Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Жалбызтікен тамырынан алынатын сірінді

технологиясының ерекшеліктері

Жалбызтікен тамырында 10 % шырыш, 37 % дейін крахмал бар. Негізгі әсер етуші заты – шырыш, қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар.

Негізгі мақсат – максималды мөлшерде шырышы бар және минималды мөлшерде крахмалы бар сірінді алу. Крахмал бұл жағдайда –балласты зат және микроорганизмдердің өсуіне қолайлы орта. Сонымен қатар ортаның тұтқырлығын жоғарлатады, шышыртың сірінділену мүмкіндігін азайтады, шырыш ыстық суда да, суық суда да ериді.

Сондықтан:

1. Жалбызтікен тұнбасын бөлме температурасында суық сумен дайындайды, өйткені ыстық суда крахмал шырышы түзіліп, қуыстарды бітеп, басқа шырыштардың сірінділенуіне кедергі жасайды.

2. Егер шикізат пен экстрагенттің қатынасы рецептте көрсетілмесе, 1:20 (5:100) қатынаста дайындалады.

3. Тұндырып болған соң шикізатты сүзу кезінде сықпайды, өйткені тұнба крахмалмен немесе ерімейтін заттардың майда бөлшектерімен ластанады.

4. Мөлдір шырыш алу үшін майдаланған емес, кесілген шикізат қолданылады.

5. Жазылымда тұнба, қайнатпа немесе шырыш көрсетілсе де, барлық жағдайда бір әдіспен, яғни қайнатпа дайындалады.

6. Су сіңірлу (Кс) коэффиценті орнына шығын коэффициенті (Кш) қолданылады. (Кш) – шығын коэффициенті қайнатпа дайындау үшін су мен шикізаттан неше есе артық алу керек екендігін көрсетеді.

ССРО МФ ІХ басылымы бойынша жалбызтікен тамырынан қайнатпа дайындаған кезде шикізат пен сірінді қатынасына тиісті шығын коэффициенті қолданылады (кесте 12).



Кесте 12.

Шикізат пен сірінді қатынасы Шығын коэффициенті (Кш)
5 : 100 1,3
4 : 100 1,2
3 : 100 1,15
2 : 100 1,0
1 : 100 1,05

Егер рецептте қайнатпаның басқа қатынасы жазылса (кестеде 12 Кш көрсетілмесе), онда келесі формула бойынша шығын коэффициентін есептеп алуға болады:

; мұндағы:

Х – 100 мл сіріндіге қажет рецептте көрсетілген тамыр мөлшері.

Мысалы, егер рецептте 6,0 – 180 мл қатынасы көрсетілсе, онда 100 мл тұнбаға 3,3 г тамыр алу қажет.

 

27 – 180

х – 100 ; х = 3,3 г шикізат.

Сонда шығын коэффициентін есептеу:

Зығыр тұқымдарынан шырыш дайындау (Mucіlago semіnіs Lіnі 1:30). Шырышты тұқымдардың бетінде болады, сондықтан тұқымдарын майдаламайды. ССРО МФ VІІІ басылымы бойынша 1 г тұқымдарға 30 бөлік ыстық су құяды, оны алдын-ала суық сумен шайып алады. 15 минут шайқап сүзеді.

Салеп түймегінен шырыш дайындау (Mucіlago Salep 1:100).Салеп шумағында шамамен 50 % шырыш бар. 1,0 ұнтақты босататтын құтыда 1 мл спирт қосып жібітеді. Спирт ұнтақ массасынан ауаны ығыстыру үшін, сумен жібуін жақсарту үшін қосылады.

Cодан соң 10 мл суық су, бірден 88 мл ыстық су қосып, суығанша шайқайды. Тек ex tempore дайындалады.

Сулы сірінділерді рецепте дәрілік заттармен бірге жазады. Олар терапевтік әсерін күшейтеді немесе толықтырады. Осындай микстураларды дайындау қиынға соғады, дәрілік заттар ұнтақ түрінде немесе сұйық болуы мүмкін.

ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 бұйрығының 1 бөлімінің 22 тармағына сәйкес:Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаған кезде ұнтақ түріндегі заттарды сүзілген, суыған сіріндіде ерітеді. Қажет болған жағдайда көлемін белгіге дейін сумен жеткізіп, қайтадан босататын құтыға сүзеді. Дәрілік заттардың концентрлі ерітінділері бұл жағдайда қолданылмайды. Шырындар, тұндырмалар, сұйық экстракттар, басқа да галендік препараттар дайын сығындыға осы бұйрықтың 15 тармағына сәйкес бірден босататын құтыға қосылады.

