Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Синонимдер, ерекшеліктері, пайда болу жолдары.

Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатарқұрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

· Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.

· Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

· Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:

1. мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;

2. бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;

3. мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;

4. Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.

5. Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;



6. Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.

Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.[1]

Мысалы қазақ тілінде бет деген сөздің 24 синонимы (түр, бет, келбет, ажар т.с.) бар екен [2] Синоним сөздердің мақсатты қолданылуы

Тілімізді байытатын, сөздік қорымызды молайтып тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі – синоним екені баршамызға мәлім. Ғалымдарымыз синонимдерді жан-жақты зерттеп, құнды пікірлер айтты. Ғалым Ә. Болғанбаевтың айтуынша: «Синонимдер дегеніміз - әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз табынан болған сөздер» [1, 23].

Тілімізде синонимдердің мол болуы – сол тілдің байлығының, оралымдылығының, көріктілігінің, мәнерлілігінің бірден-бір көрсеткіші. Синоним сөздердің стильдік мәні де ерекше болады. Олар – ойды қайталамаудың негізі ғана емес, суреткердің көркемдеу құралы. Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылып, суреткер ойын терең де мағыналы сөздер арқылы жеткізеді. Кез келген жазушы не ақын бір сөзді бірнеше рет орынсыз қайталап қолдана берсе, онда көркем дүние оқырманына жетіп, көкірегіне ой салуы қиын болар еді. Тұлғалары бөлек, мағыналары жақын болып табылатын синонимдер – поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. Ақынның көкірегінде сайрап тұрған шындықты шынайы, көркем етіп жеткізу үшін қажет сөзді талғап, таңдап, орынды қолдана білу де оның шеберлігінің бір қыры. Синонимдер – прозалық шығармаларда, поэзияда өте жиі қолданыстағы актив сөздер.

 






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.