Ионогенді емес эмульгаторлар Ионогенді емес БАЗ – негізінен линименттер мен жағар майлар өндірісінде қолданылады.
1. Крахмал – Amylum. Дәріханалық эмульсияларда крахмал шырыш түрінде қолданылады (Mucіlago Amylі). 10,0 г майды эмульгирлеу үшін 5,0 г шырыш түріндегі крахмал керек. (10 %-тік шырышы дайындалады).
2. Целлюлоза және оның туындылары. Крахмалға ұқсас, целлюлозаның молекулалық тізбектері глюкозаның қалдықтарынан құрастырылған, бірақ олар бұл топтардың кеңістікте орналасумен ерекшелінеді. Гидроксил топтарының барлығына байланысты целлюлозаның этерификациялану қабілеті бар. Соның нәтижесінде түзілген туындылар тұрақтандыру қасиетке ие болады.
- Метилцеллюлоза (МЦ) – әртүрлі дәрежелі этерификацияланған целлюлозаның метил эфирі; суда ериді;
- Карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ) – целлюлоза мен гликоль қышқылының эфирі. КМЦ суда ерімейдіндіктен, оның натрий тұзы (Na-КМЦ) қолданылады. Дәріханалық эмульсия дайындау үшін МЦ және Na-КМЦ 1-2 % ерітіндісі қолданылады.
3. Твиндер, спандар – сорбитанның синтетикалық туындылары. Эмульсияның көлемдік салмағының 5-10 % мөлшерінде қолданылады.
4. Эмульгатор Т-2 - үш-глицериннің диэфирі, балауыз тәрізді, қатты, сары немесе ашық қоңыр түсті май. Эмульсия алу үшін 10,0 г майға 1,5-2,0 г Т-2 эмульгаторын алады.
Майлы эмульсиялардың технологиясы - Emulsa ex oleosіs.Оларды дайындау кезінде келесі ережелерді есте сақтау қажет:
1. Егер жазылымда майдың түрі көрсетілмесе, онда эмульсияны бадам немесе шабдалы майымен дайындайды.
2. Рецептте майдың мөлшері жазылмаса, онда 100,0 г эмульсия дайындау үшін 10,0 г май алады.
3. Майдан эмульсияны келіде эмульгаторды маймен және сумен ысқылай отырып дайындайды.
4. Эмульсия технологиясы 2 сатыдан тұрады: біріншілік эмульсия алу және оны сумен сұйылту.
5. Біріншілік эмульсия алу кезінде оны құрайтын компоненттердің: майдың, эмульгатордың және судың мөлшерлік қатынасын қатаң түрде сақтау қажет. Мысалы, 10,0 г майға 5,0 г желатоза алады. Суды май мен эмульгатор салмағының жартысындай мөлшерде алады. Біріншілік эмульсия дайындаған кезде эмульгатордың мөлшерін оның табиғатына сәйкес таңдайды.
Жиі қолданылатын эмульгаторлар және олардың мөлшері
Эмульгатор
| 100,0 г эмульсияға қажет эмульгатордың мөлшері, г
| Аравия шайыры
| 5,0
| Өрік шайыры
| 3,0
| Желатоза
| 5,0
| Крахмал 10 %-тік шырышы түрінде
| 5,0
| Майсыздандырылмаған құрғақ сүт
| 10,0
| Эмульгатор Т-2
| 1,5-2,0
| Біріншілік эмульсия 3 тәсілімен дайындалады. Ол компоненттерді араластыру кезектілігімен ерекшелінеді:
а) Құрғақ келіде эмульгатор мен майды мұқият ысқылайды, содан соң су қосып, одан әрі сытырлаған дыбыс шыққанша, ысқылайды. Ол біріншілік эмульсияның дайын болғандығын білдіреді. Бірақ біріншілік эмульсияның дайын болғандығын 1 тамшы суды келі қабырғасында тамызған кезде кең із қалдырумен дәлелденеді:
Э + М + С.