Бірдей экстракциялау тәртібін қажет ететін өсімдік шикізаттарының алынған көп компонентті сулы сығындыларды, шикізаттың гистологиялық құрылысына қарамастан, бір инфундирлік аппаратта дайындайды.

САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Бастапқы білім деңгейін бақылау

Мақсаты: Студенттердің берілген тақырып бойынша дайындық дәрежесін анықтау.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ

Мақсаты:Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаудың тиімді тәсілін таңдай білу, сапасын бағалауды үйрену.

Тапсырма 1.Рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау. Дәрілік түрлерді дайындау.

1. 1 24 8. 27 1

2. 2 27 9. 28 25

3. 3 29 10. 29 2

4. 4 30 11. 30 3

5. 22 21о 12. 21о 27

6. 24 2 13. 10о 22

7. 25 29 14. 5о 21о

Рецептер “Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм” /под ред. Кондратьевой Т.С., М.:Медицина, 1986 оқулығының 142-146 беттерінде.

СтуденттіҢ оҚытушымен бірлескен жҰмысы

Мақсаты: Студент жұмысын коррекциялау.

Студент үшін қиындық тудырған барлық сұрақтарға оқытушы жауап береді. Студеттер көңілін тұнбалар мен қайнатпалар технологиясының ерекшеліктеріне аударады.

ҚОРЫТЫНДЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ

Мақсаты:Студенттердіңзерттелген тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырмаларды орындап болған соң, студент хаттаманы оқытушыға тексертеді, орындалған жұмыстар бойынша сұрақтарға және сабақ тақырыбының бақылау сұрақтарына ауызша жауап береді:

1. Тұнбалар және қайнатпалар. Анықтамасы. Жіктелуі.

2. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындаудың негізінде қандай процестер жатыр.

3. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындауда әсер етуші заттардың толық сірінділеуіне әсер ететін факторлар.

4. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындау кезінде өсімдік шикізатының майдалану дәрежесі қандай болуы керек.

5. Рецепте көрсетілмесе тұнбалар мен қайнатпалардағы өсімдік шикізатының және сірінді көлемінің қатынасы қандай болуы тиіс.

6. Тұнбалар мен қайнатпаларды дай ындау кезінде болатын шығындар қалай ескеріледі.

7. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындаудағы айырмашылықтар.

8. “Жылдам” белгісі бар тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаудың ерекшеліктері.

9. Құрамында алкалоидтары бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

10. Құрамында иілік заттары, антрагликозидтері бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

11. Құрамында эфир майлары бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

12. Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

13. Сулы сірінділерге дәрілік заттарды енгізу.

14. Сулы сірінділерді дайындауда дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін несебепті пайдалануға болмайды.

15. Сулы сірінділердің сапасын бағалау.

16. Тұнбалар мен қайнатпалардың сақталу мерзімдері.

ҰСЫНылаТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиет:

1. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.1.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2008-592бет.

2. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.2.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2009-792бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.

4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под ред. Кондратьевой Т.С., - М.: Медицина, 1986 г.

5. Государственная фармакопея СССР ХІ издания. В 2-х томах, 1990 г.

6. Государственная фармакопея СССР Х издания, 1968 г.

7. Лекция материалы.

Қосымша:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 Қаулысы "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканыѕ айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

2. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 Қаулысы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы»

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 114 Қаулысы «Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1692 Қаулысы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және "Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

7. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.

8. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы. – 2004. – 124 бет.

9. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.

10. Практикум по технологии лекарственных форм - Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

11. «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой. Москва 2007 г. – 432 с.

12. Полный справочник фармацевта – Москва, Эксмо – 2007 г.

13. Сборник нормативных актов МЗ РК– Астана – 2008 г. – 212 с.

14. Приказы и инструктивные письма, нормирующие деятельность аптечных учреждений и фармацевтических предприятий

 

 

САБАҚ N 14

Тақырыбы:Күрделі сулы сірінділер дайындау. Сапасын бағалау.

Оқу сағат саны:3 сағат.

Тақырып өзектілігі:Фитотерапияға соңғы кездері қызушылықтың артуына байланысты, дәрігерлер науқасқа көпкомпоненті жинақтарды, олардан сулы сірінділер және оның негізінде әртүрлі дәрілік түрлерді жиі қолданады.

