Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

ФОНЕТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН САЛАЛАРЫ

 

Адамның қоғамдағы қатынасының ең маңыздысы – тілдік қатынас. Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік қатынас ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу арқылы орындалады. Сөйлеу - адамзат іс-әрекетінің ерекше формасы. Сондықтан сөйлеу психология, физиология, логопедия, тіл білімі, т.б. ғылымдардың қарастыратын нысаны.

Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі және негізгісі – фонемалар. Жеке тұрғанда ешбір мәні жоқ дыбыстар белгілі бір жүйемен тіркесіп сөзді құрайды, яғни сөздің өмір сүру амалы тілдік дыбыстарға тікелей байланысты болады. Кез келген тіл өзінің қалыптасқан фонемалық жүйесі арқылы қарым-қатынас құралына айналады.

Тіл білімнің бір саласы болып табылатын фонетика (грек т. phone – дыбыс) тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы (комбинациясы) арқылы жасалады. Дыбыстардың тіркесуі тілде қалыптасқан белгілі бір заңдылықтарға негізделеді.

Фонетиканың зерттеу нысандары:тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.



Дыбыстардың жасалуы мен өзгеру заңдылықтарын меңгеру арқылы тілдің лексикалық және грамматикалық бірліктеріндегі құбылыстарға ғылыми тұрғыдан түсінік беруге болады. Сонымен қатар сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың беретін мүмкіндігі зор. Сондықтан фонетика тіл білімінің лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен байланысты.

Тіл уақыт өтуімен өзінің ішкі заңдылықтарымен және сыртқы экстралингвистикалық факторлардың әсерімен дамып отырады. Кез келген тілдің қалыптасқан дыбыстық жүйесі де тарихи даму кезеңдерін басынан өткереді. ХХІ ғасыр қазақ тіл білімінің тарихи кезеңі болып табылады. Қазақ тілінің мемлекет аясында қолданысының кеңеюі тіл мәдениетін жоғарлатуды талап етуде. Тіл мәдениеті фонетика саласын да қамтиды. Мәселен, сөйлеу актісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстай білу, жазуда тілдік

нормаларды сақтау, сөйлеуде дыбыстық жүйемізде қалыптасқан заңдылықтарды дұрыс қолданы білу, т.б.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жетік меңгеру арқылы тілдің қоғамдық қызметін жетілдіріп, оның ары қарай дамуына дұрыс бағдар беруге болады.

Зерттеу, сипаттау тәсілдерне қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болып бөлінеді.

Сипаттамалы фонетика (синхрониялық және статистикалық фонетика) – тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады. Тілдік дамудың бүгінгі кезеңіндегі дыбыстардың сапалық белгілерін, сандық құрамын, олардың тіркесуін, буын, екпін мәселелерін үндесу заңдылықтарын, орфография және орфоэпия мәселелерін анықтайды.

Бастауыш, орталау, орта және жоғарғы оқу орындарында сипаттамалы фонетика оқытылады. Сипаттамалы фонетиканың негізгі тұжырымдары акдемик I.Кеңесбаевтың 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында баяндалған. Сипаттамалы фонетиканың зерттеулеріндегі жетістіктер І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, К.Бейсенбаева, З.Базарбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.

Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) – тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың даму заңдылықтарын, дыбыстық жүйедегі өзгерістер, буын, екпін, үндесу заңдылықтары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары арқылы айқындалады, - деп М.Томанов атап көрсетедi.

Салыстырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырады. Мәселен, қыпшақ тілдері тобындағы қазақ тілінің оғыз тілдері тобындағы түрік тілімен қаншалықты туыстығына, олардың бір-бірінен айырмашылықтарына туыс екі тілдің дыбыстық жүйелерін тарихи фонетиканың аясында салыстыра зерттегенде ғана көз жеткіземіз.

Салғастырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әртүрлі басқа да тілдермен салыстыра зерттейді.

Қазақ тілі мен орыс тілдерінің немесе қазақ тілі мен араб тілдерінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін анықтау салғастырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салғастырмалы фонетиканың нәтижелері әлемдік қарым-қатынаста қолданылатын ағылшын тілі сияқты қолдану аясы кең тілдерді аз мерзімде жетік меңгеруде пайдалануға болады.

Тіл тарихы, этимология, тілдердің туыстастығын анықтауда, бүгінгі кезеңдегі тілдердің қарым-қатынасындағы мәселелерді шешуде фонетиканың атқаратын қызметі ерекше. Тілдегі дыбыстық ұқсастықтар мен ортақтықтарды ғылыми тұрғыдан білмейінше, жекелеген сөздердің шығу тарихын, даму ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес. Белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін жақсы білу арқылы келесі бір тілді оңай меңгерге болады.






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.