б) Эмульгаторды сумен ысқылайды, массаға, араластыра отырып, май қосады. Біріншілік эмульсияға судың қалған мөлшерін қосады:
Э + С + М.
в) Келіде ысқылаған эмульгаторға май мен судың қоспасын қосады, біріншілік эмульсия алынғанша, жылдам ысқылайды, содан соң судың қалған мөлшерін қосады:
Э + (М + С).
Екінші тәсіл оптималды. Аз уақыт ішінде тұрақты эмульсия алынуын қамтамасыз етеді.
Эмульгирлеу кезінде келсап айналым қозғалысы бір бағытта болуы керек. Келсаптың тәртіпсіз қозғалысы эмульгирлеу процессін баяулатады. Ескерту: Э – эмульгатор; М – май; С – су.
Эмульсияға дәрілік заттарды енгізу
Эмульсия құрамына кіретін дәрілік заттар олардың полярлы немесе полярсыз фазаларда ерігіштігіне байланысты енгізіледі.
а) Суда еритін заттарды біріншілік эмульсияны сұйылтуға арналған су бөлігінде ерітеді.
б) Майда еритін дәрілік заттарды (камфора, ментол, анестезин, тимол, майда еритін витаминдер, гормонды препараттар) біріншілік эмульсия дайындар алдында майда ерітіп алады.
Эмульгаторды және біріншілік эмульсияға қажет судың мөлшерін есептеген кезде, майлы фазаның (май + дәрілік зат) салмағының өсетіндігі ескеріледі.
в) Суда да, майда да ерімейтін дәрілік заттар (танальбин, висмут тұздары, мырыш тотығы, магний тотығы және т.б.) дайын эмульсия құрамына майда ұнтақ (суспензия) түрінде енгізіледі.
г) Майда еритіндігіне қарамастан фенилсалицилат, бензонафтол дайын эмульсия құрамына суспензия түрінде енгізіледі. Егер оларды майда ерітсе, антисептикалық әсері төмендейді. Осы екі дәрілік зат гидрофобты болғандықтан оларды тұрақтандыру қажет. Тұрақтандырғыш ретінде желатоза, шайырлар немесе басқа БАЗ қолданылады.
д) Тұндырмалар, шырындар, сұйық экстракттар, спиртті ерітінділер дайын эмульсияға сұйылтылған күйінде қосылады.
е) Егер эмульсия құрамына эфир майлары енсе, онда тұрақты эмульсия алу үшін бірдей немесе екі есе мөлшерде эмульгатор алынады.
Эмульсиялардың сапасын бақылау
Дайындалған эмульсиялардың сапасын басқа да ішуге қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлердің сапасын анықтау көрсеткіштері бойынша бағалайды.
1. Эмульсиялардың термиялық тұрақтылығы.
2. Эмульсиялар – тұрақсыз жүйелер. Қыздырған кезде жеңіл бөлініп кетеді. Егер 500С-қа дейін эмульсияны қыздырған кезде ол бөлінбесе, онда эмульсия тұрақты деп есептелінеді.
3. Тұтқырлығы.
4. Бұл қасиет сырт тәнге қолдануға арналған эмульсияларға маңызды көрсеткіш болып саналады. Оны анықтау үшін арнайы құрал (вискозиметр) қолданылады.
5. 15 000 айн./мин. жылдамдықта центрифугирлеу кезде эмульсиялар бөлінбеуі керек.
6. Біртектілігі.
7. Эмульсиялардың біртектілігін микроскоппен қарап анықтайды.
8. Визуалды (қараусыз көзбен) қарағанда біртекті тұрақты эмульсиялар сүт тәрізді болуы керек.
САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ
Бастапқы білім деңгейін бақылау
Мақсаты: Студенттердің берілген тақырып бойынша дайындық дәрежесін анықтау.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ
Мақсаты:Эмульсияларды дайындаудың тиімді тәсілін таңдай білу, сапасын бағалауды үйрену.
