Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Рмалас сөйлемнің зерттелуі

 

Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен де күрделі саласы.Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі қазақ тіл ғылымында 1920 жылдардан бері қарай зерттелініп келеді. Бұл ғылым өзінің жарыққа шыға бастаған күнінен-ақ пікір қайшылықтарының, түрлі көзқарастардың нәтижесінде дамып, қалыптасты.

Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі ХХ ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі грамматикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілері болды.

1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің қысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі – синтаксиске арналған (1897 ж).

Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектердің ешқайсысында «құрмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аты аталған қазақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз (44,92).



В.В.Катаринский «Грамматика киргизского языка» деген еңбегінде құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп таныған

( 35 ,85).

Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу еңбектері қазақ тілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды.

А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі (14,300-301).

1991 жылы С.Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге бөледі. 1935 жылғы «Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы» деген мақаласында үйірлі мүше құрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді.

1939 жылы орталау және орта мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі грамматикасы мен синтаксис бөлімі жарық көрді. Оқулық мектеп программасына негізделіп жазылғандықтан, құрмалас сөйлем жайындағы деректер кеңірек қамтылған.

Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас сөйлем деп кіге бөледі. Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсетіледі ( 31,201).

Қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. «Құрмалас сөйлем дегеніміз- екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы»,-деп автор анықтамасын береді ( 2 ,176).

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор үлес қосқан ғалымның бірі – Н.Сауранбаев. Ол «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі» деген еңбегінде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді үлкен үш топқа бөледі: іргелес, салалас және сабақтас құрмаластар. Іргелес құрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. «Негізгі ойды сипаттау, толықтыру үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен тобы жайылыңқы іргелес болады. Жайылыңқы іргелеске енген жай сөйлемдер қысқартылмай толық күйінде айтылады». Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті жатқызады: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі», - дейді (58,32).Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына кірген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айтқан. Бірақ автордың бұл пікірі қазақ тіл мамандарының тарапынан қолдау таппады. Қазақ тіл ғылымы Н.Сауранбаевтың «жайылыңқы іргелесін» жалғаулықсыз салалас деп, «қойылыңқы іргелесін» бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарайды.

Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы – Т.Қордабаев. Ол құрмалас сөйлем, оның түрлерін, құрылымына қарай жіктелуін, ішінара бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғалымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің бірі болып саналады (11,192).

Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз көзқарасын толық білдіріп, зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» атты еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің синтаксис саласына зор үлес қосты ( 28 ,141). Ұ.Салиева да өз еңбегін құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлеріне арнады (53 ,25).

Б.Сағындықұлының «Аралас құрмаластың мағыналық топталуы» деген көлемді мақаласында құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас құрмалас сөйлемнің табиғатына тоқтала келіп: «аралас құрмалас сөйлемдерді мағыналық жағынан шартты түрде екіге бөлуге болады. Оның біріншісі-баяндауыш формасыз, тиянақты түрде келетін, тек байланысу тәртібімен келетін, ерекшеліктері көп басыңқылы сабақтас сөйлемге ұқсас түрі де, екіншісі-бұндай формаға кереғар, аралық категорияның пайда болуынан бастап қолданыла бастаған, «әрі салаласып, әрі сабақтасып» келетін түрі», - дейді (55,37).

Түркі тіл білімінде Н.П.Дыренкова құрмалас сөйлемдерді а) слитное предложение; ә)составное предложение; б)сложное предложение; в)подчиненные деп бөледі (23,307). Ал өзбек тілін зерттеген ғалым А.Н.Кононов «Өзбек тілі грамматикасы» еңбегінде салалас, сабақтас деп екіге бөледі (33,268).

Орыс тіл білімінде В.В.Виноградов, Н.С.Поспелов, А.А.Богородицский, Е.В.Кротевич, Г.П.Уханов, И.А.Попова т.б. құрмалас сөйлем құрамындағы синтаксистік компоненттерді сөйлем дәрежесінде танымай, оларды деформацияланған, яғни бірі екіншісіне сіңіп кеткен жеке бөлшектер ретінде қарастырады.

Ал Ф.Ф.Фортунатов, А.М.Пешковский, М.С.Бархадуров, А.А.Шахматов, Г.П.Леонтьев, Г.В.Колшанский, Е.В.Гулыга т.б. ғалымдар құрмалас сөйлем құрамындағы синтаксистік компоненттер сөйлемдік дәрежеде танылып, олар мағыналық жағынан өзара тығыз үйлесе жұмсалатындығын айтты.

 

СООЖ

1. Құрмалас сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелуі.

2. Т.Қордабаев және құрмалас сөйлем.

3. Құрмалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолдары.

 

СӨЖ тақырыптары:

1. Құрмалас сөйлем жайындағы пікір қайшылықтары.

 

 

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің қайсысы жай, қайсысы құрмалас сөйлем екендігін ажыратыңыздар.

Алғашқы кезде ауылға қайтқысы келіп, интернаттың тірлігіне үйрене алмай жүрді /Н.Ораз/. Бірақ боран да, жел де, аяз да бәсеңдемеді /Т.Жароков/. Ұяны мекиені адам аяғы бармайтын ескі шірік қамыс араларына салады /”Білім және еңбек” журн./. Бақытымызға қарай Жамалетдин де, тіпті Ыбырайдың өзі де келіпті /С.Көбеев/. Кешке интернатқа келгенде де сол бір қорабы қызыл, кабинасы сары, өзі батареймен жүретін машина Асанның ойынан кетпей қойды. Малақайын қолына ұстады да, үйден шығып жүре берді /Н.Ораз/.

2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, көшіріңіз, құрмалас сөйлем екенін дәлелдеңіз:

1. Батырдың өмірі қысқа, ... . 2. Ақылды сөзге тоқтайды, ... 3.Кісі үйіне көсем болма,... . 4. Кеңескен іс оңалар, ... 5. Қураған ағаш иілмес, ...






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.