Пиши Дома Нужные Работы

Обратная связь

Бөлім. Эксперт комиссиясының отырысы.

Дәрігер эксперт науқасты зерттеу маңызын, амбулаторлы құжатпен танысу нәтижесі туралы баяндайды.науқасқа « 1 ай бұрынғы шағымы негізінде (ауру сезімі, СТЖБ аймағындағы ауру сезімі, температурасы көтерілуі) ауру анамнезі (суықпен байланыстырады, басқа да буындары ауырады) емдеуші дәрігер «СТЖБ артроз-артриті» деген диагноз қойды. Антибиотиктер тағайындады, буын аймағына УВЧ, буын қуысына гидрокортизон енгізді». Жағдайы жақсармады.

Дәрігер ревматолог науқасты тексергендегі нәтижесін баяндады.

Емдеуші дәрігер науқасты тексеру нәтижесін баяндайды, өзінің диагнозын және емін негіздейді

Дәрігер кеңесші медициналық қорытындысын негіздейді.

Студенттер тобы-эксперт емдеуші дәрігердің профессионалды қызметін , «коммуникативті дағдылар» құзыреттілігін бақылау дәрежесінің бағасын, «денсаулық адвокаты» барлық дәгерлермен бағалайды.

8. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырмалар, жаттығулар)

Тесттік түрдегі тапсырмалар:

№1тапсырма

Төмендегілердің ішіндегілерден басқа қайсысы төменгі жақты түсіретін бұлшықетке жатады?

1.Қос қарыншалы

2.Меншікті шайнау

3.Иекасты-тіл

4.Жауырын-тіласты

5.Жақ-тіласты

 

№2тапсырма

Буын элементіне бекитін бұлшықет?

1.Ұрттық

2.Меншікті шайнау

3.Иекасты-тіл

4.Сыртқы қанатша

5.Ішкі қанатша

 

№3 тапсырма

Екі жақты жиырылу кезінде төменгі жақты алға жылжытатын бұлшықет?

1.Самай

2.Қос қарыншалы



3.Иекасты-тіл

4.Сыртқы қанатша

5.Жақ-тіласты

 

№4 тапсырма

Төменде көрсетілгендердің ішінде қай бұлшықет шықшыт буынының дискісін алға жылжытуға қатысады?

1.Самай

2.Жақ-тіласты

3.Ішкі қанатша

4.Сыртқы қанатша бұлшықеттің жоғарғы басы

5.Сыртқы қанатша бұлшықеттің төменгі басы

 

№5 тапсырма

Төменде көрсетілген байламдардың қайсысы шықшыт буынының басы дискісін артқа жылжытады?

1.Сынатәрізді-төменгі жақ

2.Біз-төменгі жақ

3.Диск-төменгіжақ

4.Бетсүйек-төменгіжақ

5.Латералды

 

№6тапсырма

Төменде көрсетілген байламдардың қайсысы шықшыт буынының басы дискісін артқа жылжытады?

1.Сынатәрізді-төменгі жақ

2.Біз-төменгі жақ

3.самай-төменгіжақ

4.диск -самай

5.медиалды

 

№7 тапсырма

Шықшыт буынының биламинарлы аймағына төменде көрсетілгендер бәрі жатады, мынадан басқасы?

1.Амортизациялық

2.Қорғаныс

3.Синовиалды сұйықтық

4.Буын басының қозғалысына қатысу

5.Шықшыт буыны дискісін қозғалысына қатысу

 

№8тапсырма

Төменде көрсетілгендердің барлығы шықшыт буынының анатомо-функционалды қасиеттеріне жатады, мынадан басқасы?

1.Шықшыт буынының сыртқы және ішкі байламдары бар

2.Шықшыт буыны буындық беті гиалинді шеміршекпен қапталған

3.Шықшыт буыны буындық беті дәнекер тінмен қапталған

4.Аузын ашқанда буын басы шарнирлі қозғалыс жасайды

5.Ауыз ашқанда буын басы ену қозғалысын жасайды

 

№9 тапсырма

Төменде артериялардың барлығы шықшыт буынының қанмен қамтамасыз етуіне қатысады, мынадан басқасы?

1.Қанатша

2.Артқы құлақтық

3.Терең құлықтық

4.Сыртқы ұйқы

5.Алдыңғы дабыл

 

№10 тапсырма

Шықшыт буыны шұңқыры шекараларына мыналар жатады, мынадан басқасы?

1.Жоғарыдан-құлақ қуысы

2.Алдынан-буын төмпешігі

3.Ішкі бетінен – бұрыш осі

4.Артынан-самай сүйегінің дабыл бөлігі

5.Сыртқы- самай сүйегінің бетсүйектік өсіндісінің негізі

 

№11 тапсырма

Самай-төменгі жақ буынының сыртқы артикулярлы ауруларына жатады?

1.СТЖБ артриті

2.СТЖБ артрозы

3.СТЖБ анкилозы

4.СТЖБ аномалиясы

5.СТЖБ ауру дисфункциясы синдромы

 

№ 12 тапсырма

.Шықшыт буынының жедел артритіне тән симптом?

1.Курковые аймағы

2.Шықшыт буыны аймағында ісінуі, байламы

3.Шайнау бұлшықетінің тонусының бұзылысы

4.Вегетативті бұзылыстар

5.Төменгі жақ S-тәрізді қозғалыстар

 

№13 тапсырма

Самай-төменгі жақ буынының сыртқы артикулярлы ауруларына жатады?

1) Бруксизм

2) СТЖБ артриті

3) СТЖБ артрозы

4) СТЖБ аномалиясы

5) СТЖБ остеопорозы

 

№14 тапсырма

Төменде көрсетілген шықшыт буынының ауруларының қайсысы сыртқы артикулярлы түріне жатады?

1) СТЖБ артриті

2) СТЖБ артрозы

3) СТЖБ анкилозы

4) СТЖБ аномалиясы

5.Томенгі жақ контрактурасы

 

15.Шықшыт буынының артикулярлы ауруына жатады:

А)бруксизм

В)+шықшыт буынының артриті

С)шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы

Д)шайнау бұлшықетінің қабыну контрактурасы

Е)шайнау бұлшықетінің тыртықты контрактурасы

 

16.Шықшыт буыны төменде көрсетілген барлық құрылымдармен бекітілген,ТЕК:

А)буын капсуласы

В)+қанатша-самай байламы

С)біз-төменгі жақ байламы

Д)самай-төменгі жақ байламы

Е)қанатша-төменгі жақ байламы

 

17.Төменде көрсетілгендердің барлығы шықшыт буынының арнайы артритіне жатады,ТЕК:

А)гонореялық

В)туберкулездік

С)+ревматоидтық

Д)актиномикоздық

Е)мерездік

 

18.Төменде көрсетілген барлық қабыну үрдісі инфекциясының таралуы салдарынан инфекциялық арнайы емес артриті дамиды,ТЕК:

А)іріңді отитте

В)іріңді паротитте

С)іріңді мастоидитте

Д)+ұрт аймағының флегмонасы

Е)төменгі жақ бұтаңының остеомиелиті

 

19.Төменде көрсетілген барлық қабыну үрдісі инфекциясының таралуы салдарынан шықшыт буынының инфекциялық арнайы емес артриті дамиды,ТЕК:

А)іріңді отитте

В)іріңді паротитте

С)+іріңді конъюктивитте

Д)құлақ маңы аймағының флегмонасы

Е)төменгі жақ бұтағының остеомиелиті

 

20.Төменде көрсетілгендердің барлығы шықшыт буыны артритіне жатады,ТЕК:

А)+неврогенді

В)жарақатты

С)инфекциялы емес

Д)арнайы инфекциялық

Е)арнайы емес инфекциялық

 

21.Әйел адам екі жағындада шықшыт буыны аймағындағы ісіну мен ауру сезіміне шағымданады.Анамнезінен анықталды:көлік жол апаты салдарынан бетінің оң жағынан жарақат алған,бірнеше жылдан бері ревматолог және гастроэнтеролог тіркеуінде тұрады.Шықшыт буыны ауруының дамуына төменде көрсетілгендердің қайсысы сәйкес:

А)+ревматизм

В)төменгі жақ жарақаты

С)стресс немесе жүйке жүйесінің шаршауы

Д) стоматолог қабылдауында ұзақ болуы

Е)созылмалы гастриттің өршуі

 

22.Клиникаға 38 жастағы науқас шықшыт буыны мен құлақтың сол жақ бөлігіндегі,беттің бүйір бөлігіндегі ауру сезіміне,ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады.Екі апта бұрын ЖРВИ-н ауырған.Қарап тексергенде:сол жақтағы шықшыт буыны ісінген,ауыз 2см-ге ауру сезімімен ашылады.Төменде көрсетілген барлық аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі,тек біреуінен басқа:

А)жедел отит

В)жедел паротит

С)+үшкіл нервтің невралгиясы

Д)шықшыт буынының жедел артриті

Е)шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы

 

23. Клиникаға 38 жастағы науқас шықшыт буыны мен құлақтың сол жақ бөлігіндегі,беттің бүйір бөлігіндегі ауру сезіміне,ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады.Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған.Қарап тексергенде:сол жақтағы шықшыт буыны ісінген,ауыз 2см-ге ауру сезімімен ашылады.Иекке қысым түсіргенде – оң жағындағы шықшыт буынында ауру сезімі пайда болады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагнозға сәйкес келеді.

А) шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы

В)үшкіл нервтің невралгиясы

С) +шықшыт буынының жедел артриті

Д) шықшыт буынының артрозы

Е)жедел отит

 

24.Бозбала 20 жаста,шықшыт буыны мен құлақтың оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне,ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады.Осыдан 3 күн бұрын волейбол ойнағанда беттің сол бөлігінен доппен соққы алған. Қарап тексергенде:оң жақтағы шықшыт буыны ісінген,ауыз 2см-ге ауру сезімімен ашылады.Иекке қысым түсіргенде – оң жағындағы шықшыт буынында ауру сезімі пайда болады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагнозға сәйкес келеді.

А)жедел отит

В)жедел паротит

С)+жедел жарақатты артрит

Д) төменгі жақ бұрышының сынуы

Е) төменгі жақ айдаршықты өсіндісінің мойын бөлігінен сынуы

 

25.Төменде көрсетілген шықшыт буынының қай ауруына "стартты ауру сезімі" тән:

А) +шықшыт буынының артрозы

В) шықшыт буынының анкилозы

С) шықшыт буынының жедел артриті

Д)шықшыт буынының жарақатты артриті

Е) шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы

 

26.Әйел П.,40 жаста, шықшыт буыны мен құлақтың сол жақ бөлігіндегі ауру сезіміне,ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады.Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған.Қарап тексергенде:сол жақтағы шықшыт буыны ісінген,ауыз 2см-ге ауру сезімімен ашылады.Иекке қысым түсіргенде – оң жағындағы шықшыт буынында ауру сезімі пайда болады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагнозға сәйкес келеді.

А)жедел отит

В)шықшыт буынының артрозы

С)+шықшыт буынының жедел артрит

Д) үшкіл нервтің невралгиясы

Е) шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы

 

27.Салыстырмалы диагностика жүргізгенде шықшыт буынының ревматикалық артритінің шықшыт буынының ревматоидты артритінен айырмашылығы төмендегінің барлығы,ТЕК:

А)тыныштық жағдайдағы өздігінен пайда болатын ауру сезімі

В)көбінесе буындардың екеуіде зақымданады

С)ревматикалық шабуылдар ағымымен өтеді

Д)+ауыздың шектеліп ашылуы болмайды

Е)арнайы емсіз де жүреді

 

28.Әйел 45 жаста күз-көктемдегі оң жақ шықшыт буыны аймағындағы ауру сезіміне,ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады.Анамнезінде: созылмалы ортаңғы отиттің өршуі жиі болады.Қазір шықшыт буыны аймағындағы ыңғайсыздыққа шағымданады.Сыртынан қарап тексергенде еш өзгеріс жоқ.Буын аймағына пальпация жасағанда ауру сезімі жоқ,ауыздың ашылуы еркін.Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагнозға сәйкес:

А)шықшыт буынының артрозы

В) +шықшыт буынының созылмалы артриті

С) шықшыт буынының жедел жанасу артриті

Д) шықшыт буынының жедел инфекциялы емес артриті

Е) шықшыт буынының жедел арнайы емес артриті

 

29.Ер адам тыныштық жағдайда сол жақтағы шықшыт буынының ауыратыныны,аузын ашқанда ауру сезімінің күшейетініне шағымданады.Венерологтың амбулаторлық емінен өтеді.Қарап тексергенде:периартикулярлы тіннің ісінуі,буын үстінің қызаруы.Төменде көрсетілген болжамды диагноздың қайсысы сәйкес келеді.

А)шықшыт буынының артрозы

В)шықшыт буынының созылмалы артриті

С) +шықшыт буынының гонореялы артриті

Д) шықшыт буынының жедел инфекциялы емес артриті

Е) шықшыт буынының жедел арнайы емес артриті

 

30. Ер адам тыныштық жағдайда сол жақтағы шықшыт буынының ауыратыныны,аузын ашқанда ауру сезімінің күшейетініне шағымданады.Венерологтың амбулаторлық емінен өтеді.Қарап тексергенде:периартикулярлы тіннің ісінуі,буын үстінің қызаруы.Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы сәйкес келеді.

А)шықшыт буынының артрозы

В) шықшыт буынының некрозы

С) +шықшыт буынының анкилоздануы

Д) шықшыт буынының жедел іріңді артриті

Е) шықшыт буынының жедел некрозды артриті

 

31.Төменде көрсетілгендердің қайсысы шықшыт буынының ауруына сәйкес келеді.Рентгендегі көрінісі: буын басы мен буын төмпешігінің кортикальды пластинкасының эрозиясы немесе склерозы,төменгі жақ буынының деформациясы немесе буын төмпешігінің жалпаюы.

А) +шықшыт буынының артрозы

В) шықшыт буынының анкилозы

С) шықшыт буынының жедел артриті

Д)шықшыт буынының созылмалы артриті

Е) шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы

 

32.Салыстырмалы диагностика жүргізгенде жедел артрит пен орташа отиттің айырмашылығына сәйкес келеді.

А)ауру сезімі

В)қызару

С)ісіну

Д)есту қабілетінің төмендеуі

Е)ауыз ашылуының шектелуі

 

33. Бозбала 20 жаста. Шықшыт буыны мен құлақтың оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады. Волейбол ойнағанда беттің сол бөлігінен доппен соққы тиген. Қарап тексергенде: оң жақ шықшыт буыны ісінген, ауыз 2,0-ге ауру сезімімен ашылады. Иекке қысым түсірсе, оң жақ шықшыт буынында ауру сезімі пайда болады.

Төмендегілердің қайсысы дәрігер тағайындауына сай емес:

A. Буынға тыныштық беру

B. Сақтандырылған диета

C. Буын аймағына УЖЖ

D. Жақсүйекті шинирлеу+

E. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

34. Бозбала С.19 жаста. Шықшыт буыны мен құлақтың оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Ауыз 2,0-ге ауру сезімімен ашылады. Ауыз ашылғанда иек солға жылжиды. Орталық сызық жылжыған.

Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізу керек.

A. Жедел отит

B. Шықшыт буыны артрозы

C. Шықшыт буыны анкилозы

D. Үшкіл нерв невралгиясы

E. Шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы+

35. Әйел П. 40 жаста. Шықшыт буыны мен құлақтың оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Ауыз 2,0-ге ауру сезімімен ашылады. Иекке қысым түсірсе, оң жақ шықшыт буынында ауру сезімі пайда болады.

Науқасты төменде көрсетілген қай маманға жолдаған дұрыс:

A. Терапевт

B. Артролог

C. Ревматолог+

D. Эндокринолог

E. Бет-жақ хирургі

 

36. Ер адам Б. 56 жаста. Шықшыт буыны патологиясы жөнінде тексерілді. Шулер бойынша жасалған рентгенограммада төменгі жақ буын басының деформациясы, буын төмпешігінің жалпайғаны анықталды. Берілген сипаттама шықшыт буынының қай ауруына тән?

A. Шықшыт буыны артрозы+

B. Шықшыт буыны анкилозы

C. Шықшыт буынының жедел артриті

D. Шықшыт буынының созылмалы артриті

E. Шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы

 

37. Әйел 64 жаста. Буын қимылының шектелгеніне,аузын ашқандағы ауру сезіміне шағымданады. Таңертеңгілік буынның тырысып қалуын байқайды. Қарап тексергенде: буын бетіндегі тері өзгеріссіз, пальпацияда ауырмайды, буын екі жағынан симметриялы. Екіншілік адентия. Орталық сызық өзгермеген. Рентгенограммада: буын басы мен төмпешігінң кортикальді пластинкасының эрозиясы анықталды.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагнозға сай:

A. Шықшыт буыны артрозы+

B. Шықшыт буыны анкилозы

C. Шықшыт буынының жедел артриті

D. Шықшыт буынының жарақаттық артриті

E. Шықшыт буынының аурулық дисфункция синдромы

 

38. Әйел 45 жаста, күз-көктемдегі кезеңдік оң жақ шықшыт буыны аймағындағы ауру сезіміне, ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады. Анамнезінде: созылмалы орталық отиттің өршуі жиі қайталанған. Қазір оң жақ шықшыт буыны аймағындағы ыңғайсыздықты байқайды. Сыртқы қарап тексергенде өзгеріс жоқ. Буын аймағына пальпация жасағанда ауырмайды. Ауыздың ашылуы еркін.

Төмендегілердің қайсысымен салыстырмалы диагноз жүргізген дұрыс:

A. Шықшыт буынының артрозы

B. Созылмалы отит

C. Шықшыт буынының фиброзды анкилозы

D. Шықшыт буынының актиномикозды артриті+

E. Ремиссия сатысындағы үшкіл нерв невралгиясы

 

39. Шықшыт буынының жедел артриті деген диагнозбен науқасқа кешенді ем тағайындалған. Төмендегілердің барлығы дұрыс тағайындалған, тек:

A. Сақтандырылған диета

B. Буынға тыныштық

C. Диклофенак

D. Емдік дене шынықтыру+

E. Буын аймағына УЖЖ

40.Әйел П. 40 жаста. Шықшыт буыны мен құлақтың оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде: оң жақ шықшыт буыны ісінген, Ауыз 2,0-ге ауру сезімімен ашылады. Иекке қысым түсірсе, оң жақ шықшыт буынында ауру сезімі пайда болады.

Төмендегілердің бәрі шықшыт буынының жергілікті еміне жатады, тек:

A. Буын аймағына УЖЖ

B. Димексидпен компресс

C. Долобене гелімен ысқылау

D. Буын аймағына құрғақ жылы

E. Шайнау бұлшықеттеріне физикалық жаттығу+

 

41. Әйел П. 40 жаста. Шықшыт буыны мен құлақтың оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, ауыздың ашылуы шектелуіне шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде: оң жақ шықшыт буыны ісінген, Ауыз 2,0-ге ауру сезімімен ашылады. Иекке қысым түсірсе, оң жақ шықшыт буынында ауру сезімі пайда болады.

Төмендегілердің бәрі шықшыт буынының жергілікті еміне жатады, тек:

A. Димексидпен компресс

B. Буын аймағына УЖЖ

C. Долобене гелімен ысқылау

D. Буын аймағына массаж жасау+

E. Буын аймағына құрғақ жылы

 

42. Ер адам сол жақ шықшыт буыны аймағының ауру сезіміне және аузын ашқанда ауру күшейетініне шағымданады. Гонорея ауруымен венерологтың емін қабылдайды. Қарап тексергенде: периартикулярлық тіндердің ісінуі, буын үстінде гиперемия.

Төменде көрсетілгендердің қайсысының кеңесі жөн болып табылады:

A. Артролог

B. Ревматолог

C. Венеролог+

D. Эндокринолог

E. Бет-жақ хирургі

 

44. Бозбала 18 жаста. Сол жақ шықшыт буыны аймағының ауру сезіміне және аузын ашқанда ауру күшейетініне шағымданады. Қарап тексергенде: оң жақ шықшыт буыны ісінген, Ауыз 2,0см-ге ауру сезімімен ашылады. Иекке қысым түсірсе, оң жақ шықшыт буынында ауру сезімі пайда болады.

Дәрігер төмендегілердің қайсысын тағайындаған жөн:

A. Диклофенак

B. Буынға тыныштық

C. Сақтандырылған диета

D. Буын аймағына УЖЖ

E. Шықшыт буыны қуысына гидрокортизрн енгізу+

 

45. Әйел 64 жаста. Буын қимылының шектелгеніне,аузын ашқандағы ауру сезіміне шағымданады. Таңертеңгілік буынның тырысып қалуын байқайды. Қарап тексергенде: буын бетіндегі тері өзгеріссіз, пальпацияда ауырмайды, буын екі жағынан симметриялы. Екіншілік адентия. Орталық сызық өзгермеген. Рентгенограммада: буын басы мен төмпешігінң кортикальді пластинкасының эрозиясы анықталды.

Төмендегі тағайындаулар дұрыс, тек мынадан басқа:

A. Анальгетиктер+

B. Ревматолог кеңесі

C. Тістерді пационалды протездеу

D. Гидрокортизон мазімен фонофорез жүргізу

E. Калий йодиді ерітіндісімен электрофорез жасау

 

Жаттығулар:

1) Альбомға шықшыт буынының құрылысын салу

2) Бір-біріңе ауыздың ашық қалпында, жабық қалпында, төменгі жақ сүйегінің бүйірлік қимылында шықшыт буынына пальпация жасаңыздар

 






ТОП 5 статей:
Экономическая сущность инвестиций - Экономическая сущность инвестиций – долгосрочные вложения экономических ресурсов сроком более 1 года для получения прибыли путем...
Тема: Федеральный закон от 26.07.2006 N 135-ФЗ - На основании изучения ФЗ № 135, дайте максимально короткое определение следующих понятий с указанием статей и пунктов закона...
Сущность, функции и виды управления в телекоммуникациях - Цели достигаются с помощью различных принципов, функций и методов социально-экономического менеджмента...
Схема построения базисных индексов - Индекс (лат. INDEX – указатель, показатель) - относительная величина, показывающая, во сколько раз уровень изучаемого явления...
Тема 11. Международное космическое право - Правовой режим космического пространства и небесных тел. Принципы деятельности государств по исследованию...



©2015- 2024 pdnr.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.