Сабақтың мақсаты:Күрделі сулы сірінділерді құрғақ және сұйық дәрілік заттармен дайындауды және олардың сапасын бағалауды үйрену.

Студент білуге тиіс:

- салмақ-көлемдік әдіспен сұйық дәрілік түрлерді дайындауды регламенттейтін нормативті құжатты;

- сулы сірінділер технологиясының ерекшеліктерін (тұнба мен қайнатпа);

- тұнба мен қайнатпаға (құрғақ және сұйық) дәрілік заттарды енгізуді;

- галенді және жаңа галенді препараттармен микстуралар технологиясының ерекшеліктерін.

Студент істей алуға тиіс:

- сұйық дәрілік түрге (микстураға) жазылған рецептің дұрыстығын тексеруді;

- сұйық дәрілік түрдегі (микстурадағы) күшті әсер ететін және улы заттардың дозаларын тексеруді;

- өсімдік шмкізатынан сулы сірінділер дайындауды;

- күрделі сулы сірінділерді құрғақ және сұйық дәрілік заттармен дайындауды;

- галенді, жаңа галенді және сұйық заттарды өлшеуді;

- ерітінділер дайындау үшін негізгі технологиялық сатыларды (өлшеу, майдалау, қыздыру, еріту, сүзу немесе фильтрлеу) орындауды;

- дайын дәрілік түрді босатуға безендіріп, сапасын бағалауды.

САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ СҰРАҚТАРЫ:

а) негізгі білім бойынша:

1. Тақырып бойынша латын терминология.

2. Өсімдік шикізатының химиялық құрамы және құрылыстық-механикалық қасиеттері.

3. Экстракциялаудың теориялық негіздері, молекулалық және конвективтік диффузия.

4. Еріту диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде. Динамизация жолдары.

5. Фильтрлеу, фильтрлеуші материалдар.

б) сабақ тақырыбы бойынша:

1. Тұнбалар мен қайнатпалар дәрілік түр ретінде. Сипаттамасы. МФ “Тұнбалар мен қайнатпалар” мақаласы.

2. Құрамында алкалоидтар, иілік заттар, антрглюкозиттер, жүрек гликозиттері, эфир майлары бар өсімдік шикізаттарынан сулы сірінділер дайындау ерекшеліктері.

3. Құрғақ дәрілік заттарды, галенді, жаңа галенді препараттарды қолданып сулы сіріндіден микстура дайындау.

4. Микстураны босатуға безендіру және сапасын бағалау.

5. Ерітінділерді жетілдіру бағыттары: “Құрғақ” микстуралар, микстура-концентраттар жасау, консервілеу, корригирлеу, дәріханаішілік дайындама номенклатурасын кеңейту, кіші механизация құралдарын ендіру.

АҚПАРАТТЫҚ–ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Дәрілік заттардың ең ірі көзі - өсімдіктер болап табылады. Қазіргі кезде өсімдіктерден жеке түрде табиғи биологиялық белсенді заттар (ББЗ) – алкалоидтар, витаминдер, сонымен қатар галендік және жаңа галенді препараттар алынады.

Дәрілік өсімдіктердің және олардан алынатын фитопрепараттардың синтетикалық препараттарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Олардың құрамында ББЗ-дың комплексі болады; ағзаға жұмсақ әсер етеді; қолданған кезде жанама әсер көрсетуі сирек және экономикалық тиімді.

Өсімдіктерді, препараттарды алу кезінде, экстрактивті заттармен бірге көптеген балласты заттар да сығындалады. Дәріханада әдетте өсімдік шикізатынан тек қана сулы сығындылар – қайнатпа мен тұнбалар дайындалады.

Қайнатпа мен тұнбалар деп дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен ex tempore алынған сулы сығындыларын атайды. Олар ең қарапайым сығындылар, себебі күрделі құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жеткіліксіз экстрагенттердің қолдануын талап етпейді.

ССРО МФ ХІ басылымында өсімдік шикізатынан сулы сығындыларды дайындау, сапасын бағалау және оларға сипаттама берілген. Сонымен қатар, құрғақ және сұйық экстракт-концентраттардың сулы ерітінділерін қолданылуы регламенттелген.

Сулы сығындылар өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр экстемпоралды рецептураның 10-15 % құрайды. Оның көне дәрілік түр екендігіне қарамастан, сулы сығындылар қазіргі кезге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Сулы сірінділердің қолданылуы.Өздері жеке және басқа да ішуге қолданылатын (микстуралар), сыртқа қолданылатын (шаюға, басуға арналған ерітінділер) дәрілік түрлермен бірге пайдаланылады.

