Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Есімше оралымды сөйлемдер

Күрделенген сөйлемдердің қазақ тілінде ең жиі кездесетін түрі есімше оралымдармен күрделенген сөйлемдер.

Сөйлемдегі негізгі ой бір бас мүшенің (бастауыштың) төңірегіне жинақталса, есімше сөздері оралымды құрылымдарды ұйымдастыруда орталық байланыстырушы дәнекер болады. Есімшелі оралым негізгі сөйлемнің мазмұнын толықтыра отырып, күрделенген сөйлемдерді жасауға қатысады. Мысалы, ауылға тақай бергенде, алдынан Рай шықты. (Ә.Н.)

Есімше оралым негізгі сөйлеммен байланысу тәсіліне қарай екі түрлі амалмен жасалады: 1) септік жалғаулы есімше оралымдар. Мысалы, Ауру баланы көргенде, Ақбала есіне түсті. (Ә.Н.)

Қозыны қолына ала бергенде, Айгүл аз ғана әлсіреу де сезініп еді. (Ғ.М.)

2) Көмекші сөзді есімше оралымдар: -ған соң түрінде келген есімшелі оралым сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай әр түрлі мағыналық қатынастарда жұмсалып отырады. Солардың ішінен ең көп кездесетіні – себептік мәніндегілер. Мысалы, Шұжықтан көбірек жеген соң, Байсейіт азырақ көңілденіп алды. (С.Сейфуллин).

-ғаннан кейін. Есімге оралымның осы түрі мезгілдік мәнде жұмсалып негізгі сөйлемдей оқиға, әрекеттің орындалуына мүмкіндікер туғызады: Жылқыдан босанып келгеннен кейін, мен тағы да белгілі Жаманшұбарда жүре бастадым. (С.Мұқанов)

 

-ғаннан бері. Бұлар да есімше оралымды жасауға қатынасып, мезгілдік мәнде жұмсалады: Әйгерім, Мақұлбайдың өлгенін естігеннен бері, үнсіз жылауда еді. (М.Әуезов)



СООЖ

 

1. Есімше оралымды күрделенген сөйлемдердің жасалу жолдары.

2. Көсемше оралымды күрделенген сөйлемдердің жасалу жолдары

СӨЖ

1. Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуі.

2. Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері. Оның жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтары мен олардан айырмашылығы. Үйірлі сөйлем мүшелері.

3. Айқындауыш. Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі, сөйлемдегі орны, интонациясы.

 

 

1-тапсырма. Жай сөйлемді күрделендіретін синтаксистік құрылымдарды табыңыз:

Аттылы кісілер оқшаулау тұрған жалғыз үй – Кәленнің үйіне туралап келеді. (Ә.Н.) Түн қойнына, қарлы боранның құшағына сүңгіген үшеу алыстай берді. (С.С.) Күні бойы от жанбаған үй ызғып тұр екен. (Ә.Н.) Ертемен Жомарт батыр Қарабайды шақыртты. (С.С.) Біржан енді ғана есін жиып, ананы-мынаны барлай бастады. (Ә.Н.) Осы кеште Тәкежан ауылының шеткі лашығы – Иіс кемпірдің үйінде де сары уайым еді. (М.Ә.) Қазыбек би қалың ойға шомып кетті. (С.С.) Абайдың қасына келгенде, Ербол жаңағы көргенін жасырған жоқ. (М.Ә.)






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.