Тапсырма 1.Рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау. Дәрілік түрлерді дайындау.
Тапсырма 3. Әрбір студент рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттауы тиіс:
1. 9о 8. 7о
2. 4о 9. 8о
3. 8 10. 7
4. 11 11. 14
5. 15 12. 6
6. 3 13. 30
7.5о 14. 9
Ескерту: Рецептер нөмірін Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 172-175 беттерінен қараңыз.
СтуденттіҢ оҚытушымен бірлескен жҰмысы
Мақсаты: Студент жұмысын коррекциялау.
Студент үшін қиындық тудырған барлық сұрақтарға оқытушы жауап береді. Студеттер көңілін эмульсиялар технологиясының ерекшеліктеріне аударады.
ҚОРЫТЫНДЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ
Мақсаты:Студенттердіңзерттелген тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырмаларды орындап болған соң, студент хаттаманы оқытушыға тексертеді, орындалған жұмыстар бойынша сұрақтарға және сабақ тақырыбының бақылау сұрақтарына ауызша жауап береді:
1. Дәрілік түр ретінде эмульсияларға МФ Х қандай анықтаулар береді?
2. Дайындау жолдарына және түзілген материалға байланысты эмульсияларды қандай топтарға бөлуге болады?
3. Эмульсия типтері және оларды қалай анықтауға болады?
4. Эмульсияларды майлардан дайындаудың негізгі ережелері қандай?
5. Майлы эмульсияларды дайындау кезіндегі міндетті түрде сақталатын ережелер.
6. Біріншілік эмульсияның дайындығын қалай анықтайды?
7. Эмульсияларды дайындау кезінде қандай майды және қанша көлемде алу қажет, егер ол рецепте көрсетілмесе?
8. Майлардан эмульсия жасау үшін қандай эмульгаторлар қолданылады?
9. Сіздерге белгілі эмульгаторларға салыстырмалы сипаттама беріңіздер?
10. Майлы эмульсияларға әртүрлі дәрілік заттарды қалай қосады?
11. Эмульсияларға фенилсалицилатты, Бензонафтолды қосу.
12. Эмульсияларды сақтау кезінде агрегаттық, кинетикалық, конденсациялық тұрақтылық түрлерінің стабилизация үшін мағынасы қандай?
13. Эмульсияларды жіберуге безендіру.
14. Эмульсиялардың сапасын бағалау.
ҰСЫНылаТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиет:
8. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.1.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2008-592бет.
9. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.2.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2009-792бет.
10. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.
11. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под ред. Кондратьевой Т.С., - М.: Медицина, 1986 г.
12. Государственная фармакопея СССР ХІ издания. В 2-х томах, 1990 г.
13. Государственная фармакопея СССР Х издания, 1968 г.
14. Лекция материалы.
Қосымша:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 Қаулысы "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканыѕ айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
2. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 Қаулысы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы»
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 114 Қаулысы «Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1692 Қаулысы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және "Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
7. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
8. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы. – 2004. – 124 бет.
9. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.
10. Практикум по технологии лекарственных форм - Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.
11. «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой. Москва 2007 г. – 432 с.
12. Полный справочник фармацевта – Москва, Эксмо – 2007 г.
13. Сборник нормативных актов МЗ РК– Астана – 2008 г. – 212 с.
14. Приказы и инструктивные письма, нормирующие деятельность аптечных учреждений и фармацевтических предприятий
САБАҚ N 10
Тақырыбы: «Суспензиялар», «Эмульсиялар» тақырыптары бойынша коллоквиум.
Оқу сағат саны:3 сағат.
Сабақтың мақсаты: Студенттердің «Суспензиялар», «Эмульсиялар» тақырыптары бойынша теориялық білімдерін нығайту.
САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ СҰРАҚТАРЫ:
а) негізгі білім бойынша:
1. Тақырып бойынша латын терминология.
2. Стокс, Пуазейль, Фик заңдарының теңдеулері.