Сулы сығындылар технологиясының жалпы ережелері. Тұнбалар. Шикізатты инфундиркаға салып (Іnfusіo - құямын, демдеймін) есептелген су мөлшерін құйып, жауып, қайнап тұрған су моншасында 15 минут қыздырады, жиі араластырып тұрады. Уақыт өткен соң инфундирканы су моншасынан алып, 20о С температурада тұндыруды жалғастырады, яғни 45 минут. “Суыту” тұнбаның жоғары молекулалық қосылыстармен қанығуына мүмкіндік береді, себебі олар баяу диффузияланады.

Қайнатпалар. Өсімдіктің тамырынан, тамырсабақтарынан, қабығынан дайындалады, олардың гистологиялық құрылысы тығыз. Су моншасында 30 минут тұндырады, себебі оларды сығындылануы қиын. Бөлме температурасында одан әрі сығындылау үшін қайнатпаны 10 минут суытады.

Егер ұзақ уақыт суытса, көп мөлшерде крахмал, пектиндер сығындыланып, қайнатпа қоюланады. Ал ол сүзуді қиындатады. 1 л-ден 3 л-ге дейінгі көлемде сулы сірінді дайындау кезінде ССРО МФ Х бойынша су моншасында тұнбаларды 25 минут, қайнатпаларды үшін 40 минут қыздырады. Осындай дәрілік түрлерді 3 л-ден артық көлемде дайындау рационалды емес, себебі сақталу мерзімі – 2 тәулік.

Сулы сығындылар микроорганизмдердің әсерінен тез бұзылады. Оларды түссіз немесе қоңыр түсті шыны құтыда, аузын полиэтилен тығынмен, бұралатын пластмасс қақпакпен буып түйеді. Тұнбалар мен қайнатпаларды, құрамындағы заттардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты, 25о С жоғары емес температурада немесе мұздатқышта (3-5о С) сақтайды.

ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 бұйрығының 1 бөлімінің 22 тармағына сәйкес:Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаған кезде ұнтақ түріндегі заттарды сүзілген, суыған сіріндіде ерітеді. Қажет болған жағдайда көлемін белгіге дейін сумен жеткізіп, қайтадан босататын құтыға сүзеді. Дәрілік заттардың концентрлі ерітінділері бұл жағдайда қолданылмайды. Шырындар, тұндырмалар, сұйық экстракттар, басқа да галендік препараттар дайын сығындыға осы бұйрықтың 15 тармағына сәйкес бірден босататын құтыға қосылады.

Бірдей экстракциялау тәртібін қажет ететін өсімдік шикізаттарының алынған көп компонентті сулы сығындыларды, шикізаттың гистологиялық құрылысына қарамастан, бір инфундирлік аппаратта дайындайды.

Әртүрлі экстракциялауды талап ететін өсімдік шикізатынан алынған көп компонентті сулы сығындының технологиясы максималды су мөлшерімен жүргізіледі, су мөлшері шикізат мөлшерінен 10 есе артық болуы керек.

САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Бастапқы білім деңгейін бақылау

Мақсаты: Студенттердің берілген тақырып бойынша дайындық дәрежесін анықтау.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ

Мақсаты:Күрделі сулы сірінділерді құрғақ және сұйық дәрілік заттармен дайындаудың тиімді тәсілін таңдай білу, сапасын бағалауды үйрену.

Тапсырма 1.Рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау. Дәрілік түрлерді дайындау.

1. 14 8 13о 8. 12о 1о 19

2. 15 10 3о 9. 18о 14о 5

3. 16 11 4о 10. 18 23о 4о

4. 17 12 6о 11. 14 15о 8о

5. 18 9 8о 12. 15 16о 6

6. 19 12 9о 13. 16 8 17о

7. 20 13 19о 14. 17 13 20о

Рецептер “Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм” /под ред. Кондратьевой Т.С., М.:Медицина, 1986 оқулығының 142-146 беттерінде.

Ескерту: Термопсис шөбінен, наперстянка жапырағынан сулы сірінді дайындау үшін стандартты шикізаттан және алкалоид мөлшері 1,65%, жүрек гликозидтері мөлшері 75-80 БӘБ шикізаттан есептеулер жүргізіңіз.

СтуденттіҢ оҚытушымен бірлескен жҰмысы

Мақсаты: Студент жұмысын коррекциялау.

