (ЭЕМ-де) көмегімен өңдеуге берілген ақпараттар.). Мәліметтер – тіркелген сигналдар. Мәліметтердің реттелуі оларға белгілі бір құрылымдарды орнатумен жүзеге асырылады, яғни мәліметтер құрылымдары анықталады.

Білім – берілген типті объектідегі барлық қарастырылып отырған жағдайлардың жиыны және бір объектіден екінші объектіге өту сипаттамасын беретін ақпарат.

Білім ақпараттың ерекше логикалық реттелген, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды. Білім – логикалық талқылаудың негізінде белгілі бір шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттар.

Негізгі әдебиет: 1,2

Қосымша әдебиет: 11

Дәріс 2. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары.

Қазіргі дәуірдің ІІ ғасырында Қытайда қағаз жасау технологиясын ойлап тапты.Бірақ қағаз жасау технологиясы құпия түрінде сақталды Европаға қағаз жасау технологиясы ХІ ғасырда ғана «жетті».Ресейге тек ХҮІ ғасырда ғана «жетті»

Ақпарат тасуыш ретінде қағаздың қасиеттері:

1. Қағаз жұқа болса да, ұзақ уақытқа ақпаратты сақтауға мүмкіндік берді

2. Пергамент және папирусқа қарағанда арзандау болды

3. Қағазға сурет салуға, мәтін жазуға өте ыңғайлы болды

Ең алғашқы есептеуіш машиналар перфокарталармен жұмыс істеді Қалын қағазға арнайы ереже бойынша префоратордың станогының комегімен кішкентей тесіктер жасалынатын 1801 жылдар, алғашқы перфокарталар

Қазіргі ақпарат тасымалдаушылар.

1) қағаздық;

2) магниттік;

3) оптикалық(лазерлік);

Қағаздық ақпараттасымалдаушыларға жатады: оқулықтар,дәптер т.б

1928 жылдары ең алғашқы магниттік лента пайда болды. 1967 жылдары дискета (флоппи-диск) Алан Шугарттың басқаруымен IBM компаниясы жасады Сыймдылығы 3000 мың перфокарта Стриммерлер (аудиокасеталар) пайда болды. Оптикалық (лазерлік дисктер) CD-Rom/DVD-Rom– тек ақпаратты оқуға арналған. Электрондық оқулықтар,ойын бағдарламалары CD-R, DVD-R- ақпаратты тек бір рет қана жазуға болады, жазылған ақпаратты өшіруге болмайды. CD-RW, DVD-RW-ақпаратты бір неше рет жазуға мүмкіндік береді. Флеш-жады 1984 жылы Фудзи Масуоканың басшылығымен TOSHIBA компаниясында әзірленді

Қатты диск – (винчестер) деректер мен бағдарламаларды ұзақ уакыт сактау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське орналасқан дискілер тобынан тұрады. магниттік қабатпен жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды. Сондықтан оның құрамы 2 п беттен түрады. Мұндағы п – топқа кіретін дискілер саны.

Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар (винчестер) ақпаратты тұрақта сактауға арналған. РС- де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Гбайт , Реntium -10-80 Гб дейін болады.

Қатты диск орнынан алынбайды, корпуста жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дискіге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады, иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан ла оны пайдалану өте ыңғайлы.

Компакт-диск – бұл металмен қапталган оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.

Информацияларды кодтау (таңбалау). Қандайда бір алфавитті пайдаланып информация жазуды кодтау деп атайды.

Бір ғана информацияны әртүрлі жолда жазуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атайды.

Информациялардың сақталу, қабылдану, берілу және өңделу жолдары информациялардың жазылу (кодталу) түріне көп тәуелді болады.

Информациялардың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталуына (декодталуына-декодирование) қолайлы болатындай етіліп жазылуы қажет. Кодталғанда қанша аз алфавит пайдаланса, кері кодтау сонша жеңіл болады. Практика жүзінде информацияларды кодтау үшін Морзе алфавиті немесе екілік алфавит пайдаланылады.

Мысалы, баяғыда жасалған телеграф аппаратын пайдаланғанда, қосқышты өшіріп және жағып отыру арқылы информация берілген. Информацияны пайдаланушының қағазында қосқышты басып тұру уақытына байланысты сызықша және нүкте жазылып отырған. Ондай хабарларды беруге төмендегі Морзе әріпі пайдаланылған.

Екілік алфавитте 0 және 1 белгілері пайдаланылған, оларды ондық алфавиттен ажырату үшін екілік код деп атаған. Ағылшын тілінде екілік белгі, Binary digit сөзінен қысқартылып, бит деп аталған. Бұдан кейін ол екілік белгінің бірін (0 немесе 1-ді) бит деп атайтын боламыз.

Информацияларды бұлайша екі белгімен белгілеу оларды сақтауға, беруге, өңдеуге арналған құрылғылардың конструкциясын жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оның есептеу техникасында кең тарауына себеп болды. 0 және 1 мәндері ЭЕМ-дерде «магниттелген-1, өшірілген-0», «заряды бар-1, заряды жоқ-0», «іске қосылған-1, өшірілген-0» сияқты және басқа да физикалық құрылғыны қарапайым етіп қана қоймай, орнықтылық және экономдық қасиетке де ие.

Екілік алфавит көмегімен кез келген алфавиттің символдары кодтар түрінде таңбаланады, яғни бұл кез келген тілде жазылған мәлімет екілік кодтар түрінде бейнеленеді. Екілік алфавит өте қажет екені белгілі болды, ендеше символ түріндегі информацияларды олар арқылы қалай жазуға болады? 0 және 1 белгілері арқылы төрт символды ғана белгілеуге болады, олар: 00, 01, 10, 11- бұл өте аз. Тек орыс тілін кодтауға арнайы белгілерден (?, ! және т.б.) өзге 33 символ қажет болады. Кез келген мәтіндік информацияларды кодтау үшін жоқ дегенде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символдарды кодтау үшін 8 биттің комбинацияларын қолдану (0 мен 1 тұратын 8 белгі) қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды.

0 мен 1-ден тұратын 8 бит, яғни 1 байт арқылы 256 символды кодтауға болады: 00000000, 00000001, 00000010, ..., 11111111.

Енді бұл арқылы орыс әріптерін ғана кодтап қоймай, латын, қазақ әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы белгілерді де (графиктік, псевдографиктік) кодтауға болады. Кодталатын символдардың тобын кодтау кестесі деп атайды.

ASСII коды. Есептеу техникаларында көп пайдалынылып жүрген код ASСII {American Standart Code For Information Interchange- америкалық информация алмасудың стандартты коды} коды болып табылады, ол арқылы кодтау кестесі 1-суретте көрсетілген.

Кодталған кесте 16 жатық және 16 тік жолдан тұрады. Кестедегі символдың орны оналтылық код арқылы кодталған. Кесте екі бөліктен тұрады: стандартты және альтернативті.

Стандартты бөлікте 128 (0-ден 127-ге дейін кодтар) цифрлар, латын алфавитінің әріптері, компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар орналасқан.

Альтернативті бөлікте 128 символ орналасқан (128-ден 255-ке дейін), бұларда ұлттық әріптер (орыстың, қазақтың, жапонның және т.б.), псевдографикалық және кейбір арнайы символдар орналасқан. Ондық, екілік, оналтылық жүйедегі сәйкестік сандар кестесі көрсетілген.

Мысалы, «Парта» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASСII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтар табамыз: П-F8, А-08, P-09, T-29, A-08. сонымен ПАРТА сөзі бұл кодта былай болады: F8080929087.

Енді бұл сөзді ASII-ді пайдаланып екілік кодта жазайық: F8-11111000, 08-00001000, 09-00001001, 29-00101001. Бұларды тізбектеп жазсақ: 11111000 00001000 00001001 00101001 11111000 шығады.

Мәтіндік информацияларды ASСII кестесін пайдаланып. Ол үшін: Мәтіндік әр символдың кодын кестеден табыңыз. Оның коды оналтылық жүйедегі екі саннан тұрады, оның біріншісі символ орналасқан жатық жол, ал екіншісі тік жол нөмірлері. Әрбір табылған оналтылық жүйедегі санды оған сәйкес екілік жүйедегі санмен алмастырыңыз.

Бұл процесті керісінше де атқаруға болады, яғни екілік коды бойынша мәтіндегі символдарды анықтауға болады. Мысалы: 010000110100111101001101010100000101010101000100010101010010 коды бойынша мәтінді анықтау қажет. Ол үшін солдан оңға қарай кодты төт-төрттен бөліп шығамыз:

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010.

Кестеден олардың оналтылық жүйедегі баламасын анықтасақ, COMPUTER сөзі шығады.






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.