3. Сұйық және қатты фазалардың бөлінуі.
4. Шын ерітінділердің тұтқырлығы. Беттік тартылу.
5. Заттардың реологиялық қасиеттері.
б) сабақ тақырыбы бойынша:
1. Суспензияны дәрілік түр ретінде анықтамасы. Құрамы мен дайындалу әдісіне байланысты жіктелуі. Суспензияның түзілу жағдайлары.
2. Гетерогенді жүйе ретінде суспензия тұрақтылығының түрлері. Суспензия тұрақтылығына әсер ететін факторлар.
3. Гидрофильді және гидрофобты заттардан суспензия дайындау технологияларының ерекшеліктері.
4. В.В. Дерягин ережесі дегеніміз не? Қатты заттарды диспергирлеуде қолданылатын көмекші сұйықтықтардың ролі қандай?
5. Суспензияларды дайындау әдістері.
6. Суспензияларды дайындауда қолданылатын тұрақтандырғыштардың түрлері.
7. Күкірт суспензиясын дайындау ерекшеліктері.
8. Қандай микстуралар жарық шашырататын, лайлы деп аталады. Олардың түзілу жағдайлары.
9. Мүсәтір-анис тамшыларымен микстуралар дайындаудың ерекшеліктері.
10. Құрамына тұтқыр заттар кіретін суспензиялар дайындау.
11. Суспензиялардың сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері.
12. Суспензиялар сақтау барысында қандай өзгерістерге ұшырайды.
13. Дәрілік түр ретінде эмульсияларға МФ Х басылымы қандай анықтаулар береді?
14. Дайындау жолдарына және түзілген материалға байланысты эмульсияларды қандай топтарға бөлуге болады?
15. Эмульсия типтері және оларды қалай анықтауға болады?
16. Тұқымдардан эмульсиялар қалай дайындалады?
17. Тұқымдардан дайындалған эмульсиялардың эмульгаторларының табиғаты қандай?
18. Эмульсияларды майлардан дайындаудың негізгі ережелері қандай?
19. Майлы эмульсияларды дайындау кезіндегі міндетті түрде сақталатын ережелер.
20. Біріншілік эмульсияның дайындығын қалай анықтайды?
21. Эмульсияларды дайындау кезінде қандай майды және қанша көлемде алу қажет, егер ол рецепте көрсетілмесе?
22. Майлардан эмульсия жасау үшін қандай эмульгаторлар қолданылады?
23. Майлы эмульсияларға әртүрлі дәрілік заттарды қалай қосады?
24. Эмульсияларды сақтау кезінде агрегаттық, кинетикалық, конденсациялық тұрақтылық түрлерінің стабилизация үшін мағынасы қандай?
25. Эмульсияларды жіберуге безендіру.
26. Эмульсиялардың сапасын бағалау.
ҰСЫНылаТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиет:
1. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.1.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2008-592бет.
2. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.2.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2009-792бет.
3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.
4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под ред. Кондратьевой Т.С., - М.: Медицина, 1986 г.
5. Государственная фармакопея СССР ХІ издания. В 2-х томах, 1990 г.
6. Государственная фармакопея СССР Х издания, 1968 г.
7. Лекция материалы.
Қосымша:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 Қаулысы "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканыѕ айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
2. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 Қаулысы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы»
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 114 Қаулысы «Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1692 Қаулысы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және "Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
7. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
8. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы. – 2004. – 124 бет.
9. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.
10. Практикум по технологии лекарственных форм - Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.
11. «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой. Москва 2007 г. – 432 с.
12. Полный справочник фармацевта – Москва, Эксмо – 2007 г.
13. Сборник нормативных актов МЗ РК– Астана – 2008 г. – 212 с.
14. Приказы и инструктивные письма, нормирующие деятельность аптечных учреждений и фармацевтических предприятий
САБАҚ N 11
Тақырыбы:Дәрілік өсімдік шикізаттарынан алынған сулы сірінділер. Қондырғылар. Сулы сірінділер технологиясының сатылары.
Оқу сағат саны:3 сағат.
Тақырып өзектілігі:Тұнбалар мен қайнатпалар - дайындау үшін күрделі аппаратура мен қымбат экстрагенттерді талап етпейтін қарапайым сірінділер. Биофармацевтикалық тұрғыдан қарағанда сулы сірінділер дәрілік заттардың жақсы тиімділігін қамтамасыз етеді. Басқа дәрілік түрлермен салыстырғанда олардың әсері жұмсақ, улы, жанама әсерлер көрсетпейді, сондықтан сулы сірінділер технологиясын оқып үйрену фармацевтің іс-тәжірибелік қызметі үшін маңызды болып табылады.
Сабақтың мақсаты:Экстракциялау процессі және оған әсер ететін факторларды білу керек.
Студент білуге тиіс:
- дәрілік өсімдік шикізатын экстракциялаудың теориялық негіздерін (өсімдік шикізаттының түрін, шикізаттың анатомиялық және морфологиялық ерекшеліктерін, әсер етуші және ілеспелі заттардың физика-химиялық қасиеттерін);
- экстракциялаудың эффективтілігіне әсер тететін факторларды (шикізаттың майдалану дәрежесі, экстраген пен шикізаттың қатынасы, экстракциялау тәртібі, концентрация ацырмасы);
- дәріханада сулы сірінділер дайындау үшін қолданылатын қондырғыларды эксплуатациялау;
- әсер етуші заттарды сірінділеу механизмі.
Студент істей алуға тиіс:
- шикізатты экстаркциялау үшін дайындау;
- дәрілік өсімдік шикізатының табиғатын ескеріп сулы сіріндінің оптимальды технологиясын дәйектеуді;
- сулы сірінділер дайындау үшін қолданылатын қондырғылармен жұмыс істеуді.
САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ СҰРАҚТАРЫ:
а) негізгі білім бойынша:
1. Тақырып бойынша латын терминология.
2. Өсімдік шикізатының химиялық құрамы және құрылыстық-механикалық қасиеттері.
3. Экстракциялаудың теориялық негіздері, молекулалық және конвективтік диффузия.
4. Фик заңы, Эйнштейн теңдеуі.
5. Клетка биофизикасы, өсімдік клеткасының құрылысы.
б) сабақ тақырыбы бойынша:
1. Сулы сірінділер дәрілік түр ретінде. Сипаттамасы. Жіктелуі.
2. Экстракциялаудың эффективтілігіне әсер тететін факторлар.
3. Өсімдік шикізатын сумен экстракциялау механизмі.
4. Сулы сірінділер дайындау үшін қолданылатын қондырғылар.
АҚПАРАТТЫҚ–ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Дәрілік заттардың ең ірі көзі - өсімдіктер болап табылады. Қазіргі кезде олардан жеке түрде табиғи биологиялық белсенді заттар (ББЗ) – алкалоидтар, витаминдер, сонымен қатар жаңа галенді препараттар алынады.
Дәрілік өсімдіктердің және олардан алынатын фитопрепараттардың синтетикалық препараттарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Олардың құрамында ББЗ-дың комплексі болады; ағзаға жұмсақ әсер етеді; қолданған кезде жанама әсер көрсетуі сирек және экономикалық тиімді.
Өсімдіктерді, препараттарды алу кезінде, экстрактивті заттармен бірге көптеген балласты заттар да сірінділенеді. Дәріханада әдетте өсімдік шикі-затынан тек қана сулы сірінділер – қайнатпа мен тұнбалар дайындалады.
Қайнатпа мен тұнбалар деп дәрілік өсімдіктерден әртүрлі бөліктерінен ex tempore алынған сулы сірінділерін атайды. Олар ең қарапайым сірінділер болып табылады, себебі күрделі құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жеткіліксіз (дефицитті) экстрагенттердің қолдануын талап етпейді.
ССРО МФ ХІ басылымында өсімдік шикізатынан сулы сірінділерді дайындау, сапасын бағалау және оларға сипаттама берілген. Сонымен қатар, құрғақ және сұйық экстракт-концентраттардың сулы ерітінділерін қолданылуы регламенттелген.
Сулы сірінділер өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр экстемпоралды рецептураның 10-15 % құрайды. Оның көне дәрілік түр екендігіне қарамастан, сулы сірінділер қазіргі кезге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Алу жолына және шикізат құрамына байланысты сулы сірінділер келесі түрлерге бөлінеді:
- тұнбалар - Іnfusa;
- қайнатпалар - Decocta;
- шырыштар - Mucіlagіnіs.
Тұнбаларды өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен – гүлінен, шөбінен, жапырағынан алады.
Қайнатпалар өсімдіктердің қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамыршаларынан дайындалады.
Шырыштар – алтей (жалбызтікен) тамырынан, зығыр тұқымдарынан, салеп тамыр түйінінен алынады.
Барлық дәрілік түрлер секілді тұнбалар мен қайнатпалардың артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Сулы сірінділердің артықшылықтары:
1. Технологиясының қарапайымдығы.
2. Бастапқы шикізат пен экстрагенттің арзандылығы.
3. Әсер етуші заттардың комплексті құрамы.
4. Жұмсақ, кейде ұзақ емдік әсері.
Сулы сірінділердің кемшіліктері:
1. Сулы сірінділердің тұрақсыздығы (химиялық және микробтық).
2. Өсімдік шикізатының стандартты еместігі.
Химиялық жағынан тұрақсыздығы – заттар ерітіндіде химиялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін: гидролиз, тотығу-тотықсыздану реакциялары арқылы. Ыдырау процессі температура жоғарлаған кезде 2-3 есе тез жүреді.
Микробиологиялық жағынан тұрақсыздығы – зең және ашытқы саңырау-құлақтарының әсерінен тез бұзылады, себебі микроорганизмдер ферментативтік процестерді жылдамдатады, осы процестердің активтілігі температураға тәуелді.
Сулы сірінділердің қолданылуы
Өздері жеке және басқа да ішуге қолданылатын (микстуралар), сыртқа қолданылатын (шаюға, басуға арналған ерітінділер) дәрілік түрлермен бірге пайдаланылады.
Тұнбалар және қайнатпалар құрамыбойынша:
- күрделі;
- қарапайым;
физико-химиялық табиғаты бойынша:
- төмен молекулалық заттар (алкалоидтар, қышқылдар) ерітінділері;
- ЖМҚ ерітінділері (ақ уыздар, пектиндер) ерітінділері;
- суспендирленген заттар ерітінділері;
- эмульгирленген заттар (эфир майлар, өсімдік майлар) ерітінділері күйінде болады.
Өсімдік шикізатынан әсер етуші заттарды сірінділеу механизмі
“Сірінділеу” сөзі латынның “Extractіo” сөзінен шыққан, ол сығындап алу, сірінділеу, тұндыру деген мағына береді.
Сірінді мағынасы
¯ ¯
Процесті және өнімді білдіреді
Сірінділеу өнімін алу үшін экстрагент және шикізат керек. Тұнбалар мен қайнатпалар үшін сірінділеуші агент ретінде тазартылған су қолданылады, - бірінші өнім.
Судың экстрагент, яғни сірінділеуші агент ретінде артықшылықтары:
1. Көптеген әсер етуші заттарды жақсы сірінділейді (алкалоидтардан басқа);
2. Фармакологиялық индифферентті;
3. Биологиялық қауіпсіз;
4. Жоғары диффузиялық қабілетке ие;
5. Жоғары десорбциялық қабілетке ие;
6. Арзан, тиімді.
Кемшіліктері:
1. Биологиялық заттар гидролизге ұшырауы мүмкін (ферменттердің қатысында);
2. Микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта.
Екінші өнім – шикізат. Ол – құрылысы клеткалы кептірілген және майдаланған өсімдік бөліктері. Клеткалық қабырғасының жағдайына байланысты. Тірі клетка кептірілген клеткадан ерекшелінеді.
Тірі өсімдік клеткасында үлкен немесе аз мөлшерде протоплазма қабаты бар. Ол таса ролін атқарады. Клетка ішіндегі сұйықтықты (сөлді) оның сыртындағы сұйықтықтан бөліп тұрады. Тірі протоплазмасы бар клетка жартылай өткізгіш қабат болып саналады, ерітіндіні сыртқа өткізбейді. Мысалы, жаңа қазып алынған мия тамыры өте тәтті дәмді. Егер оны суық суға салса, тәтті дәмі суға өтпейді. Су тек клетка ішіне енуі мүмкін.
Кептірілген өсімдіктің өлі клеткасының жартылай өткізгіштік қасиеті жоқ және қуыстар, яғни ультрапоралар пайда болып, осы арқылы диализ жүреді.
Сірінділеу процессі келесі сатыларда жүреді:
1. Жібіту;
2. Біріншілік сөлдің түзілуі;
3. Масса алмасу процессі.
Бірінші сатыда - өсімдік шикізатының сумен шылануы және судың клеткаға енуі жүреді. Өсімдік материалда гидрофильді заттардың көп болғандығынан, ол сумен жақсы шыланады. Капиллярлы күштердің әсерінен су өсімдік шикізатымен сіңіріленеді, клетка аралық кеңістікті толтырып, клетка қабырғасындағы саңылаулар арқылы оған енеді. Судың клеткаға енуі эндоосмос деп аталады, яғни судың саңылаулы таса арқылы өтуі. Өсімдік клеткасына судың енуімен бірінші саты аяқталады.
Екінші сатыда біріншілік сөл түзіледі. Клеткадағы су алдымен диффузияға қабілеті жоғары төменгі молекулалық заттарды (қышқылдар, алкалоидтар, гликозидтер) еріте бастайды. Клетка ішінде кейбір заттар бір-бірімен адсорбциялық байланысқан, сондықтан судың десорбциялау қабілеті болуы керек. Содан соң ЖМҚ, коллоидтар ери бастайды. Клетка ішінде жоғары осмостық қысым тудыратын концентрлі ерітінді түзіледі. Оны біріншілік сөл деп атайды.
Үшінші сатыда - масса алмасу процессі жүреді. Ол сырттағы еріткіш пен клетка ішіндегі зат ерітіндісі арасындағы концентрацияларының айырмашылығына негізделген. Клетка ішінде осмостық қысымы жоғары концентрленген ерітінді түзіледі, ол сөлдің қуысты таса арқылы еріткішке концентрациялары теңескенше жылжуына мүмкіндік жасайды, яғни тепе-теңдік орнағанша. Бұл сірінділеу процессінің соңы. Сонда заттар концентрациялар айырмашылығы – сірінділеудің қозғалыс күші болып табылады.
Негізінен, диффузияның екі түрі болады:
а) молекулалық диффузия;
б) конвективтік диффузия.
а) Молекулалық диффузия – молекулалардың ретсіз қозғалысынан және бөлшектердің кинетикалық энергия қорына байланысты жүретін процесс. Бұл процесті 1855 жылы Швейцария ғалымы Фик сипаттап, түсіндіріп берді. Ал іс жүзінде 1896 жылы Щукарев зерттеді. Ол мына математикалық теңдеуімен көрсетіледі:
мұндағы:
S - диффузияланған зат мөлшері, кг;
(С – с) – концентрациялар айырмашылығы, кг/м3;
F - фаза аралық бет, м2;
t - диффузия уақыты, с;
x - диффузия өтетін қабат қалындығы, м;
D - молекулалық диффузия коэффициенті, ол 1 секунд ішінде, 1 м2
бет арқылы, 1 м қабат қалындығынан өткен және кг/м3
концентрация айырмашылығы бар, кг зат мөлшерін көрсетеді.
Фик, Щукарев бойынша, диффузияланған зат мөлшері концентрациялар айырмашылығына, процесс ұзақтылығына тура пропорционалды, ал диффузия өтетін қабат қалындығына кері пропорционалды.
б) Конвективтік диффузия – сұйықтықтың алмасу себебінің нәти-жесіндегі заттардың тасымалдануы (температураның өзгеруі, араластыру, шайқау). Конвекция - қозғалмалы ортаның бір орнынан массаны екінші орынға сырттан күш беру арқылы тасмалдануы. Диффузияның бұл түрі біріншіге қарағанда жылдам жүреді.
Сонымен, өсімдік шикізатынан әсер етуші заттардың сірінділенуі – диффузия, десорбция, еріту, диализ, бұзылған клеткаларда шайылып шығу нәтижесінде жүреді. Бұл процестер өздігінен және бір мезетте жүретін құбылыс болып табылады.
Сірінділеудің толықтығына және жылдамдығына әсер ететін факторлар
1. Шикізаттың стандарттылығы;
2. Шикізаттың майдалану дәрежесі;
3. Шикізат және экстрагент мөлшерлерінің қатынасы;
4. Экстракция кинетикасы;
5. Өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттардың және ілеспелі заттардың физико-химиялық табиғаты;
6. Сулы сірінділерді дайындауға қажет құрал жабдықтар.
1. Өсімдік шикізатының стандарттылығы
Сулы сірінділердің құрамы және концентрациясы, ағзаға әсер ету механизмі және күші ең алдымен бастапқы шикізатқа және ондағы әсер етуші заттарға байланысты болады. Әсер етуші заттардың мөлшері өсімдік материалдарына, өсімдік өскен жеріне, өсу жағдайына, жинау уақытына, кептіру тәртібіне және басқа да себептерге байланысты болады. Сондықтан өсімдік шикізатының стандарттылығының маңызы зор. Стандартты шикізат деп нормативті техникалық құжаттардың (НТҚ) талаптарына сәйкес келетін шикізатты айтады.
Сулы сіріндіні дайындауға тек стандартты немесе жоғары кондициялы шикізат қолданылуы керек.
Қоймаға түсетін өсімдік материалдары, құрамындағы әсер етуші заттың мөлшері көрсетілген, аналитикалық паспортпен жабдықталуы керек. Ол көрсеткіштер процентпен (алкалоидтар) немесе биологиялық бірлік әсер бірлік (БЭБ) санымен (гликозидтер үшін) көрсетіледі. Дәріханаға түсетін өсімдік материалдары да этикеткамен жабдықталуы керек. Әсер етуші заттардың белсенділігі жоғары болған өсімдік шикізатын қолданғанда, оны аз мөлшерде алу керек. Қажетті шикізат мөлшерін төмендегі теңдеу бойынша есептейді:
; мұндағы
Х – белсенділігі жоғары өсімдік шикізат мөлшері;
А – жазылымда жазылған стандартты дәрілік өсімдік шикізат мөлшері;
С– әсер бірлігімен немесе процентпен берілген белсенді заттардың нағыз мөлшері;
В – 1 г шикізаттағы әсер етуші заттардың сатандартты құрамы.
Мысалы:
Rp.: Іnfusі Folіorum Dіgіtalіs ex 0,5 – 200 ml
Da. Sіgna. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
ССРО МФ ХІ басылымы бойынша әсер етуші зат белсенділігі 50-66 БӘБ.
Паспорт бойынша әсер етуші зат белсенділігі 70 БӘБ. Сондықтан, өсімдік шикізатын келесі мөлшерде алу керек:
г
Стандартқа сай келмейтін әсер етуші заттардың мөлшері төмен болған шикізатты сулы сірінділерді дайындау үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
2. Шикізаттың майдалану дәрежесі
|