Студент үшін қиындық тудырған барлық сұрақтарға оқытушы жауап береді. Студеттер көңілін күрделі сулы сірінділерді құрғақ және сұйық дәрілік заттармен дайындау технологиясының ерекшеліктеріне аударады.

ҚОРЫТЫНДЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ

Мақсаты:Студенттердіңзерттелген тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырмаларды орындап болған соң, студент хаттаманы оқытушыға тексертеді, орындалған жұмыстар бойынша сұрақтарға және сабақ тақырыбының бақылау сұрақтарына ауызша жауап береді:

1. Сулы сірінді дегеніміз не?

2. Микстураны дәріханада дайындауды регламенттейтін нормативті құжатты атаңыз?.

3. Тұндырманы, сұйық экстракты, шырындарды, және басқа сұйық заттарды миктура құрамына қалай енгізеді?

4. Сулы сірінділердің сапасн бағалау қалай жүргізеді?

ҰСЫНылаТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиет:

1. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.1.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2008-592бет.

2. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.2.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2009-792бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.

4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под ред. Кондратьевой Т.С., - М.: Медицина, 1986 г.

5. Государственная фармакопея СССР ХІ издания. В 2-х томах, 1990 г.

6. Государственная фармакопея СССР Х издания, 1968 г.

7. Лекция материалы.

Қосымша:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 Қаулысы "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканыѕ айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

2. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 Қаулысы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы»

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 114 Қаулысы «Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1692 Қаулысы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және "Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

7. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.

8. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы. – 2004. – 124 бет.

9. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.

10. Практикум по технологии лекарственных форм - Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

11. «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой. Москва 2007 г. – 432 с.

12. Полный справочник фармацевта – Москва, Эксмо – 2007 г.

13. Сборник нормативных актов МЗ РК– Астана – 2008 г. – 212 с.

14. Приказы и инструктивные письма, нормирующие деятельность аптечных учреждений и фармацевтических предприятий

САБАҚ N 15

Тақырыбы:Экстракт-концентраттардан сулы сірінділер дайындау. Сапасын бағалау. Бұйрықтар мен нұсқаулар.

Оқу сағат саны:3 сағат.

Тақырып өзектілігі:Дәрілік өсімдік шикізатынан алынған экстракт-концентраттарды пайдаланып сулы сірінділер дайындау - дәріханаларда еңбек өнімділігін артырады және тұнбалар мен қайнатпалардың технологиясын жетілдірудің маңызды жолы болып табылады. Сондықтан экстракт-концентраттарды пайдаланып сулы сірінділер технологиясын оқып үйрену фармацевтің іс-тәжірибелік қызметі үшін маңызды болып табылады.

Сабақтың мақсаты:Экстракт-концентраттарды пайдаланып тұнбалар мен қайнатпалар дайындауды және олардың сапасын бағалауды үйрену.

Студент білуге тиіс:

- экстракт-концентраттардың сипаттамасын және жіктелуін;

- завод жағдайында дайындалатын экстракт-концентраттардың

номенклатурасын.

Студент істей алуға тиіс:

- экстракт-концентраттардың, судың, басқа ингредиенттердің мөлшерін есептеуді;

- экстракт-концентраттарды пайдаланып сулы сірінділерді дайындаудың оптимальды технологиясын таңдауды;

- экстракт-концентраттарды пайдаланып сулы сірінділерді дайындауды: өлшеу, еріту, сүзу;

- жалбыз тікен тамырынан, зығыр дәнінен, салеп түйінінен шырыштар дайындау ерекшеліктерін;

- сулы сірінділердің сапасын бағалауды, босатуға безендіруді.

САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ СҰРАҚТАРЫ:

а) негізгі білім бойынша:

1. Тақырып бойынша латын терминология.

2. Өсімдік шикізатының химиялық құрамы және құрылыстық-механикалық қасиеттері.

3. Экстракциялаудың теориялық негіздері, молекулалық және конвективтік диффузия.

4. Фик заңы, Эйнштейн теңдеуі.

5. Клетка биофизикасы, өсімдік клеткасының құрылысы.

б) сабақ тақырыбы бойынша:

1. Тұнбалар және қайнатпалар. Анықтамасы. Сипаттамасы.

2. Жалбыз тікен тамырынан, зығыр дәнінен, салеп түйінінен шырыштар дайындау ерекшеліктері.

3. Сулы сірінділер дайындау үшін қолданылатын экстракт-концентраттар. Технологиясының ерекшеліктері.

4. Шығын коэффициенті дегеніміз не?

5. Сулы сірінділердің сапасын бағалау, безендіру.

АҚПАРАТТЫҚ–ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Экстракт-концентраттар - тұнбаларды тез дайындау үшін қолданылатын дәрілік өсімдік шикізатынан алынған стандартталған концентрленген сірінділер. Оларды зауытта, фабрикаларда дайындалады.

ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 бұйрығының 22 тармағына сәйкес:Сулы сығындылар алу үшін дәрілік өсімдік шикізатының орнына экстракт-концентраттарды қолдануға болады. Олар сұйық 1:2, құрғақ 1:1, 1:2 болуы мүмкін. Бұл жағдайда жазылым құрамындағы дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін қолдануға болады.

Өндірістен шығарылатын экстракт-концентраттар Құрғақ экстракт-концентраттар – Extracta sіcca standartіsata

- жалбызтікен құрғақ экстракт-концентраты 1:1 – Extractum Althaeae sіccum standartіsatum 1:1

- термопсис (ақмия) құрғақ экстракт-концентраты 1:1 – Extractum Termopsіdіs sіccum standartіsatum 1:1

- жалынгүл құрғақ экстракт-концентраты 1:1 – Extractum Adonіdіs vernalіs sіccum standartіsatum 1:1

- меруертгүл құрғақ экстракт-концентраты 1:2 – Extractum Convallarіae sіccum standartіsatum 1:2

- дигиталис құрғақ экстракт-концентраты 1:1 – Extractum Dіgіtalіs sіccum standartіsatum 1:1

Сұйық экстракт-концентраттар – Extracta fluіda standartіsata:

- сасықшөп сұйық экстракт-концентраты 1:2 – Extractum Leonurі fluіdum standartіsatum 1:2

- шүйгіншөп сұйық экстракт-концентраты 1:2 – Extractum Valerіanae fluіdum standartіsatum 1:2

- жалынгүл сұйық экстракт-концентраты 1:2 – Extractum Adonіdіs vernalіs fluіdum standartіsatum 1:2

Олардың кәдімгі экстракттардан айырмашылығы: суда толық ериді. Оларды дайындау үшін экстрагент ретінде 20-40 %-тік этил спирті қолданылады. Бұл сығындыларды экстракцияланатын заттар құрамы бойынша дәріханалық сығындылауға жақындатуға ұмтылумен түсіндіріледі.

Экстракт-концентраттарды қолданудың артықшылықтары

- сулы сіріндіні тез дайындау мүмкіндігі;

- өсімдіктен – 1 сағат 10 минут;

- экстракт-концентраттан – 5-10 минут;

- өнімнің стандарттылығы;

- микроорганизмдерге тұрақтылығы;

- өсімдіктен алынған тұнбаның сақтау мерзімі – 2-3 тәулікте;

- экстракт-концентраттан алынған тұнбаның сақтау мерзімі – 5-7 тәулік.

Экстракт-концентраттарды қолданудың кемшіліктері:

- құрғақ экстракт-концентраттың ылғалдылығы 5 %-тен аспауы керек: көгереді, гигроскопиялық, ал бұл: дәл дозаланбауын тудырады, тотығу және ферменттік ыдырау процессін, жартылай немесе толық инактивациялануы мүмкін.

- сұйық экстракт-концентраттар тұрақсыз

Осы кемшіліктерді болдырмау жолы: – микрокапсулалау, қабықша ретінде пленка тәрізді заттар, целлюлоза туындыларын қолдану.

Сыртқы түрі бойынша тұнбаларды түсі және тұтқырлығы бойынша ажыратады. Сондықтан, этикеткада тұнбаны неден дайындалғанын көрсету қажет: өсімдік шикізатынан немесе экстракт-концентраттан.

Тұнбаларды және қайнатпаларды сұйық экстракт-концентраттарды қолданып дайындау

Rp.: Іnfusі rhіzomatіs cum radіcіbus Valerіanae 8,0 - 200 ml

Natrіі bromіdі 3,0

Adonіsіdі 4 ml

Tіncturae Leonurі 5 ml

Mіsce. Da. Sіgna. 1 ас қасықтан түнде

Микстураның жалпы көлемі (Vж.)

Vж = 200мл + 4мл + 5мл = 209мл

Адонизид күшті әсер ететін зат дозасы тексеріледі.

209 : 15 = 14 қабылдау